Газетные статьи

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Атыраудағы 14-15 наурызда өткен ІІІ Құрылтай жоғары деңгейде өтті. Сіздің кешенді баяндамаңызда көтерілген көптеген өзекті мәселелер қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы орайда, маған сенім білдіріп, ұсыныстарымды жеткізуге мүмкіндік  бергеніңізге сізге ризашылығымды білдіремін.

 Өзіңіз ұсынған келесі құрылтайды Көкшетау өңірінде өткізу ойыңыз да  өте орынды, әрі қуанышты жағдай. Абылайханды таққа отырғызған Ордасы орналасқан өңірде келесі құрылтайды өткізу – үлкен саяси мәртебе және бұл халықаралық деңгейде маңызды.

 Сонымен қатар, сіздің басшылығыңызбен өтіп келе жатқан құрылтайлар өз мақсаттарына жетуде нақты істердің ұйытқысы болуда. Сол себепті, ендігі өтетін    IV Ұлттық Құрылтайды ауқымды тақырып пен бағыттарға негіздесек деген ұсынысым бар. Мысалы, жоба ретінде құрылтай тақырыбын «АБЫЛАЙХАН мен АБАЙДАН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ДЕЙІН» – деп атасақ және мұнда 3 мегажобаны қарастырсақ:

 І. Абылайхан және мемлекеттің құрылымын нығайту;

ІІ. Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру;

ІІІ. Қазақстанды үдемелі дамыту.

 Кейінгі екі жобаға байланысты өз пікірімді білдірсем. Қазақстанды ізгілендіруге Хакім Абайдың  «Толық адам ілімінің» жол картасын дайындап, өркениетке жаңаша бет бұруымызға себі тиер механизмді іске қосу – уақыт күттірмейтін іс. Осы екі мегажобаның негізі – еліміздің болашағы үшін жасалатын сәтті қадам, әрі ұлттық идеологияны санаға сіңірудің ең тиімді жолы.

І. Абылайхан және мемлекеттің құрылымын нығайту.

Қысқаша ойым.

Абылайханнан бастап,  жалпы Қазақ елінде  басқарған хан-сұлтандардың көптеген істеріне шолу болса, олардың сол сәтте және бүгінде өміршеңдігін жоғалтпаған еңбектері зерделенсе. Енді бұл тарихшылар мен саясаткерлер ісі. Әрине, қазір заман басқа, бірақ сол замндағы ел басқаруда мәселен тиімді элементтерді алу мүмкіндігін қарау ұсынылады (Жеті Жарғының баптары, билер кеңесі және т.с.с.).

Өзіңіздің бастамаңызбен, бүгінде Қазақстанда саяси реформалар белсенді жүруде.

Әділетті Қазақстан құру жолында бүгінгі таңда ел басқару, жер басқару мәселесін қайта қарауға қатысты жаңа шешімдер қабылдануда. Соның бірі – ауыл, қала әкімдерін халық сайлау мүмкіндігі бар.

Алайда, ел басқару ісіне араласамын деген әлеуетті үміткерлер қолданыстағы «Сайлау туралы Заң» құжатының талаптарынан сүрініп, әділетсіздіктер орын алу ықтималдығы басым. Қашанда кадр бәрін шешеді. Абылай хан тұсында билер кеңесі, жер-жерлерде ақсақалдар кеңесіне де лайықты ықпалды, ілімді-білімді нар тұлғалар енген. Ал бүгінгі Қоғамдық кеңестер мен қоғамдық жиындар сол өңірдегі мәслихаттардың көшірмесі болып, шын тәуелсіздігі төмен, көлеңкесінде қалып отыр. Осы ретте, кадр мәселесін жергілікті өзін-өзі басқару заңнамаларынан бұрын, сайлау туралы заңының қағидаларын қайта қарау қажет.

ІІ.  Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру.

Алдымен, Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін бала-бақша, мектептегі баладан бастап, бәріміз арифметиканың көбейту кестесіндей білуіміз керек. Баланы жастан демекші «төрт-бес жастан кейін балаға үйрету кеш» болады.  Сондықтан біз Абай ілімін төменнен бастап ұлттық идеологияға сыналап енгізуіміз керек.

Қысқаша айтсам, Абайдың «Толық адам» ілімі дегеніміз – ол дүниенің көрінген сыры мен көрінбеген сырын ашып, оған толық дендей алғанда және оларды қазіргі өмірмен байланыстырғанда ғана өз тиімділігін береді.

Дүниенің көрінген сыры дегеніміз, ол материалды сала, бай-қуатты болу, қазіргі экономикалық өмір.

Ал көрінбеген сыры – ол адамның рухани, жан-дүниесі, ішкі құндылықтары, болмысы, тазалығы, жүрек сыры, санасының тереңдігі, керек болса моралі. Осы жағына келгенде ақсап жатырмыз. Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін ұстансақ, бұлай болмас еді!

Бізге, заңсыз кеткен ақшаны қайтаруға болар. Мен экономист ретінде айтсам,  ол да оңай іс емес, егер шетелмен байланысты болса. Ал халықты ізгілендіру, сананы ояту, адамды дұрыс жолға салу, Абай айтпақшы қызармайтын, ұялмайтын ізгілікті жолға салу қиынның қиыны. Бұған жылдар керек болуы да мүмкін. Соны бүгін бастамасақ, кеш қаламыз!

Қазір өзі қай мәселеге ұрынсақ та, санаға келіп тірелеміз, ары қарай жылжу жоқ. Сананы өзгерт, өзің өзгер деген уақыт талабы болып тұр.

Ендеше әділетті Қазақстан құруға, арды ойлайтын уақыт жетті! Сіз  айтпақшы АДАЛ АДАМНЫҢ, АДАЛ АЗАМАТТЫҢ ТІРЛІГІН ЖАСАУ КЕРЕК.

Біздің мемлекетімізде ғалым-жазушы, зиялылардың қатысуымен «ХАКІМ АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫН» жасау керек. Барлық оқу орындарында Абайдың толық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғам өмірін ізгілендіре аламыз, өркениетке жаңаша бет бұрамыз.

Қазақ тілінің негізін қалаушы Ахмет Байтурсынұлының «Исі қазақ Абайды білуі тиіс» – деген сөзін нақты іске асыру керек. Біздің міндетіміз – Абайдың «толық адам» іліміне терең бойлау.

ҚР Президентінің Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласын негізге алып Абайдың жол картасының аясында:

1-ші. М.Мырзахметовтың көп жыл жасаған «Абайтану әліппесін» мектептерге дәріс ретінде кіргізу керек!

2-ші.  «Абайтану» пәнін ЖОО-да оқыту міндеттелуі керек!

3-ші. Абай ілімін қызметкерлерге насихаттау, мекемелерде Абай кабинеттерін ашу қажет.

4-ші. Күнде таңертең денешынықтырудан кейін барлық жұмыс орындарында сағат 9:00 «Абайтану» хабары (пятиминуткасы) болса, радио, ТВ қызмет етсе мынау отырған орнымыздан Абайға қарай жақындар едік, жұмысқа да кешікпес едік. Абай оқулары халқымызға дендер еді.

5-ші. Абайдың жол картасы аясында оның толық адамы етіп С.Зиманов, Г.Бельгер т.б. ғұламаларды жастарға ұғындыру керек.

6-шы.  Осылардың жиынтығы ретінде  Қазақстанды ізгілендіруде«ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ»жобасын қолға алу керек. Бұл  елдің болашағы үшін  өте маңызды мәселені шешудегі орталықтандырылған іс-шаралар кешені.

Ұлттық идеологияны санаға сіңіру деген сол болар еді. Әйтпесе бүкіл халық «Абай өзіміздікі ғой, қара сөзін баяғыда оқыдық қой» деп жайбасарлықпен жүре береміз. Сана қалып барады. Тоқ етері, Абай ілімі санамызға «стандарт» болып, «қалып» ретінде бойға сіңсе, қоғам алға жылжыр еді. Абай ілімін игерген жас қазақ өзін де, елін де бақытты етеді. Бұл ана тіліне серпіліс беру деген сөз.

Ежелден келе жатқан шығыстың мораль философиясына қарсы қоятын батыс өркениетінде жаңа ПАРАДИГМА ТУҒАН ЖОҚ. Біз үшін Ұлы Абайдың  толық адам ілімін игеру – МОРАЛҒА оралу деген сөз. Ұлы Абай ілімі Қазақстанның РУХАНИ  БРЕНДІНЕ айналу керек. Осыған барсақ біз алда боламыз!

  ІІІ. Қазақстанды үдемелі дамыту.

Үшінші идея. Абайды қанша оқығанмен, егер халық аш-жалаңаш болса, толық адам бола алмайсың. Сол үшін ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРДЫ әзірлеу туралы ойымды қысқаша айтайын. 

Халық арасында, әртүрлі деңгейде, барлық салада тәжірибелі азаматтар көп, кәсіби мамандар қоғам белсенділері, ғалымдар, зиялы қауым, бизнес саласында да ой-жобалар жетерлік. Жалпы халық ұсыныстары деген орталықтандырылған ашық «ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА» құрып, Республикадағы барлық идеялар мен ұсыныстарды осы Құрылтай аясында жинайық.

Әр жобаға орта есеппен 3 млн.$ бөлінсе. Сонда 1000 жобаға барлығы 3 млрд.$ кетеді екен. Қаражатты алу жолдары жетерлік: елге қайтару қоры, коррупциямен күрестен түскен қаржылар т.б. Біз ЭКСПОҒА да 3 млрд. долларды тастадық қой.

Сізбен кездесудегі ұсынған 6 аймақты өз басымдалықтарымен мамандандыруға көшіріп (бірі, қайта өңдеу, екіншісі, азық- түлік, басқасы рухани, кәсіби, финанс, бизнес, индустрия, технология аймақтары, тб). Әр аймақта приоритеттерін анықтап, 1000 жобаны осылардың аясында, бағытты мақсаттарға икемдеп іске асырсақ. Бұл жобалар 1-2-3 жылда өз жемісін бере бастайды. Ары қарай жаңа жобалар жалғасады да, «мультипликативный» тиімділігі арта береді. Экономика тез дамыр еді.

Бұл 1000 жобаның мақсаты – халықты жұмыспен қамту, Сіздің айтқан ЖІӨ-ді 2 есеге өсіру. Бұл жоба тікелей Президенттің «патронажында» болса. Уақытысында Миттеран да Париждің бүкіл сәулетін өз патронажында ұстаған.

КСРО кезеңінде жалпы территориялық аймақтарда өндірістік күштерді орналастыру Институты жұмыс істейтін. Ірі жобаларға экспертиза жасап, басымдылығына, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен жоспарлап шешім қабылданатын. Бүгінде мұндай институт жоқтығына байланысты, әр өңір, аймақ өз дегенін жасап келді. Кейбір өндіріс орындары лента қиылып ресми ашылады да, кейін артынша жабылып қалады. Осы ұйымдардың қызметіне жәрдем болатын, Ұлттық Қүрылтайдың эгидасы аясында 1000 жобада қамтылған мәселелерді шешу қажет. Сол себепті, Қазақстанда ДАМУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК КҮШТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ИНСТИТУТЫН құру керек.

Ең маңыздысы бұл жобаларды  халықтың өзі ұсынатындығында   болып отыр. Алда не болса да, нәтижесін халық пен билік бірге көреді. Бірге жауапты. Халықтың сеніміне кіру тетігі осы.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жоғарыда ұсынылған 2 ЖОБАНЫ қолдауыңызды өтінемін!

««Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру» жобасын іске қосуға дайындықты жедел түрде бастап, келесі IV Құрылтайға дейін «Қазақстанды ізгілендірудегі «ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫН» бір жыл аясында құрып, IV құрылтайда шымылдығын ашып, тұсаукесерін жасасаңыз – үлкен саяси  халықаралық мәні бар нақты дұрыс шешім болар еді.

 Резиденцияның штаб-квартирасы Бурабайда орналасуы дұрыс болар. Жобаның  жетістігі ретінде қоғамды ізгілендірудегі Абайдың «Толық адам» ілімін игерудің толыққанды жақсы нәтижесіне, әрі экономиканы дамытуға серпін беруіне қол жеткізуге болатынына сенімдіміз. Жобаның өміршең болуы қоғамды оятуда адам санасына сапалы іс-әрекет арқылы әсер ете алуымен байланысты.

 «ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1000 ЖОБАСЫНЫҢ» тетіктері қосымшада берілді.

Құрметпен

Қазақстан Ғалымдар одағының  президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

Академик                                                                                            Оразалы Сәбден

20 наурыз 2024 жыл

ПРОЕКТ №1

«ҚАЗАҚСТАНДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» ЖОБАСЫ

Мақсаты:  Қазақстан қоғамын ізгілендіруді  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің негізінде жүзеге асыратын халықаралық резиденциясын ашып, 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын бағдарламаны іске қосу
Міндеттері:
1Хакім Абайдың «Толық адам» ілімінің жол картасы негізінде қоғамдағы адам өмірін ізгілендіруге бірден –бір таптырмас құрал бола алатын ішкі дүниеге де , сыртқы дүниеге де жыл бойына үздіксіз жұмыс жасайтын  «Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының»  бағдарламасын дайындап, іске қосатын  жұмысшы тобын құру  Барлық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізуге нақты қаржысы қарастырылады.  Резиденция қонақ үйі ретінде сатып алуға ұсыныс – Шучье 5, Бурабай, Ақмола облысы,          (1150 м2 – 40 сот) 1 жылдық резиденция коммуналдық шығындары
2Иісі қазақтың Абайды танып білуін қамтамасыз ету, «Толық адам іліміне» бойлауын нақты іске асыру міндетіне орай, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  РЕЗИДЕНЦИЯНЫҢ 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын бағдарламасындағы іс-шараларды өткізудің ережелерінің  толық нұсқаулықтарын дайындауды жобаның жұмысшы тобына тапсыру;Нақты қаржысы қарастырылады.
3«Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының» бірнеше корпустан тұратын құрылысын жүргізу –  конференц залы, оқу залы,  200 орындық лекция- кино залы, жеке студиялары, 500 орындық қонақүйі, 24 сағат ашық тұратын заманауи дизайнмен салынған кітапхана, фитнес залы, ұлттық, еуропалық, шығыс мәзірі  қамтылған кафе- рестораны, және т.б.Нақты қаржысы қарастырылады.
4« Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының» жобасын іске қосу барысында кәсіпкерлік орта топты қалыптастыруға себін тигізуНақты қаржысы қарастырылады.
5Шығыстық морал философиясына арналған Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абайдың дүниетанымын  бірге таныстыруды ұштастыра отырып, «Қазақстанды ізгілендірудегі  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің  халықаралық резиденциясын ашу»  идеясына орай халықаралық конференциялар, форумдар ұйымдастыру, дөңгелек үстелдер өткізу,Нақты қаржысы қарастырылады.
6«Қазақстанды ізгілендірудегі Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің халықаралық резиденциясы» ұсынысымен жалпы халықтық сипатта  және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын, жүлделі конкурс, форум, фестиваль концепцияларын   дайындайтын жұмысшы тобын құру  Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың Нақты қаржысы қарастырылады.
72024-2029 жылдар бағдарламасы бойынша бекітілген жобаларды( жүлделі конкурс, форум, фестиваль)  әр ағымдағы жылы іске асыруға, мемлекеттік қолдаумен, меценаттар демеушілігімен (ұлттық холдингтер, шетелдік холдингтер) қаржы тартуНақты қаржысы қарастырылады.
8ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  РЕЗИДЕНЦИЯ территориясында АБАЙТАНУ МУЗЕЙ үйінің ғимаратын тұрғызу.Нақты қаржысы қарастырылады.
9ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 1000 орындық концерт залының ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
10ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 500 орындық  ұлттық театр ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
11ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында қазақ тарихынан сыр шертетін, әрі ұлттығымызды сақтап қалуға жанын қиған тарихи тұлғаларды ұлықтайтын үлкен ескерткіштердің мемориалды комплексін тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
12ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 50,000 орындық заманауи стадион ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
13ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА және басқа да  жоғары дәрежелі халықаралық іс шараларға қатысуға  басқа мемлекеттердің президенттерін шақыру.  Нақты қаржысы қарастырылады.  
14Отандық қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға шығармашылық бағытта толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын бай кітапхана қоры бар  халықаралық резиденция қонақүйінде тұруға 1 айдан  12 айға дейінгі кезең аралығында айына 20  адамды қамтитын толық грант ұсыну;  Толық грант – жатын орны+ фитнес + тамағы 3 мезгіл 1 адам 1 күн(3аек) =11, 076тг 30/31 күн =332 280 тг                        343 356тг 20 адам 1 күн =221 520 тг 30/31 күн = 6, 645 600 тг                    6, 867 120 тг 365 күн = 80, 854 800тг
15Халықаралық резиденцияның қонақүйінде тұратын отандық қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға айлық стипендия тағайындау; Ел ішіндегі жолсапар  шығындары нақты қарастырылады. Аударма шығындары нақты қарастырылады. Баспа шығындары нақты қарастырылады. Насихаттау жұмысын қолға алу бойынша нақты қаржы қарастырылады.1 адам бір айға (10/20 км)–  434 070тг/868 140 тг 20 адам бір айға – 8,681 400 тг                 17, 362 800 тг 20 адам 12 ай= 104, 176 800 тг               208, 353 600 тг  
16Абайтанушы шетелдік ғалымдарға, Абай поэзиясы мен қара сөздерінің аудармашыларына  Абай әлемін жаңаша тануына 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарламасымен жұмыс істеу нұсқаулықтарының ережелерімен таныстырып, бағыт беру;Нақты қаржысы қарастырылады.
17Шетелдік ғалымдарға, зерттеушілерге, философтарға, аудармашыларға халықаралық  резиденция қонақүйінде тұруға әр айда 1 адамнан, бір жылда 12 адамды қамтитын  толық грант бөлу; Жолсапар  шығындары нақты қарастырылады. Аударма шығындары нақты қарастырылады. Зерттеу еңбектері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды қолға алуТолық грант – жатын орны+ фитнес+тамағы 3 мезгіл 1 адам 1 күн (3аек) =11, 076тг 30/31 күн =332 280 тг                       343 356тг 12 адам 1 ай/ 30/31 күн = 3, 987 360 тг                   4, 120 272 тг
18Резиденцияда тұратын  шетелдік қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға айлық стипендия тағайындау;1 адам бір айға (10/20 км)–  434 070тг/868 140 тг 12 адам 1 ай – 5, 208 840 тг                 10, 417 680 тг
19Отандық ғалымдар, зерттеушілер, қаламгерлер, философтар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер қайраткерлері, қала және ауылдық елді мекендерде тұратын зиялы қауым, және білімді, дарынды жастардан тұратын делегацияны «Қазақстанды ізгілендірудегі  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің халықаралық резиденциясы» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын халықаралық резиденциясын таныстыру, насихаттау мақсатына орай  жоғары дәрежелі маңызға ие  дүниежүзілік платформаларда өтетін іс-шараларға қатысуға арнайы   шетелдік іссапарлар жобасын қолға алуХалықаралық деңгейде ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
20Абай ілімі бойынша президент стипендиясы иегерлерінің, қазақ ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің арнайы қоғамдық лекцияларын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша жыл бойына барлық  мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда ұйымдастыру; 1 айда әр мекемеге кемінде 1 лекция ұсынылады. Лекция төлемақысы бағдарламада бекітілген мекемелердің  тарапынан өтеледі.  Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
21Халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша жыл бойына балабақша тәрбиешілеріне арнайы кезең – кезеңмен 1 күндік офлайн білімін жетілдіру арнайы семинар курстарын ұйымдастыру;   Оқу ағарту министрлігі семинар әдіскеріне және таратылатын дидактикалық материалдарға арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.  Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
22Мектеп оқушыларының арнайы  жазғы 10 күндік интеллектуалды демалыс лагерін  халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша ұйымдастыру; Оқу- ағарту министрлігі лагерді ұйымдастыруға арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
23Колледж  студенттерінің жүйелі ашық ойталқы дебатын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша ай сайын онлайн, офлайн ұйымдастыру; Оқу – ағарту министрлігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
24Университет студенттерінің арасында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша Абайтану  ғылыми- интеллектуалдық жобаларына  жылына бір рет грант бөлу; Жоғары білім және ғылым министрлігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
25Қоғам мүшелері арасында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама негізінде белгіленген кесте бойынша жалпыхалықтық  ай сайын өтетін жүлделі«Абайтану»  куиз ойынын ұйымдастыру; Жергілікті облыс, қала, аудан, елді мекен әкімдігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
26Еліміздің барлық кітапханаларында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша «Абай ілімі» подкаст студиясы ашылып,  бекітілген ортақ тақырыпта оқырмандардың ой-пікірін жинақтап, тамаша ойларды әлеуметтік желілерде тарату; Жергілікті облыс, қала, аудан, елді мекен әкімдігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
27Жоғарыда айтылған ұсыныстар негізінде атқарылған іс-шараларды іске асырылуы туралы арнайы репортаждар, хабарлар дайындауға, осы жобаны насихаттауға еліміздегі ұлттық Qazaqstan телерадио кешенімен, Абай телеканалымен, шетелдік басты телерадио кешендерімен меморандум жасау; Жоғары білім және ғылым министрлігі, Оқу – ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, және жобаның ғылыми жетекшісіҚаржысы нақты қарастырылады
 Жобаның  бастапқы әкімшілік шығындары  Қаржысы нақты қарастырылады
 Жобаның жалпы құны  Қаржысы нақты қарастырылады
 БарлығыҚаржысы нақты қарастырылады

Бұл жобаның жетістігі ретінде қоғамды ізгілендірудегі Абайдың «Толық адам» ілімін игерудің толыққанды жақсы нәтижесіне, әрі экономиканы дамытуға серпін беруіне қол жеткізуге болатынына сенімдіміз. Жобаның өміршең болуы қоғамды оятуда адам санасына сапалы іс-әрекет арқылы әсер ете алуымен байланысты. Халықаралық резиденцияның алғашқы іріктелетін  жұмысшы тобы мүшелеріне арнайы талаптарды дайындап, ұсынатын боламыз.

Жобаның ғылыми жетекшісі –  академик Оразалы Сәбден

Жобаның негізгі атқарушысы – Бақтыгүл Маханбетова, және жұмысшы тобы

20 наурыз 2024 жыл

Қазақстан Ғалымдар одағының  президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик О.Сәбденнің Құрылтайдағы сөзінің тезистері

Құрметті Президент, әріптестер!

Мен бір-бірін толықтыратын 2 мәселеге қысқаша  тоқталайын. Олар:

1-шісі, Ұлы Абайдың толық адамына оралу.

2-шісі, Жалпыхалықтық жоспар – 1000 жоба.

1-ші. Ұлы Абай айтады: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек». Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін бала-бақшадан, мектептегі баладан бастап, бәріміз арифметиканың көбейту кестесіндей білуіміз керек. Баланы жастан демекші «төрт-бес жастан кейін балаға үйрету кеш» болады.  Сондықтан біз Абай ілімін төменнен бастап ұлттық идеологияға сыналап енгізуіміз керек.

Қысқаша айтсам, Абайдың «Толық адам» ілімі дегеніміз – ол дүниенің көрінген сыры мен көрінбеген сырын ашып, оған толық дендей алғанда және оларды қазіргі өмірмен байланыстырғанда ғана өз тиімділігін береді.

Дүниенің көрінген сыры дегеніміз, ол материалды сала, бай-қуатты болу, қазіргі экономикалық өмір.

Ал көрінбеген сыры – ол адамның рухани, жан-дүниесі, ішкі құндылықтары, болмысы, тазалығы, жүрек сыры, санасының тереңдігі, керек болса моралі. Осы жағына келгенде ақсап жатырмыз.

Себебі біз бір жағынан, ә дегенде батыстың тек баю – материалистік ықпалында кеттік. Екінші жағынан – бірінші экономика, бай-қуатты болу, екінші саясат деген ұранмен кедей мен байлар арасы еселеп кетті. Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін ұстансақ, бұлай болмас еді!

Құрметті Құрылтайшылар!

Бізге, заңсыз кеткен ақшаны қайтаруға болар. Мен экономист ретінде айтсам,  ол да оңай іс емес, егер шетелмен байланысты болса. Ал халықты ізгілендіру, сананы ояту, адамды дұрыс жолға салу, Абай айтпақшы қызармайтын, ұялмайтын ізгілікті жолға салу қиынның қиыны. Бұған жылдар керек болуы да мүмкін. Соны бүгін бастамасақ, кеш қаламыз!

Құрметті Президент мырза!

Біздің қазір досымыз да, ұтылатын жеріміз де мынау өтіп бара жатқан – УАҚЫТ. Қазір өзі қай мәселеге ұрынсақ та, санаға келіп тірелеміз, ары қарай жылжу жоқ. Сананы өзгерт, өзің өзгер деген уақыт талабы болып тұр.

Ендеше әділетті Қазақстан құруға, арды ойлайтын уақыт жетті! Президент айтпақшы АДАЛ АДАМНЫҢ, АЗАМАТТЫҢ ТІРЛІГІН ЖАСАУ КЕРЕК.

Ұсынысым:

Біздің мемлекетімізде ғалым-жазушы, зиялылардың қатысуымен «ХАКІМ АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫН» жасау керек. Барлық оқу орындарында Абайдың толық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғам өмірін ізгілендіре аламыз, өркениетке жаңаша бет бұрамыз.

Қазақ тілінің негізін қалаушы Ахмет Байтурсынұлының «Исі қазақ Абайды білуі тиіс» – деген сөзін нақты іске асыру керек. Біздің міндетіміз – Абайдың «толық адам» іліміне терең бойлау.

ҚР Президентінің Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласын негізге алып Абайдың жол картасының аясында:

1-ші. М.Мырзахметовтың көп жыл жасаған «Абайтану әліппесін» мектептерге дәріс ретінде кіргізу керек, жолдас оқу-ағарту Министрі.

2-ші.  «Абайтану» пәнін ЖОО-да оқыту. Саясат мырза!

3-ші. Абай ілімін қызметкерлерге насихаттау, мекемелерде Абай кабинеттерін ашу қажет. Үкіметке.

4-ші. Күнде таңертең денешынықтырудан кейін барлық жұмыс орындарында сағат 9:00 «Абайтану» хабары (пятиминуткасы) болса, радио, ТВ қызмет етсе мынау отырған орнымыздан Абайға қарай жақындар едік, жұмысқа да кешікпес едік. Абай оқулары халқымызға дендер еді.

5-ші. Абайдың жол картасы аясында оның толық адамы етіп С.Зиманов, Г.Бельгер т.б. ғұламаларды жастарға ұғындыру керек.

Ұлттық идеологияны санаға сіңіру деген сол болар еді. Әйтпесе бүкіл халық «Абай өзіміздікі ғой, қара сөзін баяғыда оқыдық қой» деп жайбасарлықпен жүре береміз. Аға ретінде , 4 мәрте депутат ретінде айтайын. Депутаттар да Абайға қайта оралғаны жөн сияқты.

Сана қалып барады. Тоқ етері, Абай ілімі санамызға «стандарт» болып, «қалып» ретінде бойға сіңсе, қоғам алға жылжыр еді. Абай ілімін игерген жас қазақ өзін де, елін де бақытты етеді. Сондықтан Абайтануға қаржыны аямау керек. Бұл ана тіліне серпіліс беру деген сөз.

Құрылтайдың киелі жерлерден басталып, енді әлемге әйгілі Бейбарыс шыққан, 362 әулие жатқан жерде, шежірелі аймақта өткізілуі, бүгінгі Президентіміздің руханиятқа бет бұрған, халықты соған шақырған іс-әрекеті деп есептеуге болады!

Мына «Абай және Қазақстанның болашағы» -деген кітап кембридж баспасында шықты, баспаның мәліметі бойынша 200 әлемнің топ университеттеріне жіберілді. Абайды оқуға Әлемдік Давос форумы мойындамайтын, жалпы біз түркі тілдес елдері, Қазақстан өзіміздің рухани-тарихи мүмкіндіктерімізбен өте жоғарғы ФАЗАДА тұрмыз. Бұл біздің капиталистік елдерден артық басымдылығымыз. Ежелден келе жатқан шығыстың мораль философиясына қарсы қоятын батыс өркениетінде жаңа ПАРАДИГМА ТУҒАН ЖОҚ. Біз үшін Ұлы Абайдың  толық адам ілімін игеру – МОРАЛҒА оралу деген сөз. Ұлы Абай ілімі Қазақстанның РУХАНИ  БРЕНДІНЕ айналу керек. Осыған барсақ біз алда боламыз!

2-ші идея. Абайды қанша оқығанмен, егер халық аш-жалаңаш болса, толық адам бола алмайсын. Сол үшін ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРДЫ әзірлеу туралы ойымды қысқаша айтайын. 

Халық арасында, әртүрлі деңгейде, барлық салада тәжірибелі азаматтар көп, кәсіби мамандар қоғам белсенділері, ғалымдар, зиялы қауым, бизнес саласында да ой-жобалар жетерлік. Жалпы халық ұсыныстары деген орталықтандырылған ашық «ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА» құрып, Республикадағы барлық идеялар мен ұсыныстарды осы Құрылтай аясында жинайық.

2-3 айда түскен ұсыныстардан, кіші, орта кәсіпті үдемелі дамыту үшін 1000 жоба теріліп алынса. Р.Баталов қолдайды ғой деп ойлаймын. Бұл жобалар бір сөзбен айтсақ, ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРҒА ұласар еді.

Әр жобаға орта есеппен 3 млн.$ бөлінсе. Сонда 1000 жобаға барлығы 3 млрд.$ кетеді екен. Қаражатты алу жолдары жетерлік: елге қайтару қоры, коррупциямен күрестен түскен қаржылар т.б. Біз ЭКСПОҒА да 3 млрд. долларды тастадық қой.

Президентпен кездесудегі ұсынған 6 аймақты өз басымдалықтарымен мамандандыруға көшіріп (бірі, қайта өңдеу, екіншісі, азық- түлік, басқасы рухани, кәсіби, финанс, бизнес, индустрия, технология аймақтары, тб). Әр аймақта приоритеттерін анықтап, 1000 жобаны осылардың аясында, бағытты мақсаттарға икемдеп іске асырсақ. Мысалы, осы батыс Атырау өңірінде шикізатты қайта өңдеу туралы ондаған жобалар өте қажет. Бұл жобалар 1-2-3 жылда өз жемісін бере бастайды. Ары қарай жаңа жобалар жалғасады да, «мультипликативный» тиімділігі арта береді. Экономика тез дамыр еді.

Бұл 1000 жобаның мақсаты – халықты жұмыспен қамту, Президенттің айтқан ЖІӨ-ді 2 есеге өсіру. Бұл жоба тікелей Президенттің «патронажында» болса. Уақытысында Миттеран да Париждің бүкіл сәулетін өз патронажында ұстаған.

Дәлірек айтсақ, бүкіл халықтан кең ауқымды ұсыныстары әлі жиналмаған.

Ең маңыздысы бұл жобаларды  халықтың өзі ұсынатындығында   болып отыр. Алда не болса да, нәтижесін халық пен билік бірге көреді. Бірге жауапты. Халықтың сеніміне кіру тетігі осы.

Егер зейін қойсаңыздар бұл 2 мәселеде, идея да Абайдың толық адамынан шығып отыр. Бірі рухани жоба, екіншісі – материалды, экономикалық жоба.

Іске сәт, ағайын!

Біз қалай әділетті, дамыған демократиялық мемлекет орнатамыз

ҚР президенті Қ.К. Тоқаевқа 7 ұсыныс

2022 жылы Қ.К.Тоқаев екі өте жауапты кезеңнен өтті.

1-шісі қаңтар оқиғасы, 2-шісі президенттік сайлау. Ойымша Қ.К.Тоқаевқа халық осы сайлауда барлық мүмкіндікті берді, 7 жылға сайлады.

Осындай тағдырлы кезеңде ҚР президенті Қ.К. Тоқаев барын салып, өте түбегейлі өзгерістерге бару керек. Менің ойымша ол мынадай іс-шаралар   жасағаны жөн.

1) Мүмкіндігінше әкімшілік шектеу қоймай барлық партияларды заң жүзінде тіркеп, адал сайлау өткізу арқылы халықтың қолына тұңғыш рет келешектің тағдырын беру. Сайлауда өткен партиялар парламентте өздері үкіметті жасақтасын, халыққа өздері жауап берсін. Ал президент Конституция гаранты ретінде барлығына бірдей жағдай жасап стратегияға жауап берсін. Бірінші президенттің стратегиялық білімсіздігі бүгінгі қиын жағдайға алып келді. Бізге екінші рет қателесуге болмайды. Президент Қазақстанның үдемелі дамуының 7 жылдық стратегиялық Концепциясымен халықты таныстырсын.

2) Экономика жағдайын халыққа  түсіндіріп, әсіресе елдің ең нашар тұратын бөлігін қолдау іс-шараларын нақты істеу керек. Экономиканы әртараптандыру тетіктерін жасап, өз тауар өндірушілерімізді батыл қолдау керек. «Өзіміз өндірмей өзіміз өспейміз»деген қағиданы енгізу керек.

Шынайы жағдайымызды халыққа ашық түсіндіру керек. Егер экономикамыз өссе, халықты қолдау іс-шаралары да өседі. Ал экономика «стагнацияға» түссе, халықты қолдау мына қалыпта болады деп халықты бұрынғыдай алдамай ашық айту керек. Сонда әр адам ойлайды, жағдайды түсінеді де өз қамын жасап іске кіріседі. Халықпен «диалог» деген осы, сенім шындықтан шығады. Ал сыбайлас жемқорлықпен қатаң заң арқылы ымырасыз күресу керек.

Ел тірегі жер мен ауыл. Ауылды кешенді дамыту бағдарламасын жасау арқылы, барлық жерге «Аудит» жасап, жер реформаларын жүргізіп, алдаҚазақстанды азық-түлік державасына айналдыруғабарлық  басымдылықтарды беру қажет. Біз азық-түлікпен тек өзімізде ғана емес көптеген елдерді де қамтамасыз етуге шамамыз жетеді. Осындай мақсат қоюымыз ХХІ ғасырда тегімізге оралу деген осы.

Осылардың бәрін іске асыру үшін биліктің барлық жүйесінде біліктіжаңа кадр реформасыболу керек. Ескі кадр жүйесімен жаңа, әділетті Қазақстанды жасай алмаймыз. Бұл мәселеде үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың белсенділігі өте қажет. Оларға билік жүйесі барлық мүмкіндіктерді жасап гранттармен қолдау керек. Бізді құртқан барлық салада пара беріп, не таныспен қызметті алудан арылу керек.

Біз рухани тегімізді, тарихымызды жандандырмасақ жоғалып кетуіміз мүмкін. Мен 2012 ж. Ұлы Жібек жолын жандандыру үшін «Өсу кіндігін» іздегенде Түркістанды рухани астана жасау жобасын 8,5 млрд $ елбасына жіберген едім, кеш болса да іске асуда.

Елбасы 3 тіл керек деп, одан кейін 2-тілді дамыту керек бізге деген биліктен сөздер айтылуда. Әрине әл-Фарабиге ұқсап, көп тіл білсе де артық болмас қазаққа. Бірақ менің ойым бізге бір-ақ тіл керек, ана тілін «Қазақ тілін» әр қазақ жетік білуге тырысу қажет. Сонда ғана тарихымызды, руханиятымызды, салт-дәстүр, ата-ана тәрбиесін, санамызды сақтап  қаламыз. Себебі ертең «жасанды интеллект, робот» келгенде сіздің ауыздан шыққан бір-ақ тіл автоматты түрде қай тілге болса да аударылады, айтылады, жазылады. Сондықтан онсызда көп жылдар бойы орысқа жалтақтаудан өткізіп алған уақытты кеш болса да тез арада қолға алып, қазақ тілін білмеген мемлекеттік қызметте істемеу керек деген, заңға өзгеріс кіргізу керек. Лауазымды қызметкерге бір жылда қазақ тілін белгілі деңгейде біліп шығуға мүмкіндік берейік. Осылай 2-3 ақ жылда қазақ тілін бәрі білуге атсалысады. Тілге қатал болсақ бәрі шешіледі. Өзбек ағайыннан үлгі алайық.

  1. Ұлы Абай еңбегінде «ғылым» сөзін ең көп келтірген (111 рет). Абайдың айтқанын істеу үшін білім мен ғылымға басымдық беріп, сапалы білімді ел болуға ұмтылу. Тек білімді ел ғана кез келген қиындықтан шыға алады. Басты мәселе – білім арқылы адамның жоғарғы санасын қалыптастыру, оның зиялы әлеуетін көтеру. Сонда ғана адам өзінің бар мүмкіндігін іске асырады. Ол үшін«7 жылдық білім мен ғылымның жаңаша дамуының концепциясын»жасап халыққа жария ету керек.«Ғылым және ғылыми техникалық саясат туралы кодекс»қабылдау қажет.
  2. Жаңа әділетті Қазақстанды қалай жасаймыз, 30 жыл бойы қасаң тартқан сананы қалай оятамыз, қоғамды қалай жаңғыртамыз, ажырап кеткен халық пен биліктің арасын қалай жақындатамыз деген сұрақ елдің көкейінде. Осыларды шешу үшін әсіресезаңды бұзып пайдаланған меншіктерді қайтару, ұрланған ондаған миллиардтаған долларларды тәркілеп, халық игілігіне жаратуды қалай жасаймыз? Бұл туралы өте қатаң заң қабылдау керек.

Осы ұсыныстарды кешенді түрде іске асыру үшін ең алдымен халық сенім артып, жаңа сайланған президент Қ.К.Тоқаев белсеніп, «белге шоқпарды байлап» шығу керек. Екінші ол жаңа кадр саясатын жасау керек. Үшінші, бұған бүкіл ел, халық болып атсалысуымыз қажет. Тек осылай пәрменді іс жасағанда ғана бұл ұсыныстар іске асады. Мемлекетіміз жаңа сара, әділетті даму жолына түседі де әлемдік қауымдастық алдында абыройлы ел боламыз.

О.Сәбден,

Қазақстан ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик

Іргелі ғылымсыз ілгерілеу жоқ

Экономикасын ілгерілетіп, әлеуетін арттыруды мақсат ететін өркениетті елдерде ғылымға үлкен мән береді.

Сәт сайын жаһандағы жаңалық ауысып, технология қарқынды дамып жатқанда ғылымға енгізетін өзгерістің өндіріске жұмыс істеуі маңызды. Бірақ біздегідей атаққа емес, салаға жұмыс істейтін ғылымды айтамыз. 

Біздің еліміз ғылым кандидаттары мен докторлары, профессор мен академиктерден кенде емес. Бүгінде 21,6 мың ғалым бар. Тіпті осы күні мемлекеттік мінберлерде жүрген шенді-шекпенділердің көпшілігі отандық және әлемдік озық университеттерде ғылым дәрежесін алып, ғалым атанғандар. Әйтсе де әлем түгілі, отандық ғылымға қосқан үлесін өздері көрмесе, өзгеміз көрмедік.

Өткен жолыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025 жылға дейін елдегі ғалымдар мен зерттеушілер санын 34 мыңға дейін жеткізу туралы жоспары барын жеткізді. Себебі, соңғы екі жылдан бері елдегі ғалымдар саны күрт азайған. Екі жылда 13 мыңға жуық ғалымды қатарға қосу туралы тәуір идея айтып отыр. Бірақ министр Скопусқа сатырлатып мақала жазатын ғалым туралы айтты ма, әлде өркениетті елдердегідей өндіріске жұмыс істейтін жаңалығы бар ғалымдарды айтты ма? Біздіңше,министр бірінші санаттағы ғылымды қозғаған болуы бек мүмкін. Өйткені мұнша аз уақыттың ішінде салаға өзгеріс әкеле қоятын ғалымды шығару мүмкін емес. Оның үстіне министр алдарына қойған мақсатқа жетудің жоспарында көрсеткендей, ғылыми эко­жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҒЗИ санын 15-ке арттыру, индекстелетін журналдардағы жарияла­ным­дарды 150 пайызға өсіру және 2025 жылы қажетті жабдықтарды 30 пайызға жаңарту арқылы ҒЗИ сапасын арттыруды көздейді.Сонымен бірге 2025 жылы қа­зақ­стандық ғалымдардың ха­лық­аралық ғылыми журналда­рындағы мақалалардың жалпы саны бойынша InСites елдік рейтингінде 65-орынға және ҒЗИ сапасы көрсеткішінде ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орынға қол жеткізу мақсат етіліпті. Бұл дегеніміз – әдеттегідей зерттеу жүргізетін емес, ғылыми-зерттеу жұмыс­тары туралы мақала жазатын ғалымдардың санын көбейту емес пе?

Мемлекет ғалымдарға қолдау көрсетуден кенже қалып отыр деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Әйтпегенде соңғы жылдары «Ғылым туралы» заңға біршама өзгеріс енгізіліп, ғылымды қаржылан­дыру да екі есеге өсті. Мысалы,жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін «Жас ғалым» жобасы жасалып, ғылыми-зерттеулер мен постдокторантура үшін 1 037 грант бөлініпті. Бұдан бөлек, жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінсе, былтыр әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілген. Екі жылдан бері әр жылда 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы тапсырылатын тамаша дәстүріміз де бар. Алайда магистрлік, академиялық дәреже мансап пен жоғары жалақы үшін ғана қажет құжат қана болып отыр. Айтпақшы, күні кеше Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессор орта мектепке мұғалім болып кеткенін айтты. Себебі, қазіргі профессорлардың айлығы шайлыққа жетпейтін көрінеді.  

Академия Оразалы Сәбден де ғалымдардың жалақысы жыларман күйде екенін жасырмайды. Бірақ соған сәйкес атақ та арзан дүниеге айналып кеткеніне алаңдаушылығын білдірді. «1990 жылы елдегі ғылыммен айналысатын ғылыми қызметкерлердің саны 42 500 болатын.  Кейін бұл сан 12 мыңға дейін түсті. Соңғы жылдары қайта көтеріліп келеді. Екіншіден, 1991 жылы ғылымға беретін қаржы ЖІӨ-ге шаққанда 0,72 пайыз болса, қазір 0,13 пайызға дейін түсті. Сонда ғылымға бөлінетін қаржы 6 есеге төмен. Ал ғалымдардың саны кем дегенде екі есеге азайды. Бір қызығы, біздегі шенеуніктер «экономика өсіп келеді» дегенде алдарына жан салмайды. Академиктері әр есікті жағалап, әрең күнін көріп жүрген елде экономика қалай өсіп жатқанына таңым бар» дейді. Академик Зимановпен бірге бұл мәселені талай рет көтергенін айтқан Оразалы Сәбден: «Кезінде елбасыға талай рет хат жаздық. Бірақ өздерінің қалталарына миллиардтап қаржы салса да, ғылымға келгенде қаржы шығарғысы келмеді. Керісінше, Сәтбаев бастап ашқан Ұлттық ғылым академиясын жауып тастады. Осылайша, ғылымға үлкен қиянат жасалды. Сол үшін ғылымға жауапты министрлік пен министрлер де сан рет ауысқанымен, жүзеге асқан тірлікті көрмедік. Шынын айту керек, қазір әлемдік деңгейде жалпы отандық ғылым үшін мақтанарлық нәрсе жоқтың қасы. Мемлекеттік сыйлыққа үмітті дегендердің арасынан да лайықты ғылыми жұмыс табу өте қиын. Шенеуніктердің ұяттан безгені соншалық, ғылымда елеусіз болса да еңбектері мен монографиялары жоқ болса да «ғалым» атанып алдық. Осы күні академик пен phd профессорларынан аяқ алып жүре алмайтын болдық», – дейді.

Төрт жыл қорғасын зауытында істеп және іргелі ғылыммен айналысып жүрген ғалымның сөзінше, ғылымды реформалау үшін дамыған елдердегідей

Ұлттық ғылыми қор құру маңызды.

Екіншіден, барлық Ұлттық ғылым академиясына Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік статус беру қажет.

Үшіншіден, мемлекеттің идеологиясының ғылыми негіздерін қамтамасыз ету үшін ҒЗИ-ын ірі-ірі фундаменталды зерттеу орталықтарына айналдыру керек.

Төртіншіден, ғалымдардың айлығын 4-5 есеге көбейту қажет.

«Ғалымның статусы, ғылымның дамуы – деген арнайы заң қабылдау керек. Аймақтардың дамуын тек ғылым мен технологияның жетістігімен бағалау қажет, тағы басқа ғылым мен инновацияның дамуы туралы өзекті іс шараларды президент өз қолына, өз қамқорлығына алса, жаңа Қазақстан болады дегенге сенуге болады.

Әл-Фарабидің «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген қанатты сөзі қазір де өміршеңдігін жоғалтқан жоқ.  Сол үшін ғылымға енгізген сүбелі еңбегі арқылы атақ беретін жапондар секілді жаңашылдыққа бет бұрмасақ, санды көбейткеннен көсегеміз көгереді деу – қармақсыз балық аулаумен бірдей.

Оразалы Сабден

Өзгеретін кез келді

«Қаралы қаңтар» еліміздің әрбір саналы азаматына ой салғаны жасырын емес. Біз бір күнде отыз жыл жүріп өткен жолымызды, сүрген өмірімізді ысырып тастап, жаңа Қазақстанға аяқ бастық.

Алдағы өміріміз қандай болмақ, қоғамымыз қай бағытта дамиды. Бұл — бүгінгі күннің басты мәселелері. Өзінің осы тұрғыдағы ойын белгілі қоғам белсендісі Оразалы Сәбден ағамыз ұсыныпты.

Тоқаев тез шешешетін 7 қадам

  1. Қаңтардың «қанды оқиғасына» қоғамдық-саяси тұрғыдан әділ баға беру керек. Бұл Қазақстан халқына және демократия жолындағы елдерге, БҰҰ-на, әлемдік қауымдастыққа қажет.

2. Батылдықпен кадрларды тазалау қажет, қарапайым сөзбен айтсам, бір үлкен сыпырғышпен сыпырып тастау керек. Тәңірдің торынан ешкім, ешнәрсе шыға алмайды.

3. Әр адамның, әр отбасының күнкөріс деңгейін көтеру үшін жедел іс-шараларды жүзеге асыру керек (газ, коммуналды қызмет, азық-түлік бағаларының өспеуі, жалақы, зейнетақы, пәтер, жер телімі т.б.).

4. Тек білімді қоғам кез келген қиындықтан шыға алады. Сол себепті білімі жоғары ел болу үшін Мемлекет ешнәрседен аянбау керек. Ұлы Абайдың толық адам ілімінің «Жол картасын» жасап, өзіміздің рухани Конституциямыз ретінде халықты оқыту керек. Сонда Лао-Цзы, Конфуций, Будда, әл-Фараби, Ибн Сина, А.Яссауиді де, т.б. терең білетін боламыз. Сана оянады.

5. Саяси реформаның 1-ші қадамы ретінде Парламентті таратып, орнына 1 Палаталық Парламент жасақтау керек. Депутаттардың 50 пайызын жергілікті жерден халық сайласын, бұрынғыдай дауыс ұрланбасын, ал 50 пайызын партиялар сайласын, жаңа партиялар құрылсын, тіркелсін.  

6. Бүкіл мүмкіндігімізді пайдаға асырып, байлығымызға «АУДИТ» жасалсын, бағалансын. 30 жыл бойы экс-президенттің жанында тек санаулы адамдар байып келген, шикізат елінен кету үшін экономикамызды әртараптандыруға барлық күш салынсын. Компанияларды мемлекеттік меншігіне (национализация) қайтару керек. Көленкелі экономикада 50 пайызға дейін қаражат жатыр, олар ашылсын. Офшор туралы заң тез қабылданып президенттің жарлығымен  шет елдерге  заңсыз кеткен қаржы тәркіленсін.

7. Рухани және діни реформа жасау қажет. Әйтпесе, көп ұзамай, ИГИЛ сияқты діни ағымдардың ықпалында кетіп, Тәуелсіздіктен айырылып қалуымыз ғажап емес. Сананы өзгерт, өзің де өзгер деймін баршаңызға.

Президент Мырза, өте сирек кездесетін, тағдыр бір-ақ рет беретін осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Артыңызда қара ормандай халқыңыздың тұрғанын ұмытпаңыз!

Қазақстанға терроризм емес, мәдени революция керек

Сананы өзгерт, өзің өзгер,

өз уақытыңды ұстай біл!

    Әлем қайда барады?

    Заман өзгеруде, қазіргі ХХI ғасырда жаһандану процесі алға кетті.

Дүниеде болып жатқан өзгерістердің көптігі соншалықты, кейде қоғам оларға ілесіп үлгере алмауда. Оларды күнделікті ғаламтордан және басқа да ақпараттық өзгерістерден байқауға болады. Олар: әлемдік климаттың жылынуы, су және азық-түліктің жетіспеуі, миграция, әлеуметтік-экономикалық және саяси шиеленістер, аймақтық соғыс, терроризмнің күшейуі, коронавирус сияқты т.б. аппаттар, теріс үрдістер. Дамыған мемлекеттердің өздері қарулануда (АҚШ, Ресей, Қытай, Солтүстік Корея т.б.). Мысалы дүниежүзі қару-жарағының 50%-нан көбі АҚШ-тың қолында. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жартысынан көбі осы мемлекеттерде (Q7) және де халықаралық, трансұлттық компаниялар дүниежүзінің 50%-нан астам байлығына ие.

     ХХI ғасырдың басынан бастап әлемде болып жатқан күрт өзгерістер, 2008 ж. және 2020 жылғы екі кризис дүниежүзінің астаң-кестеңін шығаруда десе болады. Бұл қандай феномен, неге мен деген Q7, Q20 дамыған мемлекеттері халықаралық ұйымдар мұндайға дәрменсіз болып тұр.

     Осылардан кейін еріксіз мынандай сұрақтар туындайды: «біз өзі қайда бара жатырмыз? Бізді қайда алып бара жатыр? Біз қайда бара жатқанымызды неге білмейміз? Алып бара жатқандар да білмейді.» Мәселе байлықта емес, қыруар қару-жарақта емес, әлемді аузына қаратам деп үстемдік жасап келе жатқан АҚШ-та да немесе оған қарсылас, таразының екінші жағына шыққан (СССР-дің орнына) Қытайда да емес болып тұр.

      Сонда мұның түп тамыры неде деген сұраққа – ол қазіргі өркениет қоғамының, табиғаттың даму заңдылықтары бұзылып, руханиятсызданып, деградацияға түсуінде. Қоғам қазіргі жаңалықтарға, ғылым мен технологиялардың жетістіктеріне даяр болмады, ал екінші жағынан капиталистік дамыған мемлекеттер АҚШ-қа қарсы аузын аша алмай, соның тек баю саясатының жетегінде кетті: нәтижесінде әлемдік кризис.

      Мұндайда қоғам дамуының парадигмасы өзгеру керек деген ой келеді. Оны локальды, әлемдік соғысқа жеткізбей эволюциялық жолмен әлі де жасауға болады. Маркс адамзаттың әлеуметтік дамуға аса мән беру туралы дұрыс айтқан. Бұған капиталистер мән бермеді. Бұл мәселеге жауабымды жақында үш тілде шыққан «Әлем, түркі цивилизациясы, Қазақстан және болашақтың концепциясы» деген еңбегімде келтіргем. Менің басты мақсатым өз елімнің болашағы.

       Қазақстанның жағдайы.

       Қазақстан егеменді ел болғалы 30-шы жыл.  «Ә» дегенде үміт күшті еді. Өкініштісі шаш етектен байлығымызды ел ырысына пайдалана алмай, реформаны дұрыс жүргізбей біз бюрократиялық, олигархиялық, спекулятивті капитализм құрсауында қалдық. Экономикамызды әртараптандырмай, мәнді тек мұнай, газ, қазба байлыққа бергендіктен, қазір жағдайымыз қиын, шикізат елі болдық. Мысалы, Норвегияны алсақ, бар болғаны 40 жылда балықшы елден ең дамыған ел қатарына көтерілді. Себебі мұнайды тек алып, сатып қоймай, қайта терең өңдеуден өткізіп, зауыттарын салып, қосымша құн өндірістерін жасап, Норвегия мемлекеті бүкіл экономикасын күрт өзгертті. Осыларға қажетті заңдар шығарып, оларды қатаң орындады.

      Осы жылдары жіберген биліктің әлеуметтік-саяси, экономикалық қателіктері жеткілікті. Сөз, ақпарат бостандығы, жерге иелік ету мен тіл бостандығы, адам құқығын сақтау жолында ат төбеліндей халық талай боздақтарынан айырылды, талайы түрмеде жатыр, шетелде де жүр т.б. Халық оны ұмытпайды! Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында дін мәселесіне қырағы болу керек деген біздің айтқанымызға қарамай, билік көптеген жастарымызды ислам мемлекеттеріне оқуға жіберді. Олар білім, діни орталықтарда теріс діни идеологиялық тәрбие алды, миларына қондырды. Оның үстіне елімізде мыңдаған мешіттер ашылды, діни маман жоқтың қасы. Қазақстанда Мухаммет пайғамбар масқабының, ілімінің бір жүйесі, діни саясаты болмады. Бірде діни ағымдардың, секталардың саны 4500 асып кеткен еді, бұл сұмдық? Осының бәріне Үкімет немқұрайды қарап, Ақтөбедегі оқиғадан кейін ғана қолға ала бастады, оның өзінде формальды түрде болды. Теріс нәтижесін қазір көріп отырмыз, сәл болмағанда, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев дер кезінде нақты шешімдерге бармағанда Тәуелсіздігімізден айырылып қала жаздадық. Осы себептен де Қазақстанға “Культурная революция “ керек деген идеяны төменде таратып ұсынамын.

      Елімізде сыбайлас жемқорлықтың шарық-тап тұрғаны соншалықты, оның ішінде бұрынғы премьер-министр, министрлер, депутаттар, әкімдер, банк, бизнес өкілдері т.б. жеткілікті. Тіпті бұл жоғарыдан төменге дейін тамырын жайған бір дертке, жүйеге айналды. Зардабын қарапайым халық тартып отыр. Осының бәрі мемлекетімізді басқарудағы биліктің көп жылдар бойы жіберген күрделі қателіктерін көрсетеді.

      Қоғамда билікке деген сенім кетіп барады, елді бір дәрменсіздік билеп тұр. Мұның қайда апарары белгісіз. Егер біз ел ішін кернеген теріс күштерге даяр болмасақ, онда қоғам ыдырайды. Қазір біздің қоғамда моральды тозу (износ) дерті қатерлі ісіктей белең алып тұр. Өнегесіз жүрісімізді бір тәртіпке салатын уақыт келді. Кемел ойлы, алдағыны ақылмен болжай білетін басшы, болатын өзгерісті сезе отырып, егер «қазаннан қайнаған буды» дер кезінде шығара алмаса, оның атылатынын білсе керек еді. Алысқа бармай-ақ оны көршілерден де көрдік емес пе?!

       Біздің тағы бір үлкен кедергіміз ол – жаһандық интернет, цифрлы жүйе, ақпараттық топтар, квантты компьютерлік технологиялар т.б. Келешекте мұнай мен газдың орнын осылар басатын болады. Оған қарсы тұра алатын озық ойлы, осыларды игере алатын білімді жастар билікке келуі керек. Қазіргі жағдайда жастар шетелге кетуде. «Болашақтан», т.б. іс жасап жатқан жастардың отанына келмеу себебін несіне жасырамыз. Халқымыздың келешегін кімнің қолына береміз? Баяғыда талантты жастар ауылдан келуші еді, мектептің, үлкендердің тәрбиесі күшті болатын. Қазір ауыл тозды, ал жоғарғы білімді тауарға айналдырып жібердік, бәрі ақылы. Біздің мектеп жасындағы балаларымызды Ресей талай жыл бойы жеңілдіктермен алуда. Біз жастардан айырыла бастадық. Осыны кім ойлап жатыр?

     Елдегі қордаланып қалған келеңсіздіктердің қайсы бірін айтасың? Ақырын айтсам, ақым кетіп барады, қатты айтсам, қарындастың көңілі қалады. Былайша айтқанда, қарындастар билікте жүргендер ғой. Неге оларды «қарындасым» деп аяуым керек. Олар халық үшін жұмыс істемей ме? Осылай кете берсек, біз ХХІ ғасырдағы өркениет пойызының соңғы вагонына білімсіз міне алмай, мәңгілік шикізат елі болып қалуымыз немесе сол алпауыт елдерге жұтылып кетуіміз мүмкін.

     Нес істеу керек? Қазақстанға мәдени революция керек пе?

     Енді біз қандай жолмен, кімнің соңынан жүруіміз керек, қай елдің озық тәжірибесін алсақ деген сұраққа, мысалы қазір АҚШ-тан кейінгі әлемде екінші орынға шыққан Қытайды алайық. Әрине Қытайдың іскерлігін, инновациясын, трансферт технологиясын, кіші кәсіпті тез дамытуы, немесе қатаң тәртібін алуға болар. Бірақ оның саяси-экономикалық реформасын түгел алуға болмайды, себебі онда адам құқығы тапталуда. Немесе диктаторлық жүйеден кейін тез демократиялық дамуға көшкен, жаңа технологиясы күшті Оңтүстік Корея жолы ма? Жоқ әлде дүниежүзілік соғыстан кейін қатты дамып кеткен Жапония, немесе Азия барыстары Сингапур, Малазия ма? Кеше ғана Советтер одағында бізбен бірге жүрген, Эстония елі ме, қазір тез дамып, жалпы ішкі өнімі әр адамға шаққанда 25000$ асып отыр. Жоқ әлде Батыс Европа мемлекеттерінің, оның ішінде Скандинавия елдерінің азаматтық қоғамды дамытудағы озық тәжірибесі керек пе?

      Менің ойымша біздің осы адасқанымыз жетеді, қазір жол айрығына келіп тірелдік. Егер қазірге дейін 30 жыл бойы шетелдік «серіктестеріміздің» кеңесімен жүріп, өзіміз де басқара алмай ескі жолмен барсақ, онда соңы тығырық. Ал бізге керегі ең озық, өзімізге лайықты әлемдік тәжірибені қолдана отырып қоғамды өзгерту, өзіміздің отандық дара даму жолымызды табу.

      Әрине, таңдау халықтың еншісінде. Бірақ ол үшін халыққа бұл дағдарыс жағдайдан қалай шығу туралы бағдарлама ұсыну қажет. Бұны жасау қазіргі билікке қиын. Олар шындықтың толық көрінісін көрмейді, өйткені мемлекетті вертикалды түрде, жоғарыдан төмен, ескі әдістермен, орынсыз амалдармен басқарып келеді. Осылайша жаһандық желінің, жаппай коммуникацияның, жаһандану жаңалықтарының мәнін түсінбейді. Билік өкілдері біздің өзгермелі өмірімізді, яғни халықтың жағдайының қиын екенін түсінсе де, бірақ қазіргі құрылған, әсіресе жемқорлыққа үйренген билік басындағылар халықты ойлап, олардың қажеттілігін жүзеге асыру жолында жұмыс атқаруға мүмкіндік бермейді. Бұл Қазақстан үшін «Ариаднаның жұмбақ жіптері» секілді болып тұр. Соңғы уақытта қабылданып жүрген ішінара шешімдер халыққа өте маңызды болса да, 30 жыл бойы қордалаған проблемаларды шешу өте қиын болары анық. Себебі кеше ғана Қазақстанда 2022 ж. басында қанды “Қаңтар оқиғасы” болды. Жаңа Өзендегі газ бағасын төмендетуді қолдап шыққан халықты террористер, бұзақылар, діни теріс күштер тып-тыныш елімізді, Алматыны тас-талқан етті.

      Жоғарыда айтылғандардың бәрін жиып-теріп келгенде менің көп ойланып, толғанып маман ретінде айтарым Қазақстанға эволюциялық жолмен «культурная революция» керек.

      Мәдени революция дегеніміз біз өзімізден бастап — 30 жылда қалыптасқан бүкіл билік жүйесін өзгертуіміз керек. Қазақстанның бүкіл құрылымын өзгерту үш бағыттан тұрады: экономиканы әртараптандыру арқылы инновациялық жолға түсу, әлеуметтік инновация, адам капиталының сапасын арттыру, сананы өзгерту; түбегейлі саяси реформа жасау. Кейбір лидеріміз айтқандай бірінші экономика сонсын саясат емес, осылардың бәрі бір жүйе (процесс) ретінде қатар жүруі керек. Бұл ойды мен о бастан-ақ айтқам да, жазып та бергем билікке. Бірақ тыңдар құлақ жоқ. Жас-Алашта жазған едім. Қазақстанда көп жылдар бойы қордаланған, ластанған, қоқыр-соқыры көбейген билік жүйесін, адам жанын, арын, моралін, ой — өрісін, психология, рухани құндылықтарын тазартатын бізге үлкен “СЫПЫРҒЫШ” өте қажет.

      Біз тегіміздің қандай болғанын және тарихымыз бен болмысымызды терең танып «тектоникалық тереңдікте сезіне отырып, мына қиын әлемдік өркениетте не күтіп тұрғанын білуіміз керек».

       Мәдени революцияны түбегейлі шешу үшін дамыған елдердің тәжірибесін алып, оған Қазақтың менталитетін қосып, Мемлекетімізге түбегейлі модернизация жасау керек: саяси модернизация, рухани-әлеуметтік модернизация, экономикалық модернизация.

  1. Әлеуметтік инновация.

       Жаһандық дағдарыс рухани жаңғыру, әлеуметтік-мәдени өркениет, атап айтқанда, ғылым мен білім, мәдениет пен имандылық, адамгершілік құндылықтар саласындағы теріс салдарларды анықтады. Сұрақ қоғамның моральдық тозу қаупі туралы болып тұр. Мұның басты белгілерінің бірі – мемлекеттік басқарудағы ең төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейінгі адами капиталдың барлық саласында белгілі кәсіби қабілетсіздікнемқұрайлық болып тұр. Бұл әсіресе дамушы елдер жағдайында айқын көрінеді. Мысалы, дағдарыс кезінде тіпті дамыған елдердің өзінде тәуекелді басқаруда кадрлардың жетіспеушілігін сезінді.

     Осыдан әлеуметтік инновацияның жаңа парадигмасы — білімді қоғам, жаңа заманның тұлғасын жасау керек. Жаһандық дағдарыс жағдайында білім беру және ғылым алдыңғы қатарға шығып, ұдайы өндірістік циклдің бүкіл жүйесінің негізіне айналады. Идеяның пайда болуынан бастап, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда табумен аяқталатын, сондай-ақ жаңа өркениеттік даму үшін инвестицияларды жүзеге асыру қажет.

      Сондықтан бізге адами капитал саласында қаржыландыруды көбейтіп, тұрақты өмірге байланысты «минималды қалыптар» құру керек және бәсекеге қабілетті креативті экономикаға өту қажет:

     – денсаулық сақтау (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша денсаулық сақтауды қаржыландыру ЖІӨ-нің 6% -дан кем болмауы керек, ал бізде 3,2%);

     – ғылым (мемлекеттің қалыпты дамуы үшін ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 1,5-4,5% болуы керек, ал бізде — 0,13%);

       — білім (ЖІӨ-нің кем дегенде 6% болуы керек, ал бізде 3,2%); — мәдениет (ЖІӨ-нің кем дегенде 5%, ал бізде 3%);

        Зерттеу көрсеткендей, біз экономиканың өте маңызды осы әлеуметтік бағыттарын «қалдықтық негізде» (остаточный принцип) көптеген жыл бойы ұстағанымыз көрсеткіштерден көрініп тұр. Осы салалардың артта қалғандығын айқын көрсетеді. Мысалы, ғылымды қаржыландыру 20-30 есе артта қалған кезде, кедей ғалымдардан әлем жаңалықтарын қалай талап етуге болады? Ғалымның миы толық, бірақ қалтасы тесік, ал әкімдердің миында не бар екені белгісіз, бірақ қалтасы толық.

        Адами және әлеуметтік қажеттіліктер саласында әр адамның жеке тапсырысына дейін тауарларға, қызметтерге және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерге әртүрлі әлеуметтік сұраныстарды қалыптастыру қажет. Осыған байланысты үшінші сектордың, яғни азаматтық қоғамның рөлі күрт артады. Әлеуметтік капиталды қалыптастыру бірінші кезекте тұрады және ол жақсылап инвестициялануы керек.

         Осыған сүйене отырып, адами капитал саласындағы осындай минималды әлеуметтік-экономикалық стандарттарды (өмір сүрудің белгілі бір стандарттарын) орнату арқылы біз шынымен де жақсы өмірді қамтамасыз ете аламыз. Минималды стандарттарды экономикалық өсу қарқынымен байланыстыра отырып, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын анықтауға болады. Бұл Үкіметтің айналысатын мәселесі.

         Әлемдегі ең бай елдердің бірі бола отырып, сонымен бірге халқымыз аз болғандықтан, біз осы бай мұраны сақтай аламыз ба? Біздің еліміздің адами әлеуетін әр адамның «кодталуынан» жеке тұлғаның биометриялық өсуіне дейін бағалауымыз керек. Басқаша айтқанда, барлық тұрғындарға жан-жақты қызмет көрсету және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін барынша жағдай жасау, желілік экономикамен, Интернет желісімен және цифрландырумен бүкіл елді «қамту» өте маңызды. Мұнда ең бастысы ұлттық қауіпсіздікті, адамгершілік аспектіні қамтамасыз ету – адамды бақылау емес, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруда көмектесу керек. «Сананы өзгерт, өзің өзгер!» — дейтінім сол.

    2. Түбегейлі саяси реформа.

    Біз енді әлемдік қауымдастықта өзіміздің қоғамдық-тарихи, саяси-экономикалық, әлеумет-ік-құқықтық бетпердемізді толық анықтап алуымыз қажет. Шындығына келсек біз бұл мақсатқа жеткен жоқпыз, осы жолды меңгерудеміз. Ал ішкі саясатымызда да түбегейлі реформалар жасауымыз керек, Конституциялық өзгерістерден бастап, бүкілхалықтық референдум қабылдауға дейін проблемалар бар…

      Қазақстан 30 жыл бойы президенттік басқару жүйесімен жүрді. Бұл жүйедегі жақсысы да, жаманы да өзіміздікі, оны талдап жатпайық. Енді саяси-демократиялық кезең басталуы керек! Парламенттің рөлін күшейту қажет. Бұл мемлекетімізді басқаруды «Парламенттік басқару жүйесіне» көшіру, яғни, Президенттің құзырын күрт шектеу. Үш биліктің: заң, сот және атқарушы биліктің тепе-теңдігін іс жүзінде сақтау. Осы жүйеге көшкенде, заң, сот жүйесінде әділеттілік орнар еді, жемқорлық тыйылып, халықтың жағдайы жақсарар еді.

      Нақтырақ айтсам, біз унитарлы мемлекет болғандықтан да, бірпалаталық Парламентке өтуіміз қажет. Онда депутаттардың саны – 150, ал оның 50%-ы партиялардан, 50%-ы бір мандатты мажоритарлық округтардан елге белгілі маман, қайраткерлер сайлануы тиіс. Себебі, қазір «партия» деп халық қай депутатты жергілікті жерден сайлағанын, өзінің мұң-мұқтажын кімге айтарын, ал олар шешілмесе, қай депутатты қайтарып, басқасын сайлауды білмей қалды. Партиялардың Парламентке өту межесі 3-5%-дан аспауы керек. Бұл ұсыныстарды мен Парламентте талай рет депутат болып, оның ащы-тұщысын татқаннан кейін, ең тиімді жол деп таныған соң айтып отырмын.

     Мұның ең өзектілігі – көп партиялы Парламент жасақтау және оның статусын көтеру болып отыр. Өйткені парламентаризм – «қалталы депутат емес», көппартиялы орта, пікірталас арқылы шындыққа шығу алаңы. Біз, ең бастысы, сайлауды таза демократиялық жолмен өткізуге тиістіміз. Халық өз дауысын қандай партияларға қанша пайызбен бергендігін өзгертпей, әкімшілік ресурсты алып тастап, әдеттегідей дауыс ұрламай, Парламентке сайлау өткізу керек.

     Бұл жағдай өз басымнан өтті, келеңсіздіктің құрбаны да болдым. Сайлаудың әділ өткеніне билік емес, халық сенуі қажет. Егер сен мәселенің құрылымын білсең, онда жөндеп басқара аласың демекші осының ішінде күйіп-пісіп жүргеннен соң ұсынудамын.

     Қандай Конституциялық өзгерістер жасасақ та, реформалар қабылдасақ та ең абзалы халықтың жағдайы, әлеуметтік күнкөрісі төмендемеу керек. Әр адамға бет бұратын уақыт келді. Адам мен табиғаттың қадірін білсек қадірлі адам, қадірлі қоғам, қадірлі мемлекет боламыз. Осы жолда барлық күш-жігерімізді алдағы уақытта ізгілікті дамыған қоғам орнатуға салуымыз өте қажет. ХХ ғасырды өнеркәсіптегі жоғары технологияның ғасыры десек, ал енді ХХІ ғасыр – ол жоғары гуманитарлық ноосфералық өркениет ғасыры болмақ деген пікірді білдіремін. Бұл жерде әр адамның, азаматтық қоғамның мүмкіндіктері пайдаланылады деген сөз. Себебі адам өзінің ақыл, ой-санасы және тілі арқылы ең жоғарғы биологиялық феномен болып есептеледі.

    Реформа билік басындағылардың мүддесі үшін емес, қоғамның, елдің мүддесі үшін жүргізіледі. Азаматтық қоғам институттарының жұмысын жетілдіру қажет. Атқарушы мемлекеттік биліктің жұмысына қоғамдық бақылау орнатылуы тиіс. Осыған орай, азаматтық қоғамның негізгі белгісі, жергілікті өзін-өзі басқарудың көзі – биліктің халықпен санасуында және халықтың, азаматтық қоғамның шешім шығаруға формалды емес, белсенді түрде араласуында.

     3. Экономикалық реформа.

     Негізгі мақсат біз экономиканың шикізат моделінен кетіп, экономикамызды, өндірісімізді әртараптандырып (диверсификациялап) инновациялық жолға түсіп, ары қарай қазақ қоғамын ізгілендіру (гуманизациялау) болып табылады. Барлық байлықты (ресурсты) жаңа технология мен әлеуметтік инновацияға салсақ тез алға басамыз. Бұл жаңа қоғамдық және өндірістік қатынасқа, экономиканың дамуының жаңа моделіне өту деген сөз.

      Жаңа заман, жаңа талапқа байланысты барлық шығынды күрт азайтып, Мемлекетті басқарудың жаңа жүйесіне (моделіне) көшу керек. Сол кезде жаңа кадр саясаты, жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық реформа адамның тыныс-тіршілігіне тікелей әсер етері анық, сонда ғана халық билікті қолдайтын болады. Мен «Мемлекетті 5-тік спиральмен (мемлекет, бизнес, ғылым, адам қажеттілігі, информатизациялау) жаңаша басқару туралы жобамды» ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа жібергенмін. Сонымен қатар бұл жоба «Жас Алаш», «Дат» газеттері мен «Abai.kz», «qamshy.kz» т.б. интернет сайттарында да жарияланды, танысасыздар деген ойдамын.

     Ең дұрысы, билік осы өзгерістерді өзі бастағаны жөн, өзі мұрындық болуы тиіс. Сонда ғана, осындай өркениетті ісі арқылы билік, шынында да, қоғамның саналы әрі салауатты күшіне арқа сүйей алады.

     Түйінді ой ретінде айтарым, алдымыздағы екі онжылдықтағы ең басты қиындық – Мемлекетті тиімді басқаруда және жаңа технологияларға сай кәсіби біліктілікте болмақ.

     4. Қазақстанда мәдени революция іске асу үшін тез арада нақты қаражатпен қамтамасыз етілген 4 тағдырлы Ұлттық жобаның шешу тетіктерін жасауды ұсынамын:

     Бірінші мемлекеттік жоба. ҚР ашық нарықтық экономика болуы керек, әсіресе ашық саясат және қоғамды демократияландыру, соңғысы жоқтың қасы. Ол үшін Конституциядан бастап бірқатар заңдардың қабылдануымен осы бағыттарды түбегейлі реформалау қажет, сот жүйесін халық сайлауымен қоса.

     Екінші мемлекеттік жоба. Қоғамның рухани-тарихи жаңаруы жаңа өркениетке жол. Негізгі назар мәдени, тарихи, денсаулық, моральдық – адамгершілік құндылықтарға, әсіресе жаңа білімге аударылуы керек. Нағыз демократияны тек білімді ел, азаматтық қоғам құра алады. Осындайда ұлы Абайдың толық адам ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани Конституциямыз ретінде халықты оқыту керек. Қазақстанға рухани-мәдени ренессанс қажет.

     Үшінші мемлекеттік жобаАуылды жаңарту мен ауыл шаруашылығын дамытуға аса басымдық беру керек. Мұнай мен газдың орнына бренд астық пен ет өндірісі болуы керек. Қазақстан өзінің азық-түлік мүмкіндігімен әлемнің бірнеше елін тамақтандыра алады. Жасанды интеллект, робототехника, адам геномы және басқалардың пайда болуымен байланысты №1 проблема адамдарды экологиялық таза өнімдермен және сумен қалай тамақтандыру біздің генофондымызды сақтайды. Сондықтан дәл қазір мүмкіндікті жіберіп алмауымыз қажет және жақын арада азық-түлік державасына айналуымыз керек. Ол үшін үлкен инвестиция салу қажет. Егер азық-түлік державасы болғымыз келсе ауалшаруашылығы өнімдерінің жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі қазіргі 4,5 пайыздан кем дегенде 20-25 пайызға дейін өсуі керек.

      Төртінші мемлекеттік жоба. Жаңа өндірістік құрылым саясатына, индустриялды-инновацияға көшу, технологиялық құрылымдарды жедел дамытудың тиісті Мемлекеттік бағдарламасы мен сыни технологияларды тез дамыту қажет. Біз алда инновациялық дамыған экономикасы, гуманизациялық қоғамы бар ел болуымыз керек.

      Соңғы айтарым, мүмкін бізді тектілігіміз, ата-бабаларымыздың рухы, болжампаздығымыз, әлемдік тез өзгерістерді түсінгендігіміз алдағы күтпеген нәубеттен сақтап қалар! Цифрлы әлем, цифрлы экономика заманында уақыт өте тапшы, бәріміз ойланып шешім қабылдайтын сәт туды.

      Қасаң тартқан сананы өзгертіп, рухани тазаратын кез жетті! Бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз болуы мүмкін. Сондықтан мен Сіздерді мәдени революциялық жолға, дана халқымыздың көрегенділігін ұстанып, бірлігі мен тірлігін жалғастыруда қапы қалмауға шақырамын!

     Осы мемлекеттік деңгейдегі 4 жоба ҚР Президентінің және халықтың тікелей назарында болу керек. БАҚ, телеарналардан тұрақты түрде, жиі-жиі беріліп тұруы қажет.

       Құрметті қалайық, осы көтпен бері көкейімде, жазып та, айтып та жүрген «Қазақстанда культурная революция» жасау керек деген ойыммен бөліссеңіздер. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір болады. Уақытты тағы-да жіберіп алмайық. Мұны не Президент, не халық жасайды. Ал ең дұрысы бірге жұмылып жасау керек.

Қазақстан ғалымдар одағының Президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик

Оразәлі Сәбден

Бүгін заңғар ғалым, академик Салық Зимановқа 100 жыл

Салық Зиманұлы  Егеменділігіміздің бастауында болды. Жоғарғы Кеңесте Тұнғыш Конституция алғанда баяндама жасады.

Жоғарғы Кеңесте Тәуелсіздік декларация қабылдағанда, “ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған арманына жеттік” деп көзімізден жас шыққан болатын.

Бір өкініштісі, Қазақстан ғалымдар одағының атынан  ең жоғарғы билікке қанша жазсақ та, академик Қ.И. Сәтпаев бастап құрған Ұлттық Ғылым Академиясын Мемлекеттік етіп өз тұғырына қайта қондыра алмай, аманатын бізге тастап С.Зиманов арманда кетті.

Өзі бас болып құрған Қазақстан ғалымдары одағының атынан бүкіл Қазақстан халқын, Салық Зимановтың отбасын  алып тұлғаның 100 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!  Салық Зиманов қазақ елінің тарихында сирек кездесетін ғұлама тұлғалардың бірі болып қалады!

Академиктер: О.Сәбден, С.Қирабаев, К.Ормантаев, Б.Ракишев, Н.Блиев, А.Кошанов, А.Бейсенова, Б.Көмеков, С.Қасқабасов, Ә.Нысанбаев тағы басқалар…

Өркениет және қоғамды жаңғырту ілімі

Әлем қауіп-қатерде, өркениет өзгеруде.

Академик О.Сәбден ғалым ретінде әлем өркениетіне өз ойын айтып, жаңабағыт-бағдар беруге тырысады. Әлемдік өркениеттің өзгеруі, оның формацияға өтуфазасы, конвергентті даму жолы, интегралды қоғамды қалыптастыру идеяларыберіледі. Өркениет дамуының жаңа сатысы гуманистикалық ноосфералық және жаңапланеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты деген пікірді алға тартады. Түркі халықтарын,мемлекеттерін біріктіріп, «Түркі тегі» атты одақ құруды ұсынады. Қоғамдыжаңғырту ілімі туралы ой қозғай келе, әлемнің үштұғырлы дамуын:  рухани, технология және қауіпсіздіктіұсынады.  Келешектің өркениетін экономика,технология, экология, руханият, космос және қауіпсіздік арқылы көрсетеді. Мұндайжобаларды, ой-пікірлерді автордың көп жылдар бойы ізденісінің нәтижесі ретіндебіз «Жас Алаш» газетінің келесі сандарында беріп отырамыз. Соңында мемлекеттібасқарудың 5-тік спираль моделін ұсынады.

                                            1. ӘЛЕМӨРКЕНИЕТІ

Қазіринтернет, цифрлық технология т.б. ақпарат құралдарының арқасында әлемалақандағыдай болып бәрі көрінеді. Әлем күрт өзгеруде, күнде бір жаңалық, ертеңне болары белгісіз, бір сағымдай болып тұр. Әлемде үлкен келеңсіздіктеркөбеюде. Олар: климаттың жылынуы, азық-түлік, су тапшылығы, аштық, миграция, әржерде соғыс оты, коронавирус сияқты дерттер т.б. Әлемдік кризис тамырын тереңгежаюда, соның салдарынан әлемнің дамуы 2020 жылы 6-7 пайызға, ал Еуропа12-15  пайызға төмендеп, жекемемлекеттердің дамуы одан да күрт шегеріледі деп күтілуде.

Мұныңсалдары көп жылға созылмақшы. Әлемнің қазіргі жағдайын ойлай келе, адамзатізгілікті даму жолынан адаса бастады ма деген ойға келесің. Формациялық дамудақателіктер кетуде. Біз білетін капитализмнің және социализмнің дамуы өзмүмкіндіктерін сарп еткен тәрізді. Екеуінің де кемшіліктері әлемді үлкендағдарысқа алып келді.

Қазіргіәлемде болып жатқан жаңалықтарға, интернет революциясы, жоғарғы технологиялар,жасанды интеллект, роботтандыру т.б. қоғам ілесе алмауда. Қоғам институттары(мемлекет, үкімет, парламент, БҰҰ, НАТО, ЕО, ШОС, БРИКС т.б.) жаңа дамуүрдісіне, жаңа өркениет дамуына адекватты жүйе жасай алмай дел-сал болуда. Әлембарлық жағынан бір тығырыққа тіреліп, үшінші дүниежүзілік соғыс алдындатұрғандай (айтқан жерден аулақ). Адамзатқа келетін ең жойқын қауіп – ядролыққару мен әртүрлі пандемиялық микробтар, биологиялық аурулар.

Бір нәрсеайқын: әлем жаңа әлеуметтік құрылымға, жаңа укладқа бара жатыр. Бірақ ол дамужолын қалай зерделемек? Біз алты формациялық даму жолынан өтіппіз. Олар:алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, азиялық құлдықтан кейінгі, феодалдық,капиталистік, социалистік. Ғалымдардың пікірінше, алда жетінші – «интегралдықоғам» табалдырықтан аттамақшы. Мәселе осы жаңа қоғамның құрылымында. Әрине,бұл қоғам алдағы өркениет, барлық формациялардың, әсіресе капитализм менсоциализмнің ең жақсы жақтарын алып, қазіргі жаңа өмір талабына сай құрылым, идеология,саясат, жаңа экономикалық модель жасаса әлем дамиды. Бұл жолды батыста конвергентті даму жолы деп те атайды,ол – социализмнің де, капитализмнің де мүмкіндіктерін пайдаланып, жаманжақтарын алып тастау деген сөз (латынша convergere – жақындау, біріктіру, негізібиологиядан шыққан сөз). Табиғаттың тілімен айтсам, капитализм мен социализмекеуін «пайуандау» арқылы олардың тек жақсы жақтарын алу. Ол оңай шаруа емес.

    Біз де кейбір ауылдастарымызға еліктеп,шетел насихатшыларын тыңдап, ә дегенде демократиялық қоғам құрамыз деп, бірақбасқа жаққа бетті бұрып, 30 жылда бюрократиялық-олигархиялық капиталистікжүйеге келіп тірелдік. Диагноз қойсақ, дағдарысқа түстік. Енді ештен кеш болса да,өркениеттің дұрыс жолына түсуіміз керек. Ол жол – жоғарыда айтылғанконвергентті жол, қоғамды жаңғырту. Бұл конвергентті жолды дер кезінде дұрыс пайдаланғанелдер: Қытай, Вьетнам және Скандинавия, Батыс Еуропа мемлекеттері, оның ішіндеЭстония да бар. Мысалы, бізге жақын, Совет Одағында болған Эстония Еуропаақылшыларын тыңдамай, бүгінде ең инновациялық, интернеттік жылдам ел болып тездамуда. Жан басына шаққанда табысы 25 мың АҚШ долларынан асады.

Біз болсақенді соңғы мүмкіндікті пайдаланып, ешкімге жем болмай, осы  дамыған елдердің озық тәжірибесін алып өзменталитетімізге, өз мүмкіндіктерімізге лайықтап, өз даму жолымызды белгілепалуымыз қажет. Бұл туралы келесіде арнайы тоқталамыз. Енді жалпы өркениеткекелейік.

Өркениет –адамзаттың материалдық, техникалық және рухани-тарихи жетістіктерінің жиынтығыплатформасында орын алатын тарихи үдерістің бірлігі. Бұл ұғым өмірдің белгілібір нысаны мен тәртібі, оның надандыққа қарсы болғаны ежелгі дәуірден белгілі.

Жергілікті тарихитұрғыда өркениет деп – кеңістік-уақыттық құрылымдармен шектелген сапалықтұрғыда сан алуан бірегей этникалық немесе тарихи ілімдерді атайды, бұлкөзқарасқа сәйкес әр халықтың өзінің бірегей өркениеті бар. Мәселен, Хантингтонөркениеттің он шақты түрін атаса, жалпы, ғалымдар 20-дан астам түрін көрсетеді: антикалық,араб, қытай, египет, иран, үнді, сирия, миной, шумер, түрік, хетт, вавилон,анд, мексика, юкатан, майяжәне т.б.

Әлемдік өркениет дамуында әлемге аты әйгілі тұлғалардыңалатын орны ерекше. Осыған байланысты әдебиетте жеке тұлғалардың көнеден бастап,қазіргі заманға дейінгі жіктелімдері бар. Біз олардың жалпыәлемдік өркениеткеқосқан үлестерін маңызды жеті басымбағыт бойынша жіктеуге тырыстық. Осыларға қысқаша көз жіберейік.

1.  Ең алдымен әлемдік діндердің адами өркениеттіңдамуына тигізген ықпалын, орасан қызметін айту керек. Бұл тұста Будда, Конфуций, Мұхаммед пайғамбар, ИисусХристос сынды әлемдік діннің басты өкілдеріне жете назар аудару қажет.Әлемнің рухани өкілдері ең алдымен сананы оятатын, оны стереотиптерденбосататын идеялар ұсынып, содан кейін ғана физиологиялық денені жетілдіретүсетін технологияларды қолдануды құптаған, бұл технологияларсыз адамның санасы материалдық әлемдетолықтай жүзеге аспайды. Өкінішке қарай, бұл ақиқатты дамыған елдер өкілдерітүсінбейді не түсінгісі келмейді. Көбіне олар алдымен баюды ойлайды, соданкейін ғана адамның ақыл-ойы мен рухани дамуына мән береді. Ғасырлар бойықоғамның, мемлекеттердің дамуы көбінше ақылға емес, нарықтық қатынас пен жекекапиталға бағынса, ал қазір, ХХІ ғасырда адами ақыл күш пен рухқа сенетін уақыткелді. Әлемдік кризистің түп тамыры осында жатыр. Енді ХХІ ғасырда, жаһандану дәуірінде қоғамды ізгілендіру жәнерухани-тарихи құндылықтарды жандандыру үшін конфессиалдық жүйелерді бірлестіру,халықтар, ұлттар және этностардың әлемдік кооперациясы қажет. КелешектеҚұдай біреу болғандықтан, әлемдік діндердің интеграциялануы, қайта жаңғыруыкүтілуде.Бұл пәниде жұмақ дегенімізадам өмірінде көптен бері өзімізді жетілдіру үшін жинап-терген ішкі жандүниеміз, рухани және материалдық мүмкіндігімізді толық пайдалану деп ойлаймын.

2. Барлықғылым бағыттары философиядан бастауалатыны рас. Ой мен сананың дамуы әлемдік өркениеттің негізіболып табылады. Осы тұрғыда адамзаттың Будда, Конфуций, Сократ,Платон, Архимед, Аристотель, әл-Фараби, ИбнСина, Абай және т.с.с. ұлы ойшылдарды айта кеткен жөн. Бүгінде әлемдікфилософия ғылымы тоқырау сатысында тұр. Қоршаған әлемде орын алып жатқанкөптеген жаңа процестер кешегі, бүгінгі және ертеңгі адамзат өркениетінтүбегейлі жаңа философиялық тұрғыда түсіндіруге мұқтаж. Қазір әлем экологиялықәлеуетті жүйе ретінде ғаламдық желі, ақпараттық ағындар және желілік экономика,интернет,кванттық есептеулер және т.б. шырмауында. Дей тұрғанмен «ақпарат» ұғымы әлі күнге шейін философиялық категорияретінде мақұлданбағанын айта кеткен жөн. Философиялық тұрғыда әлемді қазіргітаңда сызықтық емес, диалектикалық заңдар, тірітабиғат пен циклдық дамуды басқару заңдары бойынша өмір сүретін жаһандаөздігінен ұйымдастырылатын жүйе ретінде түсінген жөн. Сондықтан философияілімінеғылым жүйесін ұйыстыратын орталық ретінде жаңа міндеттер жүктеледі: бірқатар жаңалықтарды қарастыру,гуманитарлық ноосфералық және планеталық өркениеттің жаңа типіне көшужағдайында көпполярлы әлемнің ғылыми көрінісін ұғынудың жаңа парадигмасынәзірлеу.Адамзаттың жаһандық апатсыз сингулярлық нүктесі арқылы жаңаөркениетке өтуін көздеу керек.

3. Өркениет, табиғаткүштерін игерудің айтарлықтай жоғары сатысы ретінде ғылыми және ғылыми-техникалық прогрестің қуатты әлеуетін қамтидыжәне бұл адамдардың өмір сүру сапасын және өмір сүру деңгейін жақсартуға,олардың  жайлы өмір сүруіне  ықпал ететіні сөзсіз. Бұл тұста Әбу Әли ибн Сина, Исаак Ньютон,Чарльз Дарвин, Адам Смит, Карл Маркс, Эрнест Резерфорд, Эйнштейн, Галилео Галилей,М.В.Ломоносов, М.Менделеев, А.Вернадский,  Мария Кюри, Т.Эдисон, Н.Тесло, Р.Оппенгеймер және басқалар сынды әлемге аты әйгіліғалымдарды айта кеткен жөн. Ғылым – екі жүзді семсер. Бәрі де мемлекетқайраткерлері ғылым нәтижелерін қалай қолданатынына байланысты, яғниөркениеттің жойылуы немесе дамуы үшін бе, бұған мысалдар жеткілікті. Олжаһандық сипатқа ие, сәл жаңылыстың арты тұтастай аймақтың немесе  бүкіл адамзаттың жойылуына әкелуі ғажап емес.Аты әлемге әйгілі бірқатар ғалымдар ғылым дағдарысы туралы айтқанда ғалымдардыңұлы жаңалықтарды ашып қойғанын айтады. Бұл пікірге таласпай-ақ, сонымен біргебіз әлі де жаңа ноосфера өркениетінде өмір сүруіміз керегін ескере отырып,ғалымдар адамзатқа әлі ұлы жаңалықтар ұсынады деп үміттенеміз. Мұны біз қоғамныңтабиғатпен өзара әрекеті, нанотехнология, гендік инженерия, ақпараттандыру,ғарыш технологиясы, жасанды интеллект, роботизация, күн және сутегі энергиясы,атомдардың телепорациясы, магнетизм және т.б. сияқты VI-VII технологиялыққұрылым өнімдерін өндіру сынды салаларда өркениеттік дамудың жаңа бағыттарынанкүтеміз. Ғылым ХХІ ғасырдағы қоршаған әлем өзгерісінің шешуші факторы  қоғамды өзгерте алады. Өкінішке қарай, мұндаймүмкіндікті Қазақстан ғалымдарына бермей жатырмыз.

4. Өркениетбелгілерінің бірі – мемлекеттік құрылым мен құқықтың пайда болуы. Мұнда тарихағымына сан қилы ықпал еткен, империялар, жеке мемлекеттер құрып, реформаторжәне ұлы мемлекет қайраткерлері болған «пассионарлық» тарихи тұлғалар туралысөз қозғаған жөн: Цинь Шихуанди, Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Бейбарыс, Шыңғыс хан, ЮлийЦезарь, Атилла, Томирис, Александр Македонский, Әмір Темір,Сүлеймен сұлтан, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Наполеон, Пётр I, Владимир Ленин, Иосиф Сталин, Адольф Гитлержәне басқалар. Бұларды үлгітұтатындар және теріс үлгілі тұлғалар деп жіктеуге болады.

5. Дүниежүзілікдамудың прогрессивті типтегі құндылықтары жалпыадамзатқа ортақ деп танылады.Бұл – нарықтың, құқықтық-демократиялықмемлекеттің, азаматтық қоғамның, адам құқықтарының даму нәтижесі.  Аталмыш бағыт бойынша мынадай тарихитұлғалардың қосқан үлесі зор: ДжорджВашингтон, Томас Джефферсон, Авраам Линкольн, Джон Кеннеди, Махатма Ганди, ДжавахаралНеру, Кофи Аннан, ПатрисЛумумба, Нельсон Мандела және басқалар. Біздегі прогрессившілхан, билерімізді, зиялыларымызды, Алаш тұлғаларын атап өткен жөн.

Х.Колумбжәне Джеймс Кук сынды дүниежүзін ашушылар мен теңіз жүзушілерін айрықша айта кету керек. Бергізаманнан ғарышқа ұшып, күллі әлемді дүр сілкіндірген, әлемдегі алғашқы ғарышкерЮрий Гагаринді, біздегі Тоқтар Әубәкіровті мысалға келтіруге болады. Таяукелешектегі жаңа ашылымдар ең алдымен ғарышты, планетааралық кеңістік пен басқада білім салаларын игеруде күтіледі, адамзат жаңа қаһармандардың, ноосфералықөркениетте планеталарды ашушылардың куәгері болмақ.

Өкінішке қарай, қазіргі билеушілерден, әлем мемлекетбасшыларының біреуін жоғарыда аталған көшбасшыларға жатқызу қиынға соғады, арықарай даму үшін қайшы келетін проблемалар тым көп. Әлемнің турбуленттіқозғалыста екенін және ештеңені болжай алмайтынымызды ескерсек, мемлекетбасшылары мен қайраткерлерінің рөлі маңызды болып табылады. Мұнда G7 G20, БҰҰ,ЕО сынды дамыған елдердің көшбасшылары мен басқа да халықаралық қоғамдықұйымдар интеграциясы сенім ісінде, бейбіт келісім мен адамзатты қынжылтатынөткір әлемдік проблемаларды шешуде жөн сілтеулері керек. Бұл тұрғыда әлемдік қауымдастық төніп тұрған климаттық өзгерістерден,катаклизмдерден, апаттардан, соғыстардан және т.б. қалай құтылады? Жер-анамыздыөскелең ұрпаққа аман табыстау үшін адамдардың басын біріктіретін, бұрынғыдайадамзаттың даму тарихындағы жаңа көшбасшыларды, өз заманының тұлғаларынайқындауға тиіспіз.

6. Көп жағдайларда мәдениетөркениеттің ажырамас бөлігіболып қарастырылады. Әрине, әлемдік мәдениет қазынасына үлес қосқандардыңұзыннан-ұзақ тізімін келтіруге болады, бірақ біз тек әлемге әйгілі кейбірөкілдермен шектелдік, олар: Моцарт, МаркТвен, Эрнест Хемингуэй, У.Шекспир, Оскар Уайльд, Теодор Драйзер, Л.Толстой, Ч.Чаплинжәне басқалар.Мәдениеттің ертеңі туралы айтатын болсақ, түрлі мәдениет, ұлт өкілдері жаңаөркениет дәуірінде туындайтын міндеттерді шешу қажеттігін білген. Біздіңойымызша, осы дәуірдің діңгегі – жаңа өркениетке деген рухани-технологиялық серпілісбола алады. Ең бастысы, жасандыинтеллект, адамзаттың роботталуы, яғни барлық жаңа технологиялық өзгерістерадамның өмірі мен өмір мәнінің дәстүрлі көздеріне, әлеуметтік-мәдени жүйеніқалыптастыруға зиянын тигізбесе болды. Қазіргі және болашақтағы тарихиқұндылықтарды біріктіретін мәдени ренессанс – катализатор бола алады. Оладамзаттың бірігуге, барлық діндердің, қоғамдық ұйымдар мен басқа да әлемдікқауымдастықтың халықаралық құрылымдарының ынтымақтастығына сүйенетін жаңаұжымдық және моральдық сана-сезімге қарай жоғарыға ұмтылуына негізделеді.

Адамзат қоғамдық дамудың түрлі сатысын бастан өткерді.Бүгінгі кезең постиндустриалды қоғам типімен сипатталады. Қазіргі заманғытіршілікті компьютерлік технологиялар мен цифрлық байланыс құралдарынсызелестету мүмкін емес. Мұнда жаңа ақпараттық технологиялардың іргесін қалаушылар– Билл ГейтспенСтив Джобс және т.б. айтпай кетугеболмас. Бастысы, келешек технологиялықөзгерістер, ақпараттық технологиялар ХХІ ғасыр мен кейінгі ғасырлардағыжалпыадами өркениет игіліктерін қалыптастыруға арналған маңызды құрал ғанаболса игі. Дегенмен барлығы әлемдегі ең ақылды адамдардың адами факторыныңсаналы өзара іс-қимылына байланысты.

Жалпы, ғылыми-техникалық прогресс ғаламдық ынтымақтастыққа,жалпыпланеталық ақпараттық жүйелерді, байланыс, көлік, сауда-саттықты құруға,елдер арасындағы көне айырмашылықтарды жоюға әкеп соқтырады. ХХ-ХХІ ғғ. жербетіндегі адамзаттың өмір сүруімен байланысты жаһандық проблемалардың – ядролықсоғыс қаупі, экологиялық апаттар, демографиялық проблемалар мен басқаларыныңтуындауы адами өркениеттің бірлігі туралы пікір, сондай-ақ әлемде бірыңғай өркениеттік белбеу қалыптастыру үшін қосымша негіз болады.

Өркениеткөбінесе урбанизация, ғылым, техника және технологиямен байланыстырылады.Ғалымдардың баға беруі бойынша, аталмыш бағыттарда ашылған жаңалықтар ментабыстар аз емес, мәселе жекелеген елдер үшін олардың қолжетімділігінде. Деседе,адамның интеллектісі әлі де әлемнің жасырын сырларын ашуға қабілетті. Бәлкім,келесі ашылулар мен «ноу-хау» ғарышпен, ғаламның басқа планеталарымен жәнет.с.с. байланысты болатын шығар. Осылайша әлемдік өркениет өз дамуының жаңасатысына, яғни гуманистік ноосфералықжәне жаңа планеталық өркениет типіне көшуге аяқ басты. Біз, қазақ халқы, ХХІ ғасырдың осы жаңа жүрістеріненқалып қоймай, әсіресе сананы өзгерту, білім, ғылым, мәдениет жағынан кенжелемей,жаңа технологияны да игеруде болайық.

Оразалы СӘБДЕН,

Қазақстан ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

э.ғ.д., профессор, академик          

Абай облысын құру туралы ұсыныс

ҚР президенті Қ.Тоқаевтың,

Парламент  депутаттарының назарына!

Семей өңірі киелі жер.

Бергі тарихқакөз жүгіртсек, қазақтың көп зиялылары Алаштың астанасы Семейдің тумасы немесесол аймақтан білім алып шыққандар. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, Х.Ғаббасов,Ә.Ер­ме­ков, Қ. Нұрмұхамедұлы, А.Дүй­­себаев, Б.Сәрсенов, А.Бар­­лыбаев,Т.Жарқынбаев, И.Әлім­беков, Қ.Мұздыбаев, М.Тұр­ғанбаев, С.Мұстафин, М.Мал­­дыбаевсынды көрнекті қоғам қай­раткерлері білімдерінің бастауын Семейден алған.

Олардың алдында әлемге әйгілі ШоқанУәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім, тағы басқалар оқыған, өскен жер. Кейін кеңесзаманында, егемендік алғаннан соң да мемлекет, қоғам қайраткерлері, айтулытұлғалар шыққан киелі аймақ. Бұл жерді, жалпы, Қазақ елінің саяси-әлеуметтікидеологиясының негізі бастау алған, ұлттық иммунитетті қалыптастырған аймақдесем, артық айтқандық болмайды. 1903 жылы Ресей патшалығының үкімімен Семейколледжі алғаш рет құрылып, онда Ә.Сәтбаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев,Ә.Марғұлан, М.Бөжеев, І.Айтықов атты алыптар  өмірге жолдама алып, Қазақстанның атын әлемгешығарды.

Бір Абайдың өзі екі ғасыр бұрынбатысты да, шығысты да зерделеп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, Қазақелін өрге жетеледі. Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтыңидеалы. Ол әлем өркениетінің ғұламаларынан көп ілім-білім жиған, сол біліміменадамзат биігіндегі өз ойларын қорытып шығарды. Абай – адамзаттың рухани сардары. Абай ой мен сөз бостандығыныңсимволына айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Абайды қазақ баласы тегістанып, тегіс білуі керек». Бір сөзбен айтсам,  Абайдың толық адам ілімінің жолкартасын жасап, біздің рухани конституциямыз ретінде халықты оқыту керек.

Осы орайда, биыл туғанына 175 жылатап өтілгелі отырған әлемдік деңгейдегі тұлғаға неге бір облыстың атын беругеболмайды деген сұрақ көптің көкейінде тұр. Жамбыл облысы бар. Түркістан облысыашылды. Талдықорғанға облыс мәртебесі қайта берілді. Бір кездерде құлдырап кеткеноблыс, әсіресе Талдықорған қаласы, қазір қарасақ, сәулетіне көз толады, дамыпкеледі.

Экономикалық жағынан алсақ, Семейөңірінің өндірістік әлеуеті жоғары, халық саны 1,4 миллионнан асады. Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Қатонқарағай,Үржар және т.б. аудандарда халық тығыз орналасқан. Семей қаласында 322 мың, Өскеменде340 мың адам тұрады. Тамылжыған табиғаты таңғаларлықтай, оның ішіндегі Зайсанкөлі, Бесқарағайдың үлкен ормандары, Тарбағатай таулары мен Қатонқарағайдыңкөркем табиғаты, Алматы облысымен шекаралас Алакөл болашақта үлкен туристікпотенциалы бар жерлер. Қазақстанның Швейцариясы осы жер деп айтуға болады.Ертең шетелге ақша шашатындар мен көптеген шетелдік туристер асығатын әсемдемалыс орындарына айналатындай жағдайы бар өңір. Мысалы, Алакөлдің табиғиемдік қасиеті ТМД елдерінде танымал, сол себепті онда келетін туристер де көп.Бұдан басқа, өңірде түрлі түсті металдардың, графит пен алтынның қайнар көздерібар.  Облыста Ертіс өзені мен оныңсалалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Бұл өңір Қазақстанның еңірі индустриалды-аграрлық аймағы саналады. Мұнда металл өндіру, машина жасауқұрылысынан бастап, ауыл шаруашылығына дейін жақсы дамыған. Бұл бай өңір тұныптұрған табиғатымен келешекте Қазақстанды сыртқа танытатын өлке.

Түркістан мен Семей қазақ қоғамынізгілендіретін рухани орталықтар болуы тиіс. Ескі Семейде «Көпестер қалашығын»жасау қажет. Қазақтың жақсы-жайсаңдары жиналатын «Абай зиялылары» орталығы ашылса, киелі жердің қасиеті аспандареді. Түркістан мен Семейді жаңғыртып, руханиорталық ету арқылы қазақ халқының санасы өзгеріп, тереңде жатқан рухани-мәдени,тарихи құндылықтарымыздан күш алып, батыстың да, шығыстың да ықпалынан кетіп,қазіргі аласапыран жаһанданудан ұлттық тінін сақтап қалар ма еді?! Қазақстан өздамуының жаңа жолын табар еді. Қазақ өткенге есесі көп кеткен ел. Мүмкін, бізгетағдыр өтпелі кезеңде осындай мүмкіндікті беріп тұрған шығар. Бұл жолы қапықалсақ, ешкімге өкпелей алмаймыз.

Бұл өңірдің халқы Семей полигонынанқаншама зардап шекті. 1949-91 жылдары Семей ядролық сынақ полигонында 470ядролық жарылыс жасалынды. Оның салдарынан қанша адам қайтыс болғаны белгісіз.Тек сәулелік зақым (облучение) алғандардың саны жарты миллион адамнан асқан. 2млн гектар ауылшаруашылық жері радиоактивті умен ластанған. Арал, Семейаймақтары экологиялық апатты өңірлер деп есептеліп, бір уақыттарда біз, ЖоғарғыКеңес депутаттары, заң қабылдаған болатынбыз. Оның да аяғы суға кетіп,  Жоғарғы Кеңес қайта-қайта таратылып, ақыры ескерусізқалды. Зардабы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Егер демократиялық сайлау болса, ендігісайланатын депутаттар бұл тағдырлы мәселені қайта көтеріп, екі өңірдің халқынақомақты жәрдем беруі керек.

Жалпы, бұл өңірдің қазақ халқынабергенін, зардап шеккенін таразыға салсақ, біз Семейге қарыздармыз депесептеймін. Оның үстіне қитұрқы саясатпен Семей облысын жауып тастағаны нағызәділетсіздік. Осындайда жоңғарларды жеңіп, қазақтың ұлан-ғайыр жерін жаудансақтап қалған қара орман халқымыздың дәрменсіздігіне ішің ашиды, жүрегіңсыздайды.

Ал енді Абай облысының орталығыСемейде ме, жоқ әлде Өскеменде бола ма, оны облыстың тұрғылықты халқынан сұраукерек. Керек болса, референдум жасап шешуге болады. Маған салса, әрине, киеліжер – Семей.

Кейбіреулер айтуы мүмкін, қазірдағдарыс уақытында бұл іс-шараларға көп қаржы кетеді, кейінге қалдырайық деп.Мен ойлаймын, мұндай ізгілікті қадамды дәл қазір – ақынның мерейтойы тұсындажасауымыз қажет. Жалпы, 30 жыл бойы қалыптасқан «ыңғайлы көпшіліктің» қасаңтартқан санасын өзгертетін уақыт келді. Қазір қазаққа жетпей тұрғаны – рух. АлАбайдың атын шығару қазақтың рухын көтереді. Абайдың көрегендігі мен Шәкәрімніңшындығын, Шоқанның ғылымдағы ерлігін бағдаршамдай ұстану қажет. Абай атындағыхалықаралық «Рухани даму қоры» құрылғанын қалаймыз, бұған керек болса, бүкіл елболып көмектеседі. Абай атының өзі-ақ облысты көтеріп береді.

Оразалы СӘБДЕН,

ҚР Мемлекеттіксыйлығының иегері,

Қазақстан ғалымдародағының президенті,

э.ғ.д., профессор,академик           

Қазақстанға жаңа рухани-моральдық жол картасы керек

Әлем күрт өзгеруде, ертең не боларын білмейтін кезде біздің қоғамныңдертіне  шипа керек.

Қоғамды жаңғыртуды,30 жыл бойы қалыптасқан «ыңғайлы көпшіліктің» қасаң тартқан санасын өзгертудіакадемик Оразалы Сәбден қазіргі заманда әлемнің өркениеттік жақсы құндылықтарынпайдалана отырып, ең өзектісі ретінде Абайдыңтолық адам ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани конституциямызретінде жалпыхалықтық оқу жүргізу керек дейді.

                                   Абайдыңтолық адам ілімін жаңғырту

Абай – туматалант, данышпан, хакім, гений,қазақтың идеалы. Шығыстан да, батыстан  да  көп  ілім-білім жиған Абай сол білімнен адамзат биігіндегі өз ойларынқорытып шығарды.  Анықтап айтқанда, әл-Фарабидің философиялық  ғылым көздері, Жүсіп Баласағұнидың мораль философиясы,Қожа Ахмет   Ясауи,   Бақырғани    Сүлейменнің   сопылық ілім негіздері т.б. ғұламалардыңеңбектері арқылы өз іліми мектебінжасақтады. Ең негізгісі– ұлы Абайдың «толық адам» ілімі. Өзөлеңдерінде: «Ғалым болмай немене,Балалықты қисаңыз», «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге», – дегенАбай ойлары хакімнің ғылым-білімге үлкен мағына бергенін дәлелдейді.  Адамзат білім болғанда ғана жарыққа, биіккежетеді, дамиды деп түсінді. Осы ойларының мәнін аша түсу үшін қарама-қарсымағынада надандық, білімсіздік, қараңғылықты кінәлады. Абай білімнің неғұрлымтереңін көздеді. Білімді тереңдету үшін Абай«мұлахаза» және «мұхафаза» концептуалды ұғымдарына жүгінді, терең ойғасалып, ғылыми ізденістер жасады. Хакімнің осы ізденістерінен «толық адам»ілімі туды. Ол Конфуцийдің моральфилософиясын меңгерген сияқты немесе Абай ізденіс ілімі соған алып келгендей.

«Кімдекім осы жолмен жүруді өзіне шарт қылып қадам басса, солтолық адам делінеді» деп, «толық адам» бойындағы қасиеттердің ең негізгісі етіпізгілікті алға тартты. Бұл жерде Абай «Құтты білік» дастанындағы жәуанмәртлікті адамгершілік негіздеріретінде пайдаланып, «толық адам» концепциясына этикалық бағыт ретіндекіргізеді. Оның негізіне: ғылым, рақым,ғадәлет ерекшеліктерін алады. Осы үшеуініңбасын қосып, ізденіп толық игерген адам ғана «толық адам» қатарынақосылуы мүмкіндігін айтады.

Бізге де кейде сол Еуропакеңесшілерінің арқасында дүниенің көрінген сырына, қоғамның заттық әлемінебасымдық беріп, мұнай-газымызды, жерасты байлығын тезірекалсақ, шетелге сатып байысақ деп жүргендер де аз емес. Ойлағанын жасап та үлгерді,байларымыз да жетеді.Ал үкімет пен парламентсолардың шотын жауып жүрген сияқтыболып көрінеді. Әйтпесе өндірілген мұнай көлемінің 28-ақ пайызы бізде, ал 72 пайызы шетел компанияларыныңқолында екенін қалай түсіндіруге болады? Неге олар түскенбарлық табысты шетелгеалып кетуі керек? Біздің шенеуніктер Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін ұмытқан болар? Өкінішке қарай,егемендіктің 30 жылында біз Абайдың ой өркениетінмұқият зерделегенде баяғыда жүйені басқа арнаға салып, шетел үстемдігіндекетпес едік. Қазып жіберсек, бұл жерде кешірілмейтін қателіктер көп. Әттең, қайран Абай, ерте туыпсыз.

Ашығын айтқанда, біз еліктеп келген жаhандық дамудың қазіргі материалистик моделітиімсіз екенін мойындауымыз керек. Біз миллиардтаған адамға эндемиялықкедейшілік жағдайында өмір сүруге жағдай жасап отырмыз. Алға жылжуға жаңа жол табу керек. Сондықтан жүйелік тәсілдіқарастыра отырып, мәселелершешімінің адекваттылығының, тұтастылығының жауабын іздеген дұрыс. Олардың ішінде бастысы – дүниетануға гуманистік пәрменберу, дүниенің көрінбеген сырын,рухани-ізгілік бағыттары, қадамдары мен сананы ояту идеяларын тудыру керек. Қазір ХХl ғасырда адамиақыл-күй мен рухқа сенетін уақыткелді, әйтпесе өте қауіпті апатқадушар болуымыз мүмкін. Мәселе қоғамның адамгершілік тұрғыдан бүліну қаупі жөнінде болып тұр. Адамзаттың дамуыншығысқа бұрып, оны заттық жүйеден рухани, қоғамды ізгілендіру рельсінетүсірген жағдайда әлем тыныштанады,тұрақты дамиды.

«Осылардың бәрін қалай іске асыру керек?»дегенде, ұлы Абайдың «толық адам»іліміне қайта ораламыз. Сонда заңды сұрақтууы мүмкін: «Толық адам кім, өзі?Оның үлгісі біздің арамызда бар ма? Өзі кімнен өнеге-өсиет алып, кімге қарап,бой мен ой түзей аламыз?» т.б. Әрине,бар, түркі халқы, қазақ халқы – кемеңгер халық. Оларды осыкітаптағы тарихи ұлы тұлғалардан көруге болады. Дәл қазіргі уақытқа келсек, менАбайдың «толық адам» үлгісі деп, кеше ғана өмірден өткен академик, заңғар тұлға СалықЗиманов пен заты неміс болса да, ділі қазақ, халық жазушысы Герольд Бельгерді, академик ТұрсынбекКәкішевті айтар едім. Үшеуінің де өміріне, істеген істеріне үңілсең,«елім» деп, «егемендігім» деп, тіршілігінде тек шындықты айтып шырылдап, біліктіұсыныс-идеяларды айтып та, жазып та кетті. Қазақ халқын қалай ізгілендіремін деп, өмірлері күреспенөтті. Олар басқағажақпаса да, халыққа жақты,елдің сүйіктісі болды.Міне, Абайдың «толық адам» аманатын орындаған деп, осы тұлғаларды айтуға болар еді. Жастар осытұлғалардың еңбектерін оқып, өнеге алса екен.

Меніңше, адам толық адам болғанда ғана қоғамғашын пайдасын тигізеді. Адам өз мақсатына адал болғанда ғана ақыл-ойы ештеңегетәуелді һәм қолы байлаулы болмайды.Тек тәуелсіз ой ғана кемел істерге бастайды. Толық адамға биліктің де, байлықтыңда керегі жоқ.  Дүниенің қызықтарын, нәпсіні, басқаны ұмытып,тек еліне, халқына қызмет етудіойлайды, ел игілігі жолында барын салады.Оның бойы рухани тазарған кезде алтыншы сезімі ашылуы мүмкін, сол кездеөзі ойламаған мүмкіндіктерге қол жеткізуі неғайбыл. 

Абайдың «толықадам» ілімін шығыстық рухани даму жүйесімен ұштастырып, осыларды дүниежүзілікой өркениетінің дамуымен жүйелі түрде синтез жасап, жандандыруға болады депойлаймын. Ол үшін бізге материя мен сананы, рухты бір жүйе ретіндеқарастыратын жаңа идеялар керек, бұл біздің батыстық жүйеден басты айырмашылығымызболмақ. Ол деген: Ұлы Жібек жолын жандандыру, Түркістанды қайта жаңғырту, рухты ояту, үлкен экономикалықбелдер жасау, рухани, логистикалықжобалар ұсыну т.б. Мысалы, 2012 жылы Түркістанды халықаралық  деңгейде рухани орталыққа айналдыру жобасынжасап, елбасына жіберген болатынмын. Ендігі мәселе осы жобаны толыққанды іскеасыруда.

Еңмаңыздысы – адам, оның ішкі әлемі, әр отбасы, ұрпақ тәрбиесі,ұлттық дәстүрді жаңғырту. Себебі жаңапостиндустриалды өркениетте бірінші кезекке адам факторы мен рухани санақойылуы керек. Бұл дегеніміз – Абайға  жүгіну.Осы орайда, бір ұсыныс айтқым келеді. Біздің мемлекетімізде ғалымдардың қатысуымен «Хакім Абайдың толық адамілімінің жол картасын» жасап, біздіңрухани конституциямыз ретінде халықты оқыту керек. Осыны игерген адам тиістіқызметке алынуы керек.  Барлықоқу орындарында Абайдыңтолық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғамөмірін ізгілендіре аламыз,цивилизацияға жаңаша бет бұрамыз.Абайармандаған заман енді туады. Әлі көп кешікпейдүниежүзі Абайды Конфуций менНострадамустай оқитын болады. Абайдың феноменінсонда ғана адамзат түсінетін болады. Басқалар түсінгенше, Абайды өзімізбойымызға сіңдірейік.

Себебі ХХІ ғасырдацивилизациялық даму соған алып бара жатыр. Жаһандану процесі руханисалаға мейлінше, күштірек ене бастады. Адамның рухани санасына, әлемдікпсихологияның өзгеруіне батыл өзгерістер жасалынуы қажет. Бұл халықаралық қатынастарда құқықтың сақталуына, келісіммен бейбітшілікке алып келеді. Оғанөту бұрынғы идеологиялық постулаттарды қайта қарастырудан басталады. Мысалы, экономика жағынан алып қарайтын болсақ,оны әдеттегідей, абстрактілі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға емес, нақты адамның тұтынымына бағыттау кeрек.Мысалы, жаңа ұсыныс ретінде «әр адамға әлеуметтік-экономикалық нормативтерді енгізужолымен ғана адам капиталы саласында кедейшіліксіз өмірді қамтамасызетуге болады». Бұл дегеніміз – экономиканы әр адамның керегіне бұру.

  Абайды оқу, тану,ойларының тереңіне үңілу, маржанын теру ойшылдың ой өркениетіне мойын бұру болыптабылады. Сонда ғана рухани биіктікке қолымыз жетпек, сонда ғана жаңа өркениет есігінен «толық адам» болыпаттай аламыз. Қазақтың тербеліп өсер бесігі – шетел насихатшыларыемес, ол ұлы Абайдың шығармалары, қара сөздері, шығыс философиясы. Ұлы Абай– шығыс даласында руханиреволюция жасаған әлемдік тұлға. Ойшыл хакімді өзінің осы лайықты биігінекөтеру біздің парызымыз. Абай ілімі бізге математиканың көбейту кестесін білусияқты бір қалып «стандарт» ретінде пайдаланса, қоғамның алға жылжуына үлкенәсері болары сөзсіз. Әр жеке адам «Мен ішкі жан дүниемніңжұмағына қалай кірем? Осы өмірде кіре алам ба?» деген сауалды өз-өзінеқойып, соны Абай ілімі арқылы шешуге тырысуы керек. Қытай болса Конфуцийдітолыққанды іске асыруда. Ұлы Абайдың «толық адам» ілімін игерген жас қазақ өзінде, елін де бақытты етеді.

Келешекке көз салсақ, әлемнің постиндустриалдыдаму кезеңінде қоғамды ізгілендірузаманының моральдық кодексін жасақтағанда басқа әлемдік генийлермен бірге ұлыАбайдың ой өркениеті, оның «толық адам»ілімі, асыл сөздері сол моральдық кодекстіңфундаменттерінің бірі болып қаланатынына негізмол және де олар күлліадамзат ұстанатын мұраттар.

Осыған дайындық ретінде Қазақстанда, Ұлы  Жібек жолында Абай атындағы рухани академия ашып, сол академияда Абайдың мұрасын,шығыс философиясын зерттейтін, Еуразия кеңістігіне ғылыми кадрлар дайындайтынорталықтар қызмет етсе, өркениеттің дамуына үлкен септігін тигізер еді. Бұлтуралы ұсынысымды президент Қ.Тоқаевқа жазған болатынмын.

Кемеліне келген толық адам өзінің біліктілігісонша жоғары болғандықтан, ол адамзат алдына, жалпы әлемге бағалы, өте құндырухани дүниелер, жаңалықтар алып келеді, жаңа өркениетке жол ашады. Генийлер деосылардан шығады.

ХХІ ғасырда сананы өзгерту, жаңамораль жүйесін жасау туралы

Хакім Абай: «Рухани құндылық – адамзатөмірі мен адами жетілуінің қосқанаты – ізгілік пен танымға бірдей азық әрі жетекші», – деп пайымдайды. Ақыл мен жүректі ізгі етуші – әділет.Абай «Он төртінші сөзінде» ақылжүректің ізгі қызметінде көрініп, нұрлы болуы әділеттен дегенді байқатады. Әділетті ақылмойындаған нәрсені ғана Абай жүрек ісі деп біледі. Ал «Ойғатүстім, толғандым» өлеңінде жүректің өзін оның негізгі қасиетіәділеттілікпен байланыстырып, өмірде өзінен де пенделік қателік кетіп,әділеттен бұра тартқан кезіне өкініш білдіреді.

Абайда Алланың әділетін тауып,танып, анықтау,оны бәрінің де бастауы етіп көрсету басым.«Бұдан ізгілікті қоғамның ХХІғасырда моральдық кодексі қандай болуы керек?» деген заңды сұрақ туады. Адамның қабілеті шексіз.Егер ол жастайынан жанына керектініңбәрімен айналысса,оқыса-тоқыса, ілім қуса – дегеніне жетеді. Осыжолда ол өте бай да (миллиардер) бола алады,биліктің де шыңына шыға алады,тіпті үлкен ғалым, сәулетші т.б.болуы, үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін.Бірақ сол жолда оның алдынан шайтан жолғашығару үшін әртүрлі тән рахатына бататын ұсыныстар болады, тәннің нәпсіге ұрынуы,үлкен пара да ұсынылуы мүмкін т.б. Өкінішкеқарай, көріп жүргеніміздей, олардың көбісі талантын таптап, осы жолға түсіп кетеді. Ал бойындақалыптасқан адамдық, моральдық принциптерінұстап қалатындар діттеген мақсатынажетеді. Жалпы, мораль  дегеніміз  –  нәзік  дүние бола тұра, ол қоғамның руханидамуы мен табиғат заңдылықтарыныңадам өмірінде орындалуынан туады. Тек осы жағдайдағана адамның ішкі рухани дүниесітолыққанды қанағат табады,кемелденеді.

Абайдың теріс істі кісінің өзі жасамай, оның өзгеден шыққанынкөргенде-ақ: «…ұятісті қылған адамды есіркегендіктен, бір нәрсе іштен рақым секілді болыпкеліп, өзіңді қысып, қызартып кетуін» ізгіліктің белгісі ретінде танытады.

Әлемде бар моральдық кодекстерді (діни, кәсіби, корпоративтік және т.б.) саралайтын болсақ,барлығында бірінші орында ізгілік, адамгершілік, яғни этика-әдеп  принциптері  өзек болыпсаналады.  Мәселен,  діни  кодекстерде өмірдің  мәнін ұғыну, денсаулықты бағалау, адамның өзін және өзгені сыйлауынегізгі құндылықтар ретіндеқарастырылады. Ал кәсіби кодекстер мамандардың біліктілігімен қатар, сол қауым үшін құнды этикалық принциптерді қамтиды. Бұл қағидаларды ұстанбау, түптепкелгенде, адамның жұмыстан кетуін немесе сол қоғамның мүшелігінен шығарылуын көздейді. Мәселен, Гиппократ антының дәрігер үшін маңызы қандай болса, сол сияқтыжурналист кредосының да мәні жоғары. Қазіргі әлемде болып жатқан коронавирус індетінауыздықтау дәрігерлер антының риясыз орындалуында. Біздің дәрігерлеріміздіңриясыз еңбегін, қандай қиындыққа барып жатқанын тек батырлық дейміз.  Дәрігерлерге көмекті аямау керек.

Абай адамның адамгершілігімен кісілігін кемелді, толық етугенегіз болатын  басты  қасиеттерді  анықтайды.  Хакім Абай айтқандай, ақыл, рақым, әділет – үшқасиетті үлгі етуден туындатады. Экономикалық дамудың үздіксізне өміршең болуын қамтамасыз ететін бірден-бір дүние оның рухани құрамдас бөлігінің, моральдың болуы керек екенін бүгінгі өміріміз осылайша айшықтап отыр. Осы тұста моральдық, этикалық кодекстердіңбелгілі бір салаларда ғана емес, халықаралық келісімдер меншарттарда да болуытиіс екенін атап айтқым келеді. Себебі барлығындатек экономикалық тиімділікке баса назар аударыладыда, оның гуманитарлық, этикалық астарықалып қояды. Сондықтан ізгі қоғам құру жолында жалпы адамзатқа ортақ ізгілік құндылықтар: адамгершілік,адалдық, әділдік, ар т.б.қамтыған халықаралық мораль кодексін қабылдаудың да мәні жоғары. Бұл өз кезегінде мегадипломатия арқылы экономикалық дамудағы тұрақтылыққа әсер етеді.

Мысалға, қазіргі уақыттағы қазақ қоғамыналсақ, зиялы, адал адам таза еңбегімен ешқандай жетістікке де, байлыққа да жетеалмайды. Біздің бүгінгі өміріміз, Шәкәрім айтпақшы, «әйтеуір, қол жетпейтін бір жанталас». Ал, керісінше, айлакер, қу,нәпсіқұмар адамдар жең ұшына қол жалғап, тамыр-таныс, сыбайластық арқылыбиліктің биік шыңына жетіп жатқанының куәсі болып отырмыз. Біздегі байлық пен биліккеқол жеткізгендер ішінде үкімет басшысы, әкім, министр, бизнес өкілдері менбанкирлер бар. Ал қарапайым дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым, жазушы, ақынматериалдық құндылыққа қол жеткізбек тұрмақ, айлығы шайлығынан аспай жүр.  Біз сонда қандай қоғам орнатып жатырмыз? Неге біз адамзатқа лайық таза жолменжүрмейміз? Жауабы қашан болады? Меніңойымша, бұндай стратегиялық қателікті, теріс ұғымды, қоғамды, цивилизацияныдағдарысқа алып баратын жолды тек мораль,адамның ары мен тазалығы, сананы көтеру арқылы жеңуге болады. Ол үшін осы қиындықтарды еңсеру арқылы адам өзінебақыт әкелетінін сезінуі қажет. Бұлардыжасау үшін, меніңше, мынадай қағидаттарды ұстанған жөн.

Бірінші–адамдардың санасына өзгеріскерек. Айналада,қоғамда болып жатқан мәселелерге мән беріп, неге бұлай деген сұрақты қою. Сенсаясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады. Еңбек етіп, мемлекетке салықтөлеп отырғаннан кейін «осыншама қазба байлықтың үстінде отырып, Абайшаайтқанда, неліктен шеңгел шайнап отырмыз» деген сұрақты қою  осы елдің азаматы болған соң, әбден заңды.  Сананыөзгерту дегеніміз – айналаңдағы өмір күнделікті күнкөріс қамы ғана емес,өзіңнің және ұрпағыңның болашағын ойлау, сол үшін жауапты болу.

Екінші–саннан сапаға көшу. Біз осы уақытқа дейін баламыздыақылы оқуда оқытып, «диплом алса болды» деген мақсатта болдық. Жоғары оқу орнынбітірген жас дипломын алады, бірақ неге мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды,егер жұмысқа тұрса, еңбекақысы неге аз, неге кәсіби өспейді деген санада дасауал туындауы керек. Сананың өзгеруі деп осыны айтамыз.  Сапасыз білімалып, кейде 2-3 дипломмен жұмыссыз жүруден гөрі нарықтық заманға ыңғайлы, нан тауыпжей алатын мамандық таңдайық, сол салада кәсіби біліктілігімізді арттырайық.  Сонда ғанабақуаттылығымыз артады. Бұл үшін сананы өзгерту арқылы таңдауды тек өзімізжасаймыз. Елдің материалдық жағдайы дұрыс, баспанасы, кәсібі болғанда ғана бізекінші сатыға, елдің рухани жағын күшейтуге күш сала аламыз.  Абайдың «толық адам» ілімі ұлттық рухани құндылығымыздыарттыру мақсатында бізге осы кезде керек болады.

Елдің ең басты капиталы – адам. Егер адамжан-жақты, ізгі, әділетті, рақымсүйгіш болғанда ғана елдегі адам капиталыныңсапасы артады.  XXI ғасырдахалықаралық деңгейде адамның сапасынөлшеуде белгілікөрсеткіштермен қатар, Абайдың«толық адам» ілімі ең озықидея ретінде пайдаланылуы тиіс.

Үшінші–санасы өзгерген, сапалы кәсіби білімі бар, мақсатыайқын адамға патриоттық сезім,психологиялық пәрмен, яғни жоғары ерік күш қажет.Ол күнделікті үздіксіз жаттығумен келеді. Соның арқасында адамсананың ең жоғарғы деңгейіне жетеді. Гегель айтпақшы, «тәрбие – адамдыбала кезден тәрбиелеу ғана емес, ол – сананың оянуы». Дұрыс сапалы білім ментәрбие алған адам, халық мықты мемлекет құрады.

Төртінші– әр адам дүниежүзінде орын алып отырған сын қатерлерге адекватты түрде өзініңбарлық күш-жігерін, мінез-құлқын, қайратын, қайсарлығын жұмсауы қажет.Негізгі мәселе – басқалардыбасқарудан гөрі әр адамның өзін-өзіигеруге мән бергені жөн. Өз қадірін білген адам басқаның да қадірін білеалады, ал басқалар соған сай ізет қылады.

Бесінші –адамның рухани дамуытекдін жүйесімен байланысты емес, ол – өміріміздің бейнесі, қоғамды ізгілендіруге талпындыру. Керек болса, біз Құдайдың, табиғаттыңалдында байлығымызбен жауап бермейміз,керісінше, істеген жақсылығымыз, руханиқұндылығымыз бен санамыз қайдеңгейде екенімен есеп береміз. Адам өмірде үлкен байлығымен жетістіккежеттім деп мақтануы мүмкін. Адамныңрухани өте азғын болуы біріншісінжоққа шығарады да, ол адам Абайша«толық адам» болмайды. Ал байлыққа көзсіз ұмтылу бақыт әкелмесі анық. Рухани күшті адам жамандық жасай алмайды.Себебі оны жоғарыда айтқан моралі жібермейді. Оқу орындарында сапалыбіліммен қатар, моральдыазамат тәрбиелесек, игі болар еді. Оның өзін-өзі тануға, өзінің потенциалын ашуға,мәдениетіне, тазалығына және оның ішкі адами сапасынамән берілсе.

Алтыншы–осыларды іске тиімді асыру үшін адамөзін-өзі бақылап, басқара білуі керек.Адам алдына қойған мақсатына жетіп, «толық адам» болуы үшінөзін бірқалыпты ұстауы, сыртқы және ішкі факторлардан өзін сақтап, іс-әрекеттерін басқара білуі керек. Әрине, мұның бәрі ең жоғары моральдыққұндылықтарға, адамның ар ұстанымына, қалыптасқан мінезіненегізделеді. Мораль кетсе,бәрі кетті деген сөз. Мектепте жастарды мінезінің қалыптасуына, ойының тұрақтануына, негативті процестермен күресугебейімдеу керек. Жеңіл мал табудан,«көп айтса болды, билік айтсакөнді» дегеннен арылу қажет. Осыжетістікке жететін ұзақ жолда үлкенкүш-жігер, талап, әсіресе тұрақты бақылауқажет. МұндайдаАбайдың «Егер ісіңненнәтиже көргің келсе, әр уақытта өзіңнен өзің есеп алып отыр» деген сөзінеске алсақ жарареді. Өмірде басқаларды басқарудыңалдында өзіңді басқаруды үйрен. Ол рухани санамен келеді.

Осылардың бәрін игергенадам тұлға болып қалыптасады.Одан ары  адам  өзінің бір  даму  деңгейіне  жеткенде кемелденген толық адамболып есептеледі. Қалай ойласаңызда, сапалы білімсіз, рухани қалыптаспаған адам өмірге бағалы ештеңе алып келе алмайды.Себебі оның өзі Абайдың «толық адамы»бола алмайды, оның ақыл-ойын,рухын миымен толық игеруге шыдамдылығы  мен төзімділігі  жетпейді. Егер  адам Абайдың«толық адам» ілімін шынжүрегімен түсінсе, «мен өзімді өзгертемін, қойған мақсатыма жетемін» деп мақсатқойса, ол адамды енді бұл жолда ешкім тоқтата алмайды. Түптеп келгенде, моральдық қалпын сақтаған адамөзін де, елін де, адамзатты даалға алып баруға өз септігін тигізеді. Сонда ғана ол адам осы өмірде өзініңішкі дүниесінің жұмағынакіруі мүмкін. Ал моральдық қалпы жоқадам кешірілмейтін қателіктер жасайды.

Егер болашаққа болжам жасайтын болсақ, адамзат ең жоғарғы моральдық қалпымен, сананыңшыңымен жүретін болса, онда зорлық-зомбылық, соғыс,үлкен қақтығыстар да болмас еді.Ол үшін білім мен тәрбие жүйесі күрт,түбегейлі өзгеруі керек. Оның басындаәр адамға жеткілікті деңгейде материалдық тұтынуқажеттілігі мен мораль тұруы керек, адами қасиеттердің қалыптары әр адамның ой-санасына енгізілуі қажет. Әрине,бұл көп іс-әрекетті, ұзақ уақытты алатын  процес. Дегенмен әр адамның жеке рухани мүмкіндіктерііске аспайынша, өмірдің жақсаруы екіталай. Себебі мұңсыз адам ары қарай  да теңсіздікке, жалған ұжымдықтың құлдығына ұшырай береді.Билік оны неге сендіргісі келеді – соны жасайды, жалған ақпараттар т.б. тетіктер арқылы мақұлдатады. Мұны «ұятсыз өтірікке сендіру» депатауға да болар еді. Ары кете берсе,бұл жолдиктаторлық жүйеге алып баруы мүмкін.Мұндай сұмдықты болдырмау үшін жаңа этика туралы заң қабылдау керек.

Алда  цивилизациялық дамуда VI–VII жаңа технологиялықукладтарды игерудің арқасындадүниеде үлкен өзгерістің, ғылыми-техникалық революцияның болатынына сенеміз.Себебі сана эволюциясы, рухани революция,қоғамды ізгілендіру заманы келе жатыр. Ал адамзатболса осыған қызмет ете отырып,өзінің рухани даму шыңынашығады. Сонда ғана бүкіл адамзатәлемнің бейбітшілік дамуының жемісін көреді. Бізге де рухани биіктікқажет.

ОразалыСӘБДЕН,

ҚРМемлекеттік сыйлығының иегері,

э.ғ.д.,профессор, академик