Газетные статьи

Глава государства принял известного экономиста и общественного деятеля Оразалы Сабдена

На встрече всесторонне обсуждались перспективы экономического развития страны. При этом особое внимание было уделено диверсификации экономики страны, наращиванию производственного потенциала, развитию малого и среднего бизнеса, сельского хозяйства. Отмечена исключительная роль цифровизации данных отраслей в достижении намеченных целей. Рассмотрены механизмы повышения качества жизни населения с помощью социальных инноваций.

Напомнив, что в прошлом году была принята Концепция развития высшего образования и науки до 2029 года, Президент сказал, что государство уделяет повышенное внимание развитию науки и образования.

Глава государства подчеркнул, что держит на особом контроле вопросы деятельности Академии наук, а также отметил, что государство продолжит поддерживать хорошо образованную, следующую мировым тенденциям молодежь.

Оразалы Сабден высказал ряд предложений по развитию научной сферы.

Предложение Президенту К. К. Токаеву

  1. ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа «Мемлекетті 5-тік спиральмен жаңаша басқару жобасы» (30.07.2019)
  2. ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевқа «Абай атындағы рухани академия» ашу туралы (2019 ж)
  3. Ауылыңа бәрі бір оралатыныңды ұмытпа (2020): ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевқа, Қазақстан халқының назарына
  4. 30 жылда жоғалтқан сенімді халыққа қалай қайтарамыз? Тығырықтан шығу жолы! Қазақстан халқына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат. (Жас Алаш, 14.01.2021)
  5. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа. Ашық хат. Жас Алаш. 5 тамыз 2021 ж. «Бұқаралық спортты дамыту, түбегейлі реформа жасау туралы)
  6. ҚР Президенті ашық хат. Қазақстанға терроризм емес, мәдени революция керек. Жас Алаш. Қаңтар 2022 жыл.
  7. 7 жылға сайланған ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа 7 ұсыныс. Жас Алаш. Желтоқсан 2022 жыл.
  8. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың назарына (ашық хат). Ана тілінің тағдыры мүшкіл екені даусыз. Дат газеті. Қаңтар 2023 жыл.
  9. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың (2024 жылғы 25 қаңтарда) қабылдауында болып 10 ұсыныс-жобалар берілді.
  10. Қазақстанды ізгілендіруде «Ұлы Абай ілімінің халықаралық резиденциясы» жобасы туралы. (20.03.2024 ж)
  11. Жалпыхалықтық жоспар – 1000 жоба туралы. (20.03.2024 ж.)

Предложение Президенту Н. А. Назарбаеву

  1. О республиканской программе подготовки кадров за рубежом. (1990 г.)
  2. О создании и организации деятельности Национального научного фонда. (13 ноября 1991 г.)
  3. О создании Высшего консультативного совета по науке и технике при Президенте Республики Казахстан. (Июль 1992 г.).
  4. Об интеграции науки, образования и подготовки кадров. (23 ноября 1993 г.)
  5. О корректировке Правительственной программы. (1994 г.).
  6. О концепции новой экономической политики (Февраль 1995 г.).
  7. Концепция новой экономической политики («Советы Казахстана», январь 1995 г.)
  8. Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы («Халық кеңесі», 13 қаңтар, 1995 ж.).
  9. О государственной поддержке         отечественных производителей (1995 г.)
  10. Об ускорении экономической реформы в Казахстане на пороге ХХІ века. (Ноябрь 1997 г.)
  11. О государственной монополии           на        производство виноводочной продукции и создании национальной корпорации «КАЗАХСТАН ШАРАБЫ» (Май 1998 г.).
  12. Об ускорении экономической реформы (май, 1998 г.).
  13. О создании Национального Агентства по науке и технологиям (Апрель 2006 г.)
  14. Стабилизация и рост конкурентоспособности экономики Казахстана. (Алматы, 2008 г.)
  15. Об инновационном развитии экономики Казахстана и роль науки (Алматы, 2009)
  16. О повышении конкурентоспособности человеческого капитала в Республике Казахстан (2010).
  17. Экономика 2020 – новый путь и Казахстанское экономическое чудо (2011 г.)
  18. О создании национального научного       центра фундаментальных и прикладных исследований (2011 г.).
  19. О некоторых направлениях     совершенствования организации и управления территориальным развитием (2011 г.)
  20. «Общественная палата» Республики Казахстан – палата больших надежд (2011 г.)
  21. К политической модернизации страны: новый подход и новый проект ее реализации (2011 г.).
  22. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасы (2011 ж.)
  23. «Түркістан Өңірі» рухани – жаңа технологиялық кластерін құру тұралы мегажоба (2012 ж).
  24. Записка о пенсионном возрасте женщин (22.05.2013 г.).
  25. Записка О реформе науки (Открытое письмо 03.2014).
  26. Абай және қазақ болашағы (04.2015 ж).
  27. Записка «О судьбе науке» (Открытое письмо 11.2015).
  28. Алдымыздағы үлкен қиындықтан шығу үшін Қазақстан халқының барлық күш-қуатын біріктіретін уақыт келді (15.01.2016 )
  29. «Қоғамдық палата» құру – мемлекетті тиімді басқарудың қажеттілігі (13.05.2016 )
  30. Освоение казахстанской целины XXI века – как возрождение истории и укрепление страны (24.05.2016 г.)
  31. Мемлекетті төрттік спиральмен басқарудың жаңа парадигмасы: мемлекет, бизнес, ғылым және қоғам.02.2017ж.
  32. Латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіру жөніндегі «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс төбының ұсынысы.
  33. Академик О.Сәбденнің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына ашық пікірі (1 хат, 2018 ж.)
  34. Академиктің бірінші Ашық хаттағы «Біз өзі қайда бара жатырмыз…» деген сұраққа жауап ретінде берген «БЕС ҰСЫНЫСЫ» (2 хат)
  35. Академиктің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына үшінші ашық хаты: «Бизнесті қалай бүкіл халықтың дәулеті жасаймыз?»
  36. Академиктің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына төртінші ашық хаты: «Түркістанды рухани астанаға айналдыру жобасы».
  37. Академиктің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына бесінші ашық хаты: «Ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпіліс беру туралы».
  38. Академиктің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына алтыншы ашық хаты: «Мемлекетті 5-тік спиралмен басқару жобасы».
  39. Академиктің ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына жетінші ашық хаты: «ҚР саяси реформа жасау туралы».

Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, академик О.Сәбденнің Қызылорда өңіріндегі сөзі

Сыр өңірінің тарихы терең, жермен, дариямен байланысты. Мысалы, Қорқыт ата университетіндегі тарихи музейді қарасаңыз, Сырдарияның ағыс саласы, арналары ғасырлар сайын ауысып отырса, тарих та өзгеріп отырған. Көне қалалар келген, шығыс өркениеті дамыған жер. Жердің, елдің қадірін білгендіктен көне тарихтан бері Сыр өңірі хандықтардың Ордасы болған. Сондықтан бүгінгі отырысымыздың тарихи маңызы өте зор.

Жер туралы менің көзқарасым белгілі. Ол жерді шетелге жалға бермей, өзі азаматтармызға да сатпай-ақ, жерді 49 жылға жалға беріп, кооперация заңын, және т.б. жерді игеру тетіктерін пайдаланып ауылшаруашылығын тиімді дамытуға болады. Өткен комиссия отырыстарда өз жобаларымды ұсынған болатынмын. Ашығын айтсақ, жерді ешкімге сатпауды бір мысалдың өзі-ақ тоқтатады. Ол шарықтап тұрған сыбайлас жемқорлық. Дүниежүзілік Давос форумының шешімі бойынша коррупция индексінен Қазақстан 123 орында. Маркс айтпақшы, “Обеспечте капиталу 10% прибыли, и капиталист согласен на всякое применение, при 50% он готов сломать себе голову, при 100% он попирает все человеческие законы, при 300% нет такого преступления, на которое он не рискнул бы пойти, хотя бы под страхом виселицы“. Сонда жерді кім сатып алатынын өздеріңіз біле берерсіздер. Осы керек пе бізге?

Жер туралы талай отырыста болдым. Мүмкін, менің ойым субъективтік болар, қатесі болса кешірім сұраймын. Сөйлеген сөздердің бәрі бір сарында сияқты. Көбіміз зомбированный сияқтымыз. Себебі біз қолдаймыз, жерді жалға шетелге берейік, ішінде сатайык та дегені жеткілікті. Сонда бізге инвестиция келеді, шетелден ақша келмей біз жерді игере алмаймыз деген қорқыныштарды айтады. Бір «рабская психология» ұстап тұрған сияқты, ар жағындағы бар шындықты көпшілігі шығарғысы жоқ. Себебі, бірі жұмыстан кетуі мүмкін, екіншісі депутаттықтан, үшіншісінің бизнесі өшеді және т.б баламыз қызметте сияқты себептері жетерлік. Бұдан мынадай ойда келуі мүмкін. Бұл бекеттен шығу үшін сонда бізге қатты дағдарыс керек пе? «Елдің күші селдің күші» деп бекер айтпаған. Ел – құдіретті күш, ол қаһарына мінсе жойқын сел сияқты, не болса да бұзып-жарып, жермен жексен етуі мүмкін. Бұл мемлкетке өте қауіпті емес пе?! Оның беті аулақ. Дұрыс жол іздеу қажет.

Өз мінін көре алмаған халық  өркениетті ел бола алмайды! Қайталап айтам «Өз мінін көре алмаған халық  өркениетті елдер қатарына жете алмайды».Неге бәріміз, ел мойындайтын шынайы шындықты жасырамыз! Үйге барсақ, сыбыс-сыбыс, жұмыста оқуға қорқатын газетті үйге барып оқимыз. Жеке әңгімеде басқаша сөйлейміз.

Осы бізге жерді сату, шетелге жалға беру халықты біріктіретін идея ма өзі? Жоқ, әлде халықты жік-жікке бөлетін идея ма? Төрелігін, жер иесі, киелі халық айту керек. Керек болса референдумға баруға тура келеді. Себебі Елбасы халықтың шешімін қолдаймын деді. Жер халықтыкі – оның иесі халық, ал халық жерді билікке тапсырып отыр, сат деп емес – тиімді игер деп. Билік уақытша  – халық мәңгілік ел. Егер билік жерді тиімді игермесе – кетеді, басқасы келеді. Ал халық мәңгі ел болып қала береді. Сол үшін біз бүгінгі таңда уақытша екендігімізді ұмытпайық. Егер біз жер мәселесін халықтың ойындағыдай шеше алмасақ, орнымызға басқа комиссия келуі мүмкін, тіпті жағдай басқаша өзгеруі де мүмкін. Бұл бізге халықтың өзі берген – шанс, жаңа мүмкіндік.

Халықты біріктіру үшін, бірінші кезекте, заң бойынша белгіленген, 13 жыл бойы созылып келе жатқан 10 соток жерді халыққа үлестіріп беру керек, жайылымға жетерліктей жер қалдырайық, ал латуфиндистердің жеріне 100 еселеп салық салайық. Сонда өздері-ақ жерден бас тартады. Ал шетелдіктерге жерді 10 жылға да жалға бермейміз деп бүкіл халыққа жария етейік. Қалай, қолдайсыздар ма?

Егер жерге барлығымыздың жанымыз ашыса, онда ауылшаруашылығының әлемде дотациялық сала екенін ескеріп, барлық заңды тұлғалар табысының 1-2% пайызын ауылды және шаруашылықты дамытуға берсін деген парламентте жер кодексі және салық кодексіне өзгеріс енгізейік. Сонда халық сенетін нақты іс болады. Ауылына қарап азаматын таны деген сөзге жауап болады. Бәрімізде ауылдан шықтық қой.

Комиссия отырысын жыл соңына дейін соза берудің тиімділігі жоқ. Бәрі белгілі болды, бет ашылды. Ертең осы отырыстардың бәріне қанша шығын кетті деген мәселе де шығады. Ол шығындарды бюджеттің қай саласынан алынды деген сұрақ? Немесе жерге жаны ашыған миллиардерлер берсе жөні басқа болар еді.

Сөз соңында бір арызым бар.  Өкінішке орай Алматы облысында менің жер туралы қазақша айтқан сөзімнің орысша мәтінін керісінше бұрмалап, BNews.kz және Қазақ үнінің электронды сайттардың корреспонденттері  былай жазған, «По словам академика, скорейшего решения требует вопрос предоставления в аренду земель иностранным гражданам», а QAZAQUNI.KZ пишут  «Говорят о необходимости выдачи земли в аренду иностранцам, я это поддерживаю… сказал Оразалы Сабденов». Қазақша стенограмманы қараңыздар. Бұл жерде менің сөзімді 180 градусқа бұрып, жерді шетелге жалға беру керек деп отыр. Бұл сұмдық қой! Менің электораттарым, азаматтар маған: Мынау орысша жазылған сіздің сөзіңізден кейін біз сізді түсінбедік. Бұның алдындағы комиссия отырыстарының бәрінде Сіз жерді шетелге жалға бермей және ешкімге сатпай өз жобаларыңызды ұсынғанда қатты қуанып едік. М.Шахановта сіздің ұсыныстарыңызды қолдап еді дейді. Бұл азаматтарға қалай жауап берем?

Мен осы көтерілген мәселені жұмысшы тобының басшысылары Дос Көшім мен  Мұрат Әбеновке және Алматы облысындағы комиссия отырысын ұйымдастырушы министрлікке жолдаймын. Келесі отырыста маған бір жауабын беріңіздер. Әйтпесе сотқа шағымдануға тура келеді.

Қызылорда облысына келсек, мен экономист ретінде айтарым бұл өңірде әсіресе кейінгі жылдары экономикасы жақсы дамып келеді. Сырдың сол жағалауында жаңа қала бой көтеруде, әсіресе несиелі үй  құрылысы 100 % шешілуде. Мысалы кіші кәсіптің 87,2 % жұмыс істейді, тек 12,8 % істемейді. Ал Республикада тіркелген кіші кәсіптің 44% істемейді. Мені қуантатыны өнеркәсіп құрылымында қайта өңдеу секторы қатты өсуде. Кейінгі 2-3 жылда 4,5 % -дан 14 %-ға өсті. Бұл 130% Республикалық көрсеткіштен әлде қайда жоғары.

Әрине бұл өңірде шешілетін проблемалар бар. Әсіресе денсаулық саласы, жас сәбилердің өлімі соңғы бір жылда 1,4 есе, әйелдер өлімі 1,3 есе артық Республикадан, туберкулез ауруы да жоғары. Бұл әрине жер жағдайына байланысты келе жатқан аурулар.

Ауылшаруашылығында ірі қара малды қашыру 4,9 %-ақ, ал Республикада 23,5%. Жерді суландыруда шешілетін мәселелер бар, әсіресе ирригациондық, дренаждық жүйелерді жөндеп, жерді суландыруды көбейту керек. Сыр өңіріне, Сырдарья Құдайдың берген инвестициясы. Бұны тиімді пайдаланған жөн.

Бүгінгі таңда Сыр өңіріндегі өндірістің табысы халықтың ең төменгі өмір сүру стандартын қамтамасыз етпейді. Мысалы, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жан басына шаққанда Қызылорда облысы соңынан Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар тұр.

Ауылдың қаржы жағдайын жақсарту үшін СПК Оңтүстіктің мүмкіндігін пайдаланып, мысалы ауылшаруашылық кластерін дамытса. Әсіресе түйе мен қой өнімін, оның ішінде қаракөлді экспортқа шығару.

Тағыда экономист ретінде бір ұсыныс, мұнай мен ураннан түскен табыстың қомақты бөлігін Қызылорда өңірін дамытуға, халқының өмір сүру деңгейін көтеруге пайдалану керек. Бұл өңірді көтерудің басқа мүмкіндігі аз.

Соңғы айтарым, «Ері өлсе, көмгенше жылайды. Жері өлсе өлгенше жылайды» дейді. Халқымыз жердің бағасын өте жоғары қойған. Соған лайықты болайық. Рахмет!

Жер реформасы жөніндегі Мемлекеттік комиссияға ҰСЫНЫС

Жерді шетелдіктерге жалға бермей, Қазақстан азаматтарына сатпай, 49 жылға тек ҚР азаматтарына ғана жалға  беру  арқылы кооперациялау туралы заңды және басқа да тетіктерді іске қосып жерді тиімді пайдалануға болады.

Осы ойды тарқатып айтайын.  «Бізге, яғни қазақ мемлекетіне Жаратушы тәңірден берген және ғасырлар бойы сақ, ғұн, түркі қағанаты, т. б. хандықтар тарихында ата-бабаларымыздың қаны төгілген жерді, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан және келер ұрпаққа қалдыру моральдық парызымыз болып табылатын  жерді ешкімге сатуға болмайды. Жер – қазақта  қанша хан, бай, би болса да жекенің меншігінде болған емес, сатылған да емес. 

Ал егер қазаққа сенбесек жер туралы К.Маркс былай деген: «земля не имеет своей стоимости, земля не продукт труда и поэтому отношение к земле полно противоречий, что обусловлено тем, что земля является условием производства прибавочного продукта и именно с этим связано отношение собственности на землю». К.Маркс айтпақшы, егер жерді табыс көзін жасайтын, өндіруші күш ретінде пайдалансақ, неге оны сатпай-ақ тиімді пайдалануға болмайды.

Мен ауылда болып, жерді игеріп жүрген фермерлерге және де жер үлестері бар шаруаларға жерді сатуға және жалға беруге болады ма деп сұрақ қойдым. Өзімізге жалға беру туралы бәрі қолдады, ал жерді сатуға келгенде бірен-саран қолында көптеген жері бар фермерлер сатқанды дұрыс десе, ал қалған көпшілігі жер-ана, жерді сатпай-ақ, кооперация заңын пайдалану арқылы жерді  тиімді игеруге болады деген тұжырымды айтады. Ал жерді шетелге жалға беруге бәрі қарсы. Бір қытайдың өзі елдің зәресің кетіруде. Олардың қорқынышы жерді кім сатып алады: олар Елбасы айтпақшы латифундистер, байлар т.б. Қара халық ала алмайды, содан соң наразылық туады. Ашығын айту керек, сыбайлас жемқорлық шарықтап тұрған заманда, осы жерді сатудан пайда көріп қалайық деп алақанын уқалап отырған әкімдерде жетеді дейді. Олар дегенін істейді, жақындарына, таныс бизнесмендерге, тіпті кім болса, соған жеке пайдасы үшін,  жерді бергізеді.

Жерді сатпай-ақ жаманды-жақсылы өмір сүріп келеміз. Жерді сатудан тағы да бір үлкен дау-дамай шығатыны анық дейді. Мұндай қауіпті қадамға бару терең ойлануды керек етеді. Себебі на коне стоить Государственная безопасность страны? Допустим если в 25 лет отдадим на аренду китайцам. Вот тогда через 25 лет на этом месте не только земля, но и среди китайцев трудно будет найти казаха.

Ұсыныс, предложения:

  1. Халықтың және осы азаматтардың пікірін ескере отырып ғалым, азамат ретінде менің жеке ойым: жерді сату туралы ??? 2003ж. бапты «Жер кодексінен» алып тастау керек. Және жерді шетелге жалға беру туралы ??? баптарын заңнан алып тастау қажет.
  • Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатыр, бұл туралы министр мен әкімдердің есебін тыңдау қажет? Бұл мәселеде жергілікті әкімшілік, мәслихатпен қатар, әсіресе қоғамдық кеңестің рөлін күшейту керек. Әкімдердің бағасын осы кооперация заңын қалай іске асыратындығымен беру керек, егер ақтамаса не орнынан алу қажет. Сонда ғана іс жүреді.
  • Бұл жерде ауылды, ауылшаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек (бұл ұсыныс жер кодексінің ?? бабына кірсін). Оны үш бесжылдыққа бөлуге болады. Агроиндустрия-2030 бағдарламасын әзірлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия, жұмыс тобы құрылсын. «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы ескірді, әлемде және елімізде көптеген өзгеріс орын алды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы  үшін №1 етіп «ауыл шаруашылығын үдемелі дамыту» басымдылығын қою керек! «Аргоиндустрия-2030» әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты болмауы тиіс. Өкілдері министрліктен болсын, алайда әзірлеушілерді ойдағыдай қаржыландыратын ведомствоаралық жұмыс тобы болуы қажет. Мәселен, аталған Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу үшін бірнеше ай қатарынан маман ғалымдар мен практиктерді жұмылдыру қажет. Содан кейін Мемлекеттік бағдарламаны осы комиссияда талқылаған жөн.
  • Жер – ана қазір – сырқат. Жердің қазіргі жағдайын, саламаттығын анықтап алу қажет. Шәкәрім айтқан, табиғат пен жердің, адамның гармониясы болған елде ғана несібе көп, бақыт бар. Сондықтан мына мәселелерді шешу керек: Жер қалай пайдаланылып жатыр, кімнің қолында, қай заңдылықтар бұзылып жатыр, неге латифундистердің қолында жүздеген, мыңдаған гектар жер бар, оның қаншасы игерілмей жатыр? Жерді қайтару тетігі қалай іске асып жатыр. Әсіресе игерілмеген жерге салықты еселеп көбейту керек. Сонда өздері әкеліп береді.
  • Бірінші отырыста ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі) атты жобаны ұсынған болатынмын.Бұл жоба Қытайға шекаралас Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан және Өзбекстанға шекаралас Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы құнарлы жерлерді игеру. Ол жерлерде «еркін экономикалық аймақ» жасап, еліміздегі мыңдаған  азаматтарды, әсіресе жастарды тың жерді игеруге жұмылдыру. Баяғы «БАМды, Целинаны»  игерудей кешенді істер болса. Мұндай мәселеде халықтың да патриоттық сезімі көтерілер еді. Жаңа ауылда жастар жаңа өмірді бастар еді. Ең маңыздысы қауіпсіздігіміз де артар еді. ҚР Парламенті «Ауылшаруашылықтық экономикалық аймақ туралы» ҚР Заңын қабыладау тиіс. Бұл ұсыныс жеке бап ретінде жер кодексіне енгізілсін.

Төменде мегажобаның іске асыру тетіктері көрсетілген. Уақыттың тығыздығына байланысты оларды айтпай ақ, жазбаша түрде беремін.

Мегажобаның іске асу тетіктері:

– мегажоба іс-шараны қаржылық қамсыздандыру мәселесін шешетін «Нұрлы жол», «Институционалдық реформалардың 100 нақты қадамы» сынды бағдарламалар бағытында жүзеге асырылуы қажет;

– халықты жұмысқа тарту, олардың жұмыспен қамтылуы осы саяси жобаға негізделіп, түзетілген «Жол картасы-2020» аясында орындалуы тиіс;

– еліміздің өркендеуі мен оның ұлттық қауіпсіздігінің нығайту жолында халықты моральдық және рухани-патриоттық тұрғыда біріктіретін «Асар» көмек және қолдау көрсету ұлттық қағидасын пайдалану;

– мегажобаны қаржыландырудың негізгі көздері мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар мен «Қазақ өрісі» арнаулы қоры болуы тиіс;

– еліміздің демографиясы, жұмыспен қамтылуы және ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жекеленген кіші бағдарламалар әзірлеу;

– жастарды рухани жаңғырту және адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар әзірлеу.

  • Жерді тиімді пайдаланудың кейбір тетіктері:
  • Жалға беретін жер мөлшеріне шектеу қою;
  • Жер үлесін алған азаматтарға сол жер үлесін алған мөлшерін Қырғыз ағайындар сияқты тегін беру және кооперативке кіруге үгіттеу;
  • Бүкіл Қазақстандықтарға 10 сот. жер үлесін бөліп беру;
  • Осылардың бәрін болдырмайтын, бәріне қарсы тұратын бір үлкен күш бар. Соны жеңбей, ауыздықтамай ештеңе болмайды. Оның аты не дейсіздер ғой? Оның аты – коррупция, сыбайлас жемқорлық. Мен ауылға барып, ел азаматтарымен сөйлесіп көзімнің  жеткені, ауылдағылар айтады: Президент бәрін дұрыс бағдарлап тапсырма береді, оны іске асырмайтындар әкімдер, шенеуніктер,-дейді. Бұл билік пен қара халықтың арасының алшақтығы, қазір қара халық ешкімге сенбейді дейді. Керек болса Президенттің бастауымен құрылған қоғамдық кеңестердің өзі тікелей әкімшіліктің жасақтауымен болып отыр. Бұл жерде әкімнің айтқаны айтқан, дегені деген. Қазір аудандарда әкім – аспанды тіреп тұрған сияқты. Мектеп директорынан бастап ауданның лауазымды қызметкерлерінің бәрін әкім қояды. Шаруа қожалықтары, фермерлер, т.б. шағын кәсіп иелері халық үшін бір, іс үшін бір шындықты айтса бітті, ертен оған не несие де жоқ, не  тендер де жоқ.
  •  Құрметті әріптестер. Егер біз шешім қабылдасақ, халық сенетіндей етіп қабылдауымыз керек. Егер дауысқа салып, Абай айтпақшы: «көп айтты болды, билік айтты көндіге» салсақ, онда сол дауыс берген көбіміз халыққа шығып түсіндірсін. Жер дауы бүкіл ел дауы болып кетуіне жол бермеу керек. Президент те осыны қалап отыр, егер халық қолдамаған заңды мен қабылдамаймын, деген еді. Мағжанның «ойлан қазақ» деген күні туып отыр. Ойланайық ағайын.

Жерді игеру бәрінің қолынан келеді: қазақтың да, қытайдың да. Бәрі өзінше өнім алады. Бірақ мәселе жерге деген қатынаста, алған өнімнің алған өнімнің пайдасында жатыр. Қазіргі қытайда қазақ жері тек өнім алудың көзі ретінде танылады. Ал қазақтың жер концептісінде оның материалдық жағына тірек болатын рухани негіздер де бар. Бұл ғасырлар бойы қазақтың өз этнотерриториясын таза әрі ұлан байтақ етіп сақтап келудің басты себебі, қазақ үшін жер – қасиетті. Ол сатылмақ түгілі, оны әрбір басып жүрген қадамы үшін қазақ Аллаға шүкір айтады, тіпті жерге түкірмейді, қалдығын тастамайды. Бір сөзбен айтқанда жер тірі адамдай – құндылық. Сосын Қытайдың өзін үлгіге алсақ, онда барлық жер – мемлекет меншігінде. Диқандарға өңдеуге өмірлікке берілгенімен, ол жерді шетелдікке  сатпақ түгіл жалға да бермейді.

Ұлттың ұлт болуының бір белгісі – территориясы. Жаһандану, техника, химия дамыған заманда экономикасы озық, қулық-сұмдықты білетін жерге зәру елге жерді сатпақ түгіл жалға беру – одан айырылу!

ЖЕР ТАҒДЫРЫ ИЕСІНІҢ ҚОЛЫНДА – ОЛ ХАЛЫҚ!

«Ел өседі, мал өседі, жер өспейді»
Ұлы Абайдың әкесі Құнанбай
  1. Жер туралы 3 рет отырыс болды. Жалпы Комиссия қайдан шықты, құрамына, жұмысына көңіліңіз тола ма?

Алдымен, жалпы Комиссия қайдан шықты деген сұраққа жауап берсем. Парламентте шетел азаматтарына жалға беруді 25 жыл мерзімге сату туралы өзгеріс енді. «Егер Қытайға берсек, күніміз не болады?» деген қорқыныш халық арасында пайда болды. Осы өзгерісті енгізбес бұрын Парламент пен Үкімет халықтың осындай толқуға баруын ескеруі қажет еді. Енді 2 министрді отставкаға жіберіп, іс бітті деуге болмайды. Негізінде Үкімет пен Парламент бұл мәселеде жауапты! Сол себептен осыны ойлап, Президент мораторий жасады, ал жасамаса не болар еді?

Ал Комиссия құрамына келсек.

Халық көтерілгеннен кейін құрылған Комиссия болғандықтан, Комиссия құрамының 50 пайызы халық арасынан, қоғамдық ұйымдардан, мамандардан, жергілікті жерден болуы тиіс еді. Ал іс жүзінде Комиссияның басым көпшілігі билік тарапынан құрылғаны өкінішті-ақ. Басқасын қойғанда, Елбасына ашық хат жазған небір тұлғалы азаматтар кірмей қалған. Атап айтсақ, Мұрат Әуезов, Дулат Исабеков, Советхан Ғаббасов, Мэлс Елеусізов, Мұхтарбай  Өтелбаев, Мекемтас Мырзахметов, Баян Рақышев, Рахымжан Елешев, Көпмағамбет Елемесов,  Әлік Әлібаев, Әміржан Қосанов, Ғабжәлелов Хайрулла, Марат Тоқашбаев, Расул Жұмалы, Жарылқан Қалыбай, Ұлықбек Есдаулет және т.б. Керісінше, Комиссия құрамында бұл жайында бір ауыз тіл қатпаған адамдар бар, оны қойғанда сол халық қолдамаған жерді шет елге жалға беремін деген заңға өзгерістерді енгізген депутаттардың өздері жүр.

2.Біз журналистер халық арасынан әр түрлі алып қашты пікірлер естіп жатырмыз, сіздің негізгі ұстанымыңыз қандай?

Бұл туралы Ата заңының Конституция жүгінсек, «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Осыдан түсінуге болады, жер мүлдем сатылмайды, ал мүмкін деген сөз ондаған жылдардан кейін сатылама немесе сатылмайма белгісіз деген сөз.  Неге біз оны бүгін сатуымыз керек? Ұлан-байтақ даламыздың халқымызға қалай қызмет етуін халқымыздың өзі шешеді. Өйткені ол жердің иесі халық болып табылады. Кеше де болған, бүгін де болады, ертең де болады.

Бізге, яғни қазақ мемлекетіне Жаратушы тәңірден берген және ғасырлар бойы сақ, ғұн, түркі қағанаты, т. б. хандықтар тарихында ата-бабаларымыздың қаны төгілген жерді, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан және келер ұрпаққа қалдыру моральдық парызымыз болып табылатын  жерді ешкімге сатуға болмайды. Жер – қазақта  қанша хан, бай, би болса да жекенің меншігінде болған емес, сатылған да емес. 

Ал егер қазаққа сенбесек жер туралы К.Маркс былай деген: «земля не имеет своей стоимости, земля не продукт труда и поэтому в отношении к земле полно противоречий, что обусловлено тем, что земля является условием производства прибавочного продукта и именно с этим связано отношение собственности на землю». К.Маркс айтпақшы, егер жерді табыс көзін жасайтын, өндіруші күш ретінде пайдалансақ, неге жерді сатпай-ақ тиімді пайдалануға болады.Жердің құны жоқ. Құны жоқ жерді қалай сатамыз? Жерді анамыздай қастерлеп, тиімді пайдалану арқылы, өзімізде өсеміз, елімізді де көркейтеміз!

Тоқ өтерін айтсам,  «Жерді шетелдіктерге жалға бермей,  Қазақстан азаматтарына сатпай, 49 жылға тек ҚР азаматтарына ғана жалға  беру  арқылы кооперациялау туралы заңды және басқа да тетіктерді іске қосып жерді тиімді пайдалануға болады».

3. Онда осы ұстанымыңызды таратып айтсаңыз…

Алдымен Жерді шетелге жалға беру туралы баптарын (24 бап, 1 тармақ; 37 бап, 5 тармақ, 2 тармақша) заңнан алып тастау қажет.

1-ші. Ауыл азаматтарының пікіріне келсек, жерді шетелдіктерге жалға  беруге бәрі қарсы. Әсіресе халықты ушықтырған мәселе, ол шетелдіктерге 25 жылға жалға беру туралы заңға кіргізілген өзгерістер.

2-ші. Осы заңда, шетелдіктерге 25 жылға жерді жалға беруді енгізген Ауылшаруашылық министрлігі, Әділет министрлігі, Үкімет, Парламенттің 2  палатасы. Осы бап елде қандай үлкен резонанс туғызады-ау деп ойлау керек еді? Жер-жерде халықтың үлкен наразылығын тудыруда. Президент мораторий жасады, егер жасамағанда не болар еді?

3-ші. Мысалы, егер жерді 25 жылға Қытайға жалға берді делік. 25 жылдан кейін берген жердің түтіні шыққанын көрер едік. Ал сол жерде қаптаған қалың қытайдың арасынан қазақты да, қазақстан азаматын да табу қиын болар. Қытай тек бізге емес, АҚШ пен Еуропаны қоса алғанда бүкіл әлемге  бейбітшілікпен енуде. Сондықтан да біздің дана халық бәрін  біледі! Мінезін де көрсетті! Халықты тыңдау керек екенін. Тек халық үніне жиірек құлақ түріп тұрған абзал. Қытайға уақытша жалға берілген Хабаровск өлкесі бүгінде Ресейдің бас ауруына айналды, ал жерлерін Қытай жалға беріп, топырақтары химикатпен уланған Тәжікстаннан неге сабақ алмаймыз?

4-ші. Кейбір азаматтар шетел тәжірибесіне жүгінеді. Мысалы, ең дамыған мемлекеттің бірі Ұлыбританияда жерді шетелге жалға да, өз азаматтарына сатуға да заңмен тыйым салынған. Норвегия, Италия, Финляндия және т.б елдерде шетелге жерді жалға бермейді.  Беретіндері де бар. Бірақ біз ешкімге жалтақтамай, бізге, яғни қазақ мемлекетіне Жаратушы тәңірден берген және ғасырлар бойы сақ, ғұн, түркі қағанаты, т.б. хандықтар тарихында ата-бабаларымыздың қаны төгілген жерді, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан және келер ұрпаққа қалдыру моральдық парызымыз болып табылады. Жерді ешкімге сатуға және шетелге жалға беруге де болмайды!

  • Сонда сіз жерді өз азаматтарымызға да сатуға болмайды деген ұстанымдасызба?
  • Иә, Халықтың және мамандардың пікірлерін ескере отырып:  Жерді сату туралы (24 бап, 1 тармақ)бапты «Жер кодексінен» алып тастау керек.

1-ші. Ауыл азаматтарының ойларына жүгінсек олар негізінен жер-ана, жерді сатпай-ақ, кооперация заңын пайдалану арқылы жерді  тиімді игеруге болады деген тұжырымды айтады. Себебі, оңтүстікте 5-10-20 га жерді сатып алуға шамамыз да жоқ, ал сатып алған жағдайда оны игеруге техника т.б жағдайымыз да келмейді, бәрібір кооперацияға жүгінуге тура келеді. Ал бірен-саран қолында көптеген жері бар фермерлер жерді сатып алсақ деп отыр.

2-ші. Олардың қорқынышы жерді кім сатып алады: олар Елбасы айтпақшы латифундистер, байлар т.б. Қарапайым халық ала алмайды, содан соң наразылық туады.

3-ші. Ашығын айту керек, сыбайлас жемқорлық шарықтап тұрған заманда, осы жерді сатудан пайда көріп қалайық деп алақанын уқалап отырған әкімдерде жетеді дейді. Олар дегенін істейді, жақындарына, таныс бизнесмендерге, тіпті кім болса, соған жеке пайдасы үшін,  жерді бергізеді. Бұны кейінгі «Жер Кодексін» қабылдағалы бергі 13 жылда көріп келеміз дегенді айтады. Transparency International атты бүкіләлемдік жемқорлықпен күрес ұйымының 27.01.2016 жылғы жарияланған мәліметі бойынша сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша Қазақстан 123-орында тұр. Осындай сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған заманында жерді қалайша сатуға болады?!

5. Ал енді жерді шетелге бермедік, өзімізге сатпадық, сонда қалай игереміз?

Жерді игерудегі ең түбегейлі мәселе ретінде «Кооперация туралы заңын» қалай іске асырылып жатқаны жөнінде  осы комиссияда қарау және Парламенттік тыңдау керек.Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатыр, бұл туралы министр мен әкімдердің есебін тыңдау қажет? Бұл мәселеде жергілікті әкімшілік, мәслихатпен қатар, әсіресе қоғамдық кеңестің рөлін күшейту керек. Әкімдердің бағасын осы кооперация заңын қалай іске асыратындығымен беру керек, егер ақтамаса не орнынан алу қажет. Сонда ғана іс жүреді.

6.Мемлекеттік деңгейде не істеу керек?

   Ауылшаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек .(бұл ұсыныс жер кодексінің 4, 6 бабына кірсін). Бұрынғы қабылданған «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы ескірді, әлемде және елімізде көптеген өзгеріс орын алды.

Ауылшаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, оны үш бесжылдыққа бөлуге болады. «Агроиндустрия-2030» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия, жұмыс тобы құрылсын. Бұл жерде Қазақстан Республикасы  үшін №1 етіп «ауыл шаруашылығын үдемелі дамыту» басымдылығын қою керек! «Аргоиндустрия-2030» әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы тек Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты болмауы тиіс. Өкілдері министрліктен болсын, алайда әзірлеушілерді ойдағыдай қаржыландыратын ведомствоаралық жұмыс тобы болуы қажет. Мәселен, аталған Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу үшін бірнеше ай қатарынан маман ғалымдар мен практиктерді жұмылдыру қажет. Содан кейін Мемлекеттік бағдарламаны жергілікті аймақтарда, осы комиссияда, үкіметте талқылаған жөн. Ең соңында ҚР Президентінің жарлығымен қабылдануы тиіс.

            Және де Елімізде көптеген игерілмей жатқан жерді қайтару тетігін іске асыру үшін игерілмеген жерге салықты еселеп көбейту керек. «Салық кодексіне» өзгерістер енгізу қажет. Жер – ана қазір – сырқат. Жердің қазіргі жағдайын, саламаттығын анықтап алу қажет. Шәкәрім айтқан, табиғат пен жердің, адамның гармониясы болған елде ғана несібе көп, бақыт бар. Сондықтан мына мәселелерді шешу керек: Жер қалай пайдаланылып жатыр, кімнің қолында, қай заңдылықтар бұзылып жатыр, неге латифундистердің қолында жүздеген, мыңдаған гектар жер бар, оның қаншасы игерілмей жатыр? және т.б. Осының бәріне жариялылық жасау халыққа қажет.

7.Сіз жер туралы Комиссияның бірінші отырысында өзіңіздің авторлық жобаңыз жайлы айтқан болатынсыз, сол жайында толығырақ тоқталсаңыз.

  • ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі) атты жобаны іске асыру үшін ҚР Парламенті «Ауылшаруашылықтық экономикалық аймақ туралы» ҚР Заңын қабылдау тиіс. Бұл ұсыныс жеке бап ретінде жер кодексіне енгізілсін.

Әлемде болып жатқан жаңа құбылыстарды, күрт өзгерістерді, ХХІ ғасырдың цивилизациялық дамуын ескере отырып Қазақстан тек өзін ғана емес, сонымен қатар дүниежүзінде 1,3 млрд ашаршылықта жүрген халықтың белгілі бір мөлшерінде де азық түлікпен, мал өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар және соған үлес қосу үшін осы мегажобаны іске асыруға бел байлауға болар еді.

Ол үшін Алматы облысы, Жетісу алқабында, Шығыс Қазақстан облысында, тағы басқа өңірлерде өте құнарлы жер аймақтары бар, суармалы, шөпті таулы жайылымдары, үлкен-үлкен жүздеген километр белдер, «оазис»  жерлерді азық түлік өсіруге, мал өнімдерін жасауға т.б.  дақылдармен айналысуға әбден болады. Ол үшін:

  • Бірінші кезекте – бұл жерлерді Мемлекеттік қолдау арқылы «Еркін экономикалық аймақ» жасау керек, инфрақұрылымды құру қажет, тұратын үйлер салу, материалды техникалық базалар тағы басқа  іс-шаралар керек. Бұл туралы Парламентте арнайы заң қабылдау қажет. Үкіметпен бірге, облыстарда жерді игеру бағдарламасын жасау керек.
  • Екінші кезекте –  сонымен қатар ол жерлерді игеруге оңтүстік өңірден (мысалы Оңтүстік Қазақстан облысында 3 млн. жуық халық тұрады, жұмыссыздық көп), т.б. халқы тығыз жерлерден 300-500 мыңға жуық халықты, әсіресе жастарды (Советтер одағындағы БАМ,  Целинаны игергендей) осы жаңа мегажобаны игеруге жұмылдыру қажет. Израильдың дүниежүзіне белгілі тәжірибесін пайдаланып Кибуцтер жасалсын. Баяғы «БАМды, Целинаны»  игерудей кешенді істер болса. Мұндай мәселеде халықтың да патриоттық сезімі көтерілер еді. Жаңа ауылда жастар жаңа өмірді бастар еді. Жастар кооперациясы құрылсын. Ең маңыздысы басқа елдермен шекаралас жерлерді игеру арқылы қауіпсіздігіміз де артар еді! Оларға көтерінкі жолақы, жөнді жалақы беріп, барған жерде барлық жағдай жасалса. Жастар елімізді көтеруге,  отан алдындағы патриоттық борышын жете түсініп, алға бел байласа Нұрлы Жол үстіне – нұр болар еді. Жастарда қанаттанып жаңа өмірді «Қазақ өрісінен» бастар еді.
  • Үшінші кезектебұл мегажоба Елбасының Нұрлы Жол, 100 нақты қадам институционалды реформасының аясында іске асырылар еді. Бұл жобаны игеру Қазақстан халқының жаңа амбициясын көрсетер еді. Ал Халықаралық имидж үшін бұл жоба тікелей ҚР Президентінің патронажында болғаны абзал.
  • Төртінші кезектебұл мегажобаға «Ауылға асар» ретінде Қазақстанның қалталы азаматтары, облыс, аймақ болып, жалпы халық болып септігін тигіссе игі іс болар еді. Бұл мегажобаның қаражаты әр түрлі саладан құралуы мүмкін. Олар: Мемлекеттік, Республикалық, жергілікті бюджеттер, бай-қуатты бизнесмендердің өздері іс жасау, жоба игеру инвестициясы, шет ел инвестициясы, асар ретінде, Заңды және жеке тұлғалар, жалпы Қазақстан халқының көмегі ретінде арнайы «Қазақ өрісі» атты қор құру қажет.
  • Бесіншібұл мегажобаның геосаяси мәні бар екенін де естен шығармау қажет. Қазақстанның қауіпсіздік мәселесі әр уақытта бірінші кезекте тұру тиіс. Келешекте демографиялық өсуге де жақсы мүмкіндік болар еді. Егер ата-бабаларымыз сонау ақтабан-шұбырындыдан бастап, ашаршылықтан тағы басқа кері саясаттың салдарынан шетелге тау асып кетсе, енді сол құнарлы жерлерімізді олардың немере-шөберелерінің игеруге бет алуы бұл үлкен құбылыс.
  • Алтыншы енді қазақтың, қазақстандықтардың ұлттық проблемасын басқа біреулердің мойнына артпай (25 жылға жерді жалға берейік. Образно айтқанда солар асырасын демей) тек өзіміз «екі қолға бір күрек демекші» шешуіміз керек. Егеменділік алғалы ширек ғасырда қабырғамыз қатты, дүниежүзіне белгілі ел болдық, мүмкіндігімізде бар. Енді жалтақтаудың жөні жоқ. Енді барлығы тек халықтың бірлігінде, рухани – патриоттық күш жігерінде. Міне бұл жоба халықты оятатын жоба, ләйім солай болғай.
  • Жетінші – бұл жобада тағы басқа тетіктері көрсетілген. Мәселе саяси шешімде. Бізде оны жасайтын тек ҚР Президенті. Ол кісіге бұл жобаны жазыпта жібердім. Бұл идея, бұл жоба Елбасының құлағына жете ме? Оған күмәнім бар. Себебі Егеменді ел болғалы талай концептуалды ұсыныстар беріп келем. Солардың бірі жетсе, екіншісі жетпейді-ау… Әккі шенеуліктер жеткізбеуі мүмкін.

8 Жер Кодексі 2003 жылы қабылданған, оның салмағының ауырлығынан Премьер Министр Тасмағанбетов отставкаға кеткен болатын, соңынан қалған, аздап жұмыс істеген Жармахан Тұяқбай басқарған Парламентте тарауға мәжбүр болды.Қазір мемлекетімізде екінші рет тағдырлы жер мәселесі дау-дамайға түсуде. Егеменді ел болғанымызға 25 жыл болды, жалпы ауылды, ауыл шаруашылығын түбегейлі қалай көтереміз?

  • Ия, осы мәселеге байланысты тарихты жақсы біліп отырсыз. Сол уақытта Шерхан Мұртаза бастаған бір топ депутаттардың «Жер-ана, жерді сатуға болмайды» деп қарсы дауыс бергендігі газет беттерінде жарияланған болатын. Егер елімізге түбегейлі өзгеріс жасағымыз келсе, онда Жер кодексі туралы жаңа заң жасалып, Парламентте қабылдануы тиіс. Еліміздегі ауылды, ауылшаруашылығын көтеруді және  жерді пайдалануда бүкіл халықтың наразылығы мен қызығушылығын ескеріп   Жер кодексі туралы жаңа заң жасау қажет. Себебі, 2003 жылы қабылданған Жер кодексі туралы заң ескірді. Одан бері 13 жылда көптеген өзгерістер болды: дүниежүзілік кризис, ақшаның девальвациясы, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, Ресейге салған санкциялардың бізге тікелей әсері, Еуразиялық одақ, Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиындықтар мен кедергілер т.б. Бүкіл ауылшаруашылығы оның ішінде жерді тиімді пайдаланудың  жаңа парадигмасын жасау керек. Мұнай мен газ да, қазба байлық та 40-50 жылда таусылады, ал ауылшаруашылығы, ата-дәстүріміз, тарихи-рухани құндылығымыз мәңгілік! Абайдың әкесі Құнанбай айтқандай, «Ел өседі, мал өседі, жер өспейді». Жердің құны жоқ. Мұны К.Марксте айтқан. Құны жоқ жерді қалай сатамыз? Жерді анамыздай қастерлеп, тиімді пайдалану арқылы, өзімізде өсеміз, елімізді де көркейтеміз!

9.Неге жерді тек игере алатын шаруа қожалықтарына бермеді? Олардың орнын қазір көптеген латифунистер, заңды тұлғалар басуда.

       - Сұрағыңыз орынды, бірінші ретте жер тек оны игере алатын шаруаларға, фермерлерге берілуі керек.. Көптеген елдерде жер тек жеке тұлғаларға берілсе, ал бізде Кодекс бойынша тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар заңды тұлғаларғада сатылады. Осының арқасында, біздің Жер кодексі фермерлерге (шаруаларға) басымдық берудің орнына,  заңды тұлғалардың  мүдделерін жоғары қойып, сондай-ақ жермен тікелей жұмыс істейтін және оны пайдаланатын шаруалардың мүдделерін емес, заңды тұлғалардың қызығушылығын жоғары қойып, оларға артықшылық берді.  
               Жер кодексінің қабылданғанына 13 жыл болы. Осыған байланысты жүйелі сұрақ туындайды: «Неге осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға берілген 100,4 млн гектар жердің жеке меншікке тек 1,3 млн га ғана сатылды ?  Алайда, Үкімет адамдардан шындықты жасырып, оған жауап бермейді. Себебі, осыдан бөлек жарты миллион гектар жерді, жоғарыда аталған тәсілдермен латуфундистер бірнеше есе үлкен аумақтағы жерлерді сатып алған. Осындай заң бұзушылықтарға Бас Прокуратура өзінің бақылау жұмысын жасап, халыққа жария етсе. 
 
10.  Жерді  бөліп беру жергілікті әкімдерге байланысты. Заң бұзушылықтардың бәрі осы жерден басталады. Осыларды қалай болдырмау керек?
-         Басқа мемлекеттерде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» жеке заң бар. Ал, Қазақстанда ондай заң жоқ. Ол тек қана «Жергілікті атқарушы органдар туралы» заңның  бір-екі бабы ретінде ғана кірген. Жер мәселесіне келгенде құқықты тікелей қоғамдық кеңестер мен маслихат депутаттары шешу керек, ал іске асырумен әкімшілік айналыссын.
 

11.Сіз енді ғалымсыз, ертеңгі күнді көре білуіңіз қажет. Егер Комиссияда дауысқа салса сіздер ұтыласыздар. Сонда қандай іс-шараны қабылдаған жөн?

  • Мұндай халықтың тағдырын, елдің келешегін шешетін түбегейлі мәселеде, менің ойымша, Комиссияның барлық мүшелерінің ойын тыңдап, егер бір азғантай бөлігі түбегейлі мәселеде (мысалы, жерді сату, шетелге жалға беру сияқты) қарсы пікір білдірсе, онда көп дауыспен Комиссияда шешім қабылданбауы қажет, Консенсус жолымен жүру керек, жаңағы келіспеген топпен мәселе қайта қаралуы қажет.
  • Ал, тіптен келіспсе, бір шешімге келмегенде не болады?
  • Ол жағдайда Комиссияның көп дауыс бергендері халыққа шығып, жерді сататындығы, шетелге жалға беретіндігіне халықты сендірсін. Бұл күмәнді мәселе. Түптеп келгенде, Қазақстан халқы  жерді сатуды, шетелге жалға беруді Конституция бойынша Референдум арқылы шешуге құқылы. Басқаша шешілген күнде келешек үрпақ мұны кешірмейді.

12.Мұндай өте ауқымды мәселені қандай жолдармен шешуге болады?

Әрине, жоғарыдағы ұсыныстарда көтеріліп отырған мәселелер өте күрделі және де оларды бір дегеннен шешіп тастау мүмкін емес, бұларды кезең-кезеңмен шешу керек. Сол үшін Жер Комиссиясына төмендегідей ұсыныс жасаймын:

        Бірінші кезекте, Елбасының жер мәселесіне байланысты жасаған мораториясын ескеріп,  халықты тыныштандыру үшін, ел ішіндегі бірлікті сақтау үшін төмендегідей шешім қабылдау керек:

  1. Жерді шетел азаматтарына және заңды тұлғаларға жалға береміз деген (24 бап, 1 тармақ) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет.
  2. Жерді Қазақстан азаматтарына сату туралы (24 бап, 1 тармақ және 37 бап, 5 тармақ, 2 тармақша) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет.
  3. Үкімет 13 жылдан бері заң бойынша уәде беріп келе жатқан 10 соттық, 25 соттық жер учаскелерін және ауыл тұрғындарына  уақытысында берілген 1-10 га дейін жер телімдерін (үлестерін)  тез арада осылардың бәрін халыққа тегін берілсін. Бұл мәселе осы Комиссияның және жергілікті қоғамдық кеңестердің тікелей қадағалауында болсын. Ал жергілікті әкімшілік өкілдері тікелей іске асырсын! Осы іс-шаралардың іске асыруын БАҚ жариялы түрде үнемі халыққа ашық хабарлап отырсын.

       Екінші кезекте:

  1. Жер кодексінің 13 жылдағы іске асырылған нәтижелері туралы облыс әкімдерінің, Үкімет пен  Парламенттің халыққа есеп беруін тыңдау;
  2. Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатқандығы туралы және тиімділігін арттыру жолдары туралы әкімдер мен Министрдің есебін тыңдау;
  3. Ауылшаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекеттік бағдарламасын жасау;
  4. ҚР Жер кодексі туралы жаңа заң жасау;
  5. ҚР Президентіне тікелей бағынатын, еліміздегі жер ресурстарының барлық түрлерін рационалды және тиімді пайданалу тұрғысынан ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Ведомствааралық Агенттікті қайтадан құру және оның басшысына Премьер министрдің орынбасары лауазымын беру.

Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

Қазақстан Ғалымдар одағының президенті,

академик О.Сәбден

Жер комиссиясының Талдықорғандағы отырысындағы Оразалы Сабденнің сөзі

А) Өткенде Көкшеде Абылайханның рухымен рухтандыңыздар. Ал енді, Хан-Тенгри бауырында ар жағы Қытай, сонау Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты бастау алған, Шығыс Түркістан, киелі Жетісудің жеріндеміз. Егер тарихты алсақ, жерге деген күрес осы аймақтардан басталғаны белгілі. Себебі бұл Семей, Өскеменмен қоса шекаралық облыстар. Ел тағдыры жер тағдыры шешілген кезеңдер болған. Бүгін біз жер мәселесін қарағанда мұны еске алмасқа болмайды. Жердің болашақ тағдырын шешпекшіміз, бүгінгі талқылау, жаңа пікірлер де есте қалар.

Жер комиссиясының 75 мүшесі, біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Бір жағынан осындай сенімге ие болғанымыз, себебі, бұл тарихта қалатын мәселе. Екінші жағынан халықтың ойынан шыға аламыз ба? Бұл партиялардың жиналысы емес, одан да жоғары. Себебі, партия съезде қате жіберсе екінші съезде жөндей береді. Ал жер туралы қателесуге болмайды. Міне сондай тағдырлы кезең.

Жалпы жер комиссиясы арқылы еліміз жариялыққа, ашық пікірге бет бұрды. Комиссияның миссиясы халықты ашық пікірге тартуы. Ертең жер мен қатар кім біліпті өзекті не шығарын: білім реформасы, жұмыссыздық сияқты өзекті мәселелерді де осылай талқылауға мүмкіндік ашылғандай. Бұл дұрыс үрдіс.

25 жылдан кейін есімізді жинауға көшкен сияқтымыз. Тек мұнай-газ, қазба байлығымызға басымдық жол беріліп, байымыз бай, кедейіміз кедей болдық. Енді әлемдік кризиске тірелгенде, қай жерде отырғанымызды еске алуға тура келеді. Қайта оянуға себеп – жер проблемасы болып тұр! Әруағынан айналайын, ата-бабаларымыз осы жерді, шексіз байлықты бізге тастап, аманат етіп кеткен.

Менің ғалым ретінде айтарым, қанша сенің ойың озық болса да, егер істен алшақ болса ештеңе шықпайды. Тағы да 25 жыл жүруге болады. Егемендік ел болғалы Елбасына 30-ға жуық ұсыныстар беріппін. Ол мына 21-томда көрсетілген. Бірақ, мен автормын деп мақтанбаймын. Себебі, еліме қызмет ету менің парызым, ұсыныстар тек іске асып жатса болғаны. Ұсынысыңды кімге бересің? Конституция гаранты Президент мырза да елді басқаруда, менде талмай ұсыныстарымды беріп келем.

Енді бір жаңа ой! Қазір жаһандық заманда, ХХІ ғ. әлем күрт өзгеруде, әртүрлі қақтығыс, соғыс, Еуропада миграция проблемасы, әлемде 1,3 млрд халық аштықта, климаттың жылуы, т.б. Спрашивается куда мы идем? Куда нас ведут? Мы сами не знаем куда идем, и ведущие тоже не знают куда нас ведут.  Сонда біз қайда бара жатырмыз, бізді қайда алып бара жатыр деген сұрақ туады? Біз де білмейміз қайда бара жатқанымызды, алып бара жатқандар да білмейді бізді қайда алып бара жатқанын…(пауза…) жағдай осы. Сіздер нені, кімді ойлап отырсыздар.

Мен дамыған Q8 мемлекеттерінің Обамадан бастап, басшыларын айтам. Солардың өздері кризистен шығу жолын таба алмай отыр. Ұлы Абай айтпақшы «Көк тұман алдыңдағы келер заман. Сипатта жоқ, суретте жоқ, көзім талған» демекші. Қайда барарымызды білмей тұрғанда жерді сатпай, тек тиімді пайдалануды ойлайық. Тып-тыныш отыр едік қой өзі, егер депутат мырзалар заңға ақылсыз өзгерістер қабылдамаса.

Басымызға сын сағаты түсті. Сондықтан, Қазақстан, «Егер өзіміз өскіміз келсе, онда өзіміз өндіруіміз қажет» деген қағиданы ұстауымыз керек! Оның дәлелі Байсеркеде алынып жатқан өнімдер. Қазақстанның жаңа басымдылығы (приоритеті) не болу керек деген сұраққа, мен айтар едім – ол ауыл шаруашылығы дер едім. Бүкіл әлемге, өзімізге Қазақстан ауыл шаруашылыққа,  жерді игеруге  1-ші басымдылық берді деген пікір керек. Ауылды қайта өрлету қажет. Ауылдың дамуына жаңа парадигма керек.

На весь мир должна прозвучать главная идея, что Казахстан уходит от экстенсивного использования нефти, газа и полезных ископаемых. А напротив отдает главный приоритет ускоренному развитию аграрного сектора экономики и на начнет реализовывать ряд мегапроектов по развитию АПК.

Б) Жерге пікірді анықтап алғаннан соң, ол менің ойымша «Жерді ешкімге сатпай, шет елге жалға бермей, тек өзімізге ұзақ жылдарға жалға беру» принципін шешкеннен соң, шешініп кірісетін мәселе, қалай жерді тиімді пайдалану жолдарын жасау. Жақсы сараптама қажет. Мысалы, 1990 ж ауыл шаруашылығымыздың ЖІӨдегі үлесі 27,29% болса қазір 5% жетпейді. Ауыл шаруашылығымыз осы 25 жылда әлі сол 1990 ж. көрсеткішке жете алмай келеді: жиналған дәннен де, мақтадан да, ет, сүт, егіс көлемі, мал саны, құс саны, т.б.  Мына таблицада көрсетілген. Сонда осы саладағы Үкіметтің саясатына қандай баға беруге болады?

Қазақстанның ауыл шаруашылығының 1990 және 2015 ж.ж. көрсеткіштері

ЖылдарЖинал дәнМақтаЕт, сою тамақСүтЖұмыртқаЕгістік көлеміҚарамал саныҚой, ешкі саныҚұстың саны
 млн тмың тмың тмың тмлн данамың гамлн басмлн басмлн бас
199028,5324154856424585351829,835,759,9
201518,727493151824736210236,018,035,6

Ұсыныс!Комиссия мүшелері, Асқар Мырзахметұлы! Өкімет осы отырысынан кейін, қордаланған ұсыныстардың бәрін қарап, бір шешімге келсе. Менің ойымша бұл екі кезеңнен тұру керек.

        Бірінші кезекте. Тез шешілетін мәселе, ол Елбасының жер мәселесіне байланысты жасаған мораториясын ескеріп,  халықты тыныштандыру үшін, ел ішіндегі бірлікті сақтау үшін тез арада төмендегідей шешім қабылдау керек:

  1. Жерді шетел азаматтарына және заңды тұлғаларға жалға береміз деген (24 бап, 1 тармақ) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет.
  2. Жерді Қазақстан азаматтарына сату туралы (24 бап, 1 тармақ және 37 бап, 5 тармақ, 2 тармақша) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет. Құны жоқ жерді сатудан 1-ақ рет түсетін ақша ешқандай жыртығымызды жаппайды! Қазақты мәңгі ел етер оның жері. Парадокс былай. Талай мемлекет Англиядан Израильден бастап, Австралия, КНР жерді сатпай-ақ өте дамып жатыр. АҚШ-тан бастап талай ел жерді жеке меншік иесі ретінде беріп те дамып отыр. Сонда әңгіме мектептегі сияқты математикалық есепті қалай шығаруда. Түбірі бір, жолы әр түрлі болуы мүмкін. Әңгіме жер кімнің қолында екендігі емес,  әңгіме тиімді істе. Өкінішке орай жердің жанашыры нашар болып тұр. Жер түгіл адамға да жанашырлық азайған заман. Бізге асығудың қажеті жоқ жер сатамыз деп. Бір ақ көрсеткіштің өзі бізді жер сатпауға тоқтата алады. Ол сыбайлас жемқорлықтан Казахстан 123 орында. Осы жетпей ме? Халықтың да жерді кім алады деген қорқынышының бірі осы сыбайлас жемқорлықта.
  3. Үкімет 13 жылдан бері заң бойынша уәде беріп келе жатқан 10 соттық, 25 соттық жер учаскелерін және ауыл тұрғындарына  уақытысында берілген 10 га дейін жер телімдерін (үлестерін)  тез арада осылардың бәрін халыққа тегін берілсін. Бұл мәселе осы Комиссияның және жергілікті қоғамдық кеңестердің тікелей қадағалауында болсын. Ал жергілікті әкімшілік өкілдері тікелей іске асырсын! Осы іс-шаралардың іске асыруын БАҚ жариялы түрде үнемі халыққа ашық хабарлап отырсын.

       Екінші кезекте шешілетін мәселелер:

  1. Жер кодексінің 13 жылдағы іске асырылған нәтижелері туралы облыс әкімдерінің, Үкімет пен  Парламенттің халыққа есеп беруін тыңдау;
  2. Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатқандығы туралы және тиімділігін арттыру жолдары туралы әкімдер мен Министрдің есебін тыңдау;
  3. Ауыл шаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекеттік бағдарламасын жасау; Бұл бағдарламада ең маңыздысы стратегиялық мақсат қою керек. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімнің үлесін ЖІӨ – 15-20 % жеткізу керек деген. Мысалы Президент кіші және орта кәсіптің ЖІӨгі үлесін 50 %-ға жеткізу керек деген мақсат қойған болатын.
  4. ҚР Жер кодексі туралы жаңа заң жасау қажет
  5. ҚР Президентіне тікелей бағынатын, еліміздегі жер ресурстарының барлық түрлерін тиімді пайданалу тұрғысынан ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Ведомствааралық Агенттікті құру және оның басшысына Премьер министрдің орынбасары лауазымын беру.
  6. Ауылшаруашылық және жер мәселесін тез арада дамыту үшін бюджеттерді, ішкі, сыртқы инвестицияларды, субсидия, несие, лизинг тағы басқа қаражат жүйесін бір қолдан шығару үшін, жерді игеретін әр түрлі шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға қаржы тікелей жету үшін Қазақстанда АГРОБАНК құру керек. Мысалы, белгілі ауыл шаруашылығының маманы Ғалым Тұрғанбаевтың айтуынша «Жоғарыда бөлінген қаржы ауылға жетпейді. Оның 85-90% тек үлкен, ірі-ірі компанияларда қалады да, бір азғантай бөлігі мыңдаған шаруа қожалықтарға тиеді» деп

Ортаға салатын бір жоба бар. Жалпы қоғамда көп жылдан бері қордаланып қалған келеңсіздіктер, әлеуметтік әділетсіздіктер жетеді: Олар жер асты вулканы сияқты кез-келген жерден бұрқ ете қалуы мүмкін. Сонда пайда болған әр күрделі проблемаға байланысты қайта-қайта комиссия құра береміз ба?

Мен осыны ойлап, жақында Елбасына «Қоғамдық Палата» құру керек деген жоба жібердім. Қоғамдық палатаның негізгі идеясы – осындай келеңсіздіктердің алдын алу, халықтың басым көпшілігін қанағаттандыру және халықпен диалогқа бару. Ол үшін Палата мүшелерін әр облыстан сайлау, қоғамдық ұйымдардан профессионал, істі білетін, елге қадірлі азаматтар болу керек.

Бұрынғылар айтатын, «Ері өлсе, көмгенше жылайды, ал жері өлсе, өлгенше жылайды» деп. Халқымыз жердің бағасын өте жоғары қойған. Осыны ұмытпайық ағайын!

Астанадағы жер комиссиясының IV отырысындағы О. Сәбденнің сөйлеген сөзі. 09.07.2016

  1. Ауылшаруашылығы дайындаған бұл салыстырма таблицаларды біз қазір көріп отырмыз. Бізге табан астында пікір айт дейді. Ол үш құжаттарды 2-3 күн бұрын беру керек еді. А. Мырзахметов мырза осы есте болсын. Дегенмен бүгінгі күн тәртібі бойынша өз пікірімді білдірейін. Конкурс арқылы жерді жалға беру туралы, дұрыс айтылған, нормалар мен бақылауды күшейту керек, типтік келісім-шарттар керек т.б. Бұл конкурсты іске асыруда аудан әкімшіліктеріне халықтың сенімі жоқ. Себебі жеткілікті: болып жатқан тендерлерді еске алыңыз, осы 25 жылда жердің талан таражға әкімдердің өзі кінәлі, өздерінің де, ағайындарының да тағы басқа сыбайлас жақындары да жерді көптеп алып қойған. Бұл жерде қоғамдық кеңестің рөлін күшейту керек, депутаттар, ауыл ақсақалдары, керек болса халықты жинап пікірін алу керек. Не керек, өте қатаң қадағалау керек.

Кооперация заңы шыққалы 8 ай болды, неге осы жергілікті жерлерде құрылмай жатыр? Себебі тағы да аудан әкімдеріне келіп тіреледі. Мысалы: бір ауылда 500 үй бар дейік. Әр үйдің жер үлестері әртүрлі, орта есеппен 10 га. дейік. Бұл жер үлестері көп жылдан бері 3-4 шаруа қожалықтарына  берілген. Олар жылда жерде қанша өнім түскеніне қарамастан 10 % кейде одан да төмен табысын әр жанұяға береді. Оның жерді игеруден қанша пайда түсіп жатқаны туралы ешкімге есеп бермейді. Қазақшалап айтқанда білгенін жасайды. Ал егер маған табысты көбірек бер деген жеке шаруа болса, онда шаруа қожалығының басшысы оған жеріңді алып кете бер, егер қанағаттанбасаң дейді. Жеке адам не істесін, ол 10 га. жерді игере алмайды, не техникасы, не тұқымы жоқ, мүмкіндігі жоқтан көнеді. Міне жағдай осылай, бұлар әр ауданда 70-80 шаруа қожалықтары өздерінің жағдайы жақсы, елге қанша өнім алып жатқаны туралы есеп бермейді және аудан әкімшілігімен жақсы байланыста, бірге істері бар. Міне, қарапайым халық осындай қиыншылықты бастан кешіруде. Сұрақтың  жауабы жоқ.

  • Өткенде Қызылордада болдық. Жерді шетелге жалға бермейміз, өзімізге де сатпаймыз,-деп Қызылорданың талай азаматтары айтты. Қ.Көшербаевтің тікелей ұйымдастыруымен 10 сот. жерді 6600 жанұяға берілді. Бұл өте жақсы бастама. Басқа өңірлер қазірше тып-тыныш жатыр. Осы жөнінен облыс әкімдері есебін берсе. Қай жерлерде инфраструктура жасалды, қаншалықты даяр және қашан 10 сот. жерді халыққа үлестірмекші. Өкіметте, партияларда осы мәселелерді тікелей бақылауға алса. Заң қабылданғалы 13 жыл өтсе де, жер өте аз берілуде.
  • Жерді жалға бергенде инвестиция салатын өз азаматтарымызға басымдылық беру керек. Өкімет оларға жағдай жасасын: несие, лизинг, субсидия т.б. көмектерімен.
  • Наша комиссия весьма важная, но она не имеет законодательной инициативы. По Конститутции законодательной инициативой владеет правительство в целом (не  министр) и депутат! Поэтому, чтобы наши решении (т.е. решении Комиссии) чтобы были более действенными, необходимо наше решение оформить в виде законодательной инициативы через наших депутатов, которые являются членами нашей комиссии. Эти предложения оформить как проект закона от депутата или группы депутатов.
  • Берген сұрақтарыңызға жауапты тез беру керек. Мен мысалы өткенде Алматы облысы әкіміне сұрақ бердім. Облыстағы жерлер кімдердің қолында, қанша жер игерілмей жатыр, игерілмей жатқан жерлер заң бойынша 2 жылдан кейін мемлекетке қайтару керек, сотқа қаншасы берілді, қалай шешілді, банкте қаншасы тұр? КТК телеканалында бір келіншек айтты. Мына қоршалған жердің арғы жағы Алматы облысының бұрынғы әкімінің жері, ал мына айдалып тасталған біздің жайылымға баратын, малымыз өте алмайтын жер Алматы қаласының бұрынғы әкімінің күйеубаласында,- деп т.б. Қазірше жауап жоқ.
  • Жер кодексі бұл заңдардың жиынтығы. Бір жер кодексімен мәселенің барлығын шешіп тастау мүмкін емес. Шетел тәжірибесі де солай. Кейбір өзекті мәселелерге байланысты жеке шағын заңдар керек. Мысалы: жайылым туралы. Жердің құнарлығын сақтау, әр жанұяның жеке меншік шаруашылығы туралы, агробанк құру туралы т.б… Әр жанұяның жеке меншік шаруашылығы туралы қарасақ, әр үйде қанша мал ұстауға болады деген сұрақ туады. Егер ауыл тұрғындарының жері орта есеппен 15 сот. болса? Мысалы Сайрам ауданыны алсақ, Қарабұлақтан бастап көптеген ауылдарда 15 сот. жерде қора жасап 50-60 қара мал ұстап, тез бордақылап, етін қалаларға жіберуде. Ал мал етінің сапасы қалай, оны немен семіртіп жатыр. Малдан шыққан қалдықтар иісі бүкіл ауылды сасытады. Қала түгіл, ауылдың да экологиясы бұзылды. Сұрап жатқан бір жан жоқ. Тағы да аудан әкімшілігі біледі, бірақ үндемейді. Себебі белгілі ғой.

Жер мәселесін қаржылардыру, несие, инвестиция, субсидия, лизинг, т.б. реттейтін бір банк жүйесі керек. Осылай жерді кепілдікке қойып, кредит алып, оны қайтармай жүре берсек. Онда келешекте жердің көпшілігі банктің құзырына өтеді. Сонда жердің қадірін білмейтін, жер маманы емес банктің меншігінде болады. Сот арқылы бізде банктердің қолында қанша жер бар екенін қазір ешкім білмейді. Сондықтан да Агро банк құру қажет.  

«ЖЕР»туралы толық метражды көркем фильмнің концепциясы

Бұл фильм қазіргі заманның ағымына байланысты, әлемдік дағдарыс уақытындағы, ертең не болатынын білмей жатқанда, Қазақстанда жер дауы басталғанда, жерді нарық жүйесімен тиімді игерудегі жастардың жаңашыл ізденіс істеріне, тығырықтан шығатын жаңа жолға арналған.

Фильмнің негізгі өзектілігі, сонау «Ақтабан шұбырынды» заманындағы, тағдырлы ашаршылық жылдарындағы, Қазақ халқының қомақты бір бөлігі күйзелістен жер-тау асып Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Иран елдері арқылы Түркиядан бірақ шыққан. Солардың арасында бір тағдырлы жанұяның немересі Айғұнның, ата-бабасы туған жері, қазақ еліне оралуына және қазіргі таңда ең өзекті болып тұрған жерді игеру мәселесіне белсенді араласуына байланысты.

Фильмнің желісі: Жас маман қыз Израильден ауыл шаруашылығы, биотехнологиядан магистрлік жұмысын жоғары деңгейде қорғап шығып, ел ордамыз Астана қаласына ұшып келеді. Оны қарсы алған құрбысы, Астанамызды аралатып, еліміздің егемендігін алғаннан бері 25 жыл ішіндегі өзгерістерді айтып келеді. Айғұн 25 жылда Астананың қатты дамып кеткенін көріп және оны шетелмен салыстырып, Астана халқы мен көркем жастарға сүйсіне қарап, бұл не деген керемет деп таңданады.

Кенеттен күтпеген жерден «Самұрық Қазына холдингі» Айғұнға жұмыс ұсынып отырсада, ол оған қарамастан ауылға қарай бет алғаны бір жұмбақ болып қала береді. Өзінің шетелден алған тәжірибесін орталықтан шет жатқан шалғай ауылға, нағашы апасының үйіне  барып, сол ауылды көркейтуге, жерді игеруге жұмсайды.

Айғұн ауыл азматтарының қолдауының арқасында Израиль елінде тиімді қолданыста жүрген әлемге әйгілі кибуц жүйесі бойынша жерді игеру, біздіңше Кооперация сынды ұжымдастыру жобасын алып ұжымдық шаруашылық, Кооперация (Кибуц) құру арқылы жерді тиімді игеруге кіріседі. Осы салада Айғұнның Иерусалим университетінде жасаған өзінің жобасын және үш жылдық жерді игерудегі тәжірибесін ауылда пайдаланғандығы, жерді игерудегі таңқаларлық қайсарлығы, принципшілдігі және ұйымдастырушылық қабілеттілігі, білімділігі баяндалады. Әрине, бұл істе Айғұн көптеген әр түрлі қиыншылықтарға, аяқтан шалу, тағы басқа бюрократиялық кедергілерге тап болады. Айғұн, нағашы ағасы, ауыл азаматтарымен және жастармен бірге бұл қиыншылықтарды еңсереді. Айғұнның таланты жан-жақты екендігі барша әлеуметтік, спорттық, мәдениет жағын, тілді көтеруде де көрінеді. Бұл жерде ескі мен жаңаның күресі, бірігіп іс жасау, махаббат, тағы басқа қызықты оқиғалар орын алады. Фильмде ауыл көркі, жердің тұнып тұрған табиғаты,  ауыл өмірі бейнеленеді. Жыл соныңда бұл жаңа ұжым жерді игеруде улкен табысқа ие болып, әр жанұя еселеп астық алады, бәрі риза! Жерді игерудегі ұжымдық кооперация құру тәжірибесін Қазақстанның көптеген жерінде іске асыра бастайды, елдің билікке деген сенімі күшейеді, жаңа мүмкіндіктер туады. Қиын уақытта елдің тірлігі мен бірлігі артады.

Бұл фильмнің тағы бір аса ерекшелігі Қазақстанда жер дауы басталғандығында. Елдің бір жағы жерді шетелдіктерге ұзақ уақытқа жалға береміз және сатамыз деп жатса, ал екенші негізгі бөлігі жерді жалға шетелге бермейміз, ешкімгеде сатпаймыз деуде. Егер жерді шетел азаматтарына 25 жылға жалға беретін болсақ, онда жерімізді қытайлар жаулап кетеді. Тағыда бір 25 жылдан соң қаптаған қытай арасынан қазақты табудың өзі қиынға соғады, пайдаланған химикаттардан жердің күл-талқаны шығады дейді. Мұндай келеңсіз мысалдарды жерді Қытайға жалға берген Ресей мен Тәжік азаматтарының естудеміз.  Егер жерді сатсақ тағыда қара халыққа тимейді, тағыда сол Латифундистер, байлар алады деген ел арасындағы қорқыныш. Екі жақтыңда келіспейтін тартысы болып жатады. Осыған байланысты талай жерлерде, қалаларда халықтың назарылықтары көтеріліп, алаңдарға шығып, келеңсіз оқиғалар болып жатқандығы байқалады.

ҚР Президентіелдің тыныштығын сақтау үшін жерді шетелге жалға бермейміз де, сатпаймыз да деп, Жер туралы Кодекстің өзгертулеріне тез арада жыл соңына дейін маратория жариялайды. Оған қоса жер реформасы туралы 75 адамнан тұратын мемлекеттік комиссия құрады. Комиссия ел-аймақтарды аралап жұмыс істеп жатқанда Айғұн осы шешілмей жатқан түйіннің шешімін тауып, елдің ризашылығына бөленеді. Міне осы қысқа мерзімдегі бір ауылда болған жерді игерудегі нәтижелі жұмысты бүкіл Қазақстанның аймақтарына іске асыруға осы Көркем фильм арқылы ұсынылады. Айғұнның жерді игерудегі ұжымдық шаруашылық құру әдістемесін бүкіл Қазақстанға фильм арқылы таратылады. Бұл дегеніміз Қазақстанның елдің бірлігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. Жастар болғаннан соң махаббатсыз болмайды, Айғұнға екі бірдей жас жігіт ғашық болып қалады. Оның бірі ауыл азаматы Жолдыбай болса, ал екіншісі қаладан дипломмен ауылға келген дәрігер Жомарт.

Біраздан бері жұмбақ болған Айғұнның алшақ ауылдағы жерді игерудегі негізгі мәні, Айғұнның бала кезіндегі сонау Түркиядағы атасының батасы еді. Сол кезде атасы Айғұнға: сенің атыңды біздің тегіміз ғұннан таралғанымызды ескеріп, Айғұн болсын деп қойған едім. Бой жетіп өскеннен соң, сонау алыс шығыста жатқан, мың өліп мың тірілген Қазақ деген ел бар екенін есіңнен шығарма. Ол сенің ата жұртың, сол ата жұртыңа мүмкін болса орал. Адамға туған жерден, өскен елден артық ештеңе жоқ, еліңнің патриоты бол, біз армандаған, қолымыздан келмеген істі жалғастырып ата жұртыңды, Қазақ елін дамыт деп өсиетін айтып, бата берген болатын. Міне осы жұмбақ Айғұнның атасының арманы айтылған соң ашылды.

Айғұнның іскерлігін байқап қалған Астанадағы Ауыл шаруашылығы министірлігі кооперация құру арқылы жерді игеру тәжірибесін бүкіл Қазақстанға тарату үшін оны министрліктен орталық ашуға шақырады. Бұны естіген ауыл тұрғындары Айғұнның ауылда қалуын сұрап өтінеді. Үш жылдық мерзімге келген дәрігерде Астанаға кетіп, жұмысқа орналасып, Айғұнды жақсы көргендіктен елордамызға шақырады. Сол мезеттерде Израиль елінен Айғұнға жедел хат та келеді. Иерусалимдегі ең беделді университетке биотехнология мамандығына  Айғұнның докторантураға түскені жайлы хабар жетеді. Айғұнды алда не күтіп тұр? Ол ауылда қала ма немесе Астанаға бара ма, жоқ әлде Израильге кете ме? Видео көрінісі арқылы көрермендердің көз алдында ауылдың, Ақсу-Жабағылы қорығының керемет табиғаты арқылы көк  аспанға  сіңіп қалып қоя береді… Фильмнің жалғасы болуы мүмкін…  

Бұл фильмнен халықтың ұғатыны, елімізге әртүрлі қиындықтар туған кезде халқымыздың болашағын ойлаған таланттардың барлығы қуантады. Ол қазақ елін енді ішінен де сыртынан да жау алмайтындығын, Елбасының сындарлы саясатын ары қарай алып кететін жастарымыздың көтерілуінде. Бұл фильмде қыз баласының образы, шынайы адами қасиеттер, патриоттық сезім, жұмыссыздық мәселесі, табиғатты қорғау, тағы басқа өзекті проблемалар алға шығады. Фильмде мемлекетіміздегі біраз қомақты мәселелер қамтылады. Олар: Қазақ елінің тарихи-тағдыры; егемендігіміздің 25 жылдығы; патриотизм; жер дауы; оны тиімді игеру жолындағы елдің бірлігі; жастарды жұмыспен қамтамасыз ету; ауылға жаңаша бет-бұрыс және т.б.

 Фильмнің идеясының және сценариясының авторы белгілі ғалым-экономист, академик, қоғам қайраткері О.Сәбден көркем фильмді Егемендігіміздің ҚР-ның 25 жылдығына ұсынады. Жоспар бойынша фильм тез арада (2-3 айда) халық үшін түбегейлі, тағдырлы жерді игеру мәселесіне байланысты түсіріліп, жарық көруі керек. Бұл фильм жерді жаңаша игерудегі миссиясымен үлкен резонанс туғызатынына, халықтын мызғымас бірлігің арттыратынына автор сенеді. Шын мәнінде, қазақ халқына бұл дүниеде жерден артық ештеңе жоқ. Жер дегенде халықты ештеңемен тоқтата алмайсыз. Қазаққа Жер-Ана, жерді сатқаның анаңды сатқаның дейді кеменгер қазақ халқы.          

                22 мауысым 2016ж.,

ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі)

Жер туралы бірқатар мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты Сіздің қарауыңызға алғаш рет жүзеге асырылуы елішілік, сондай-ақ халықаралық резонансқа (әсер) ие болатын мегажоба ұсынылып отыр. Сіздің ұсынылып отырған жобаға көрсететін қолдауыңыз ауылдарды, ел өңірлерін орнықты дамытуда, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде және мемлекетаралық қарым-қатынас пен ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда негізгі фактор болмақ.  

ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі)

Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы километрді құрайтын  аумақта орналасқан. 14 облыстың әрқайсысында ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлері,  жайылымдары бар, мұның бәрін орынды пайдаланса,  елдің азық-түлік проблемаларын,  ауыл халқын жұмыспен қамту,  көші-қон және шекаралық ынтымақтастық  мәселелері толығымен шешіледі.  

Тек Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мысалында аумақтың Балқаш көліне қарай аздап еңіс екенін айтуға болады. Облыстың едәуір бөлігін  көптеген көгалдар мен алаптары бар Балқаш-Алакөл және Іле ойпаты алып жатыр. Аумақ бойынша жеті өзен ағып өтеді және су қоймалары салынған. Климаты континенталды, ал тау бөктері белдеуінде жұмсақ. Нақ осындай қолайлы жағдайлар Шығыс Қазақстан облысында да бар. Аталған Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайлары осы аумақта ЕАШЭА, яғни Еркін ауыл шаруашылықтық экономикалық аймақ құру құруға  негіз болады және бұл жерде ұсынылып отырған мегажобаның негізгі идеясы жүзеге асырылады.  

Мегажобаны жүзеге асырудың қадамдық алгоритмі 

1-қадам. ЕАШЭА тұжырымдамасын қалыптастыру. ЕАШЭА құру идеясының негізінде – халықты жұмыс күші мол аймақтардан қоныстандыру (мысалы, ОҚО, онда 3 млн халықтың көбі  жұмыссыздар, әсіресе жастар), өндірістік (жолдар, энергиямен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету) және әлеуметтік (мектеп, аурухана, мәдениет және спорт мекемелері) инфрақұрылым қалыптастыру. ЕАШЭА құру ҚР Парламентінің «Ауыл шаруашылықтық экономикалық аймақ туралы» ҚР Заңын қабыладауымен рәсімделуі тиіс.

2-қадам. ЕАШЭА құру мен дамытудың ұйымдық және экономикалық тетіктерін әзірлеу:

– мегажоба іс-шараны қаржылық қамсыздандыру мәселесін шешетін «Нұрлы жол», «Институционалдық реформалардың 100 нақты қадамы» сынды бағдарламалар бағытында жүзеге асырылуы қажет;

– халықты жұмысқа тарту, олардың жұмыспен қамтылуы осы саяси жобаға негізделіп, түзетілген «Жол картасы-2020» аясында орындалуы тиіс;

– еліміздің өркендеуі мен оның ұлттық қауіпсіздігінің нығайту жолында халықты моральдық және рухани-патриоттық тұрғыда біріктіретін «Асар» көмек және қолдау көрсету ұлттық қағидасын пайдалану;

– мегажобаны қаржыландырудың негізгі көздері мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар мен «Қазақ өрісі» арнаулы қоры болуы тиіс;

– еліміздің демографиясы, жұмыспен қамтылуы және ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жекеленген кіші бағдарламалар әзірлеу;

– жастарды рухани жаңғырту және адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар әзірлеу.

3-қадам.  ЕАШЭА құру идеясын Қазақстан аумағын дамыту мен оның тұтастылығын сақтап қалудың инновациялық тетігі ретінде кең ауқымда насихаттау.