Абай облысын құру туралы ұсыныс

ҚР президенті Қ.Тоқаевтың,

Парламент  депутаттарының назарына!

Семей өңірі киелі жер.

Бергі тарихқакөз жүгіртсек, қазақтың көп зиялылары Алаштың астанасы Семейдің тумасы немесесол аймақтан білім алып шыққандар. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов, Х.Ғаббасов,Ә.Ер­ме­ков, Қ. Нұрмұхамедұлы, А.Дүй­­себаев, Б.Сәрсенов, А.Бар­­лыбаев,Т.Жарқынбаев, И.Әлім­беков, Қ.Мұздыбаев, М.Тұр­ғанбаев, С.Мұстафин, М.Мал­­дыбаевсынды көрнекті қоғам қай­раткерлері білімдерінің бастауын Семейден алған.

Олардың алдында әлемге әйгілі ШоқанУәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім, тағы басқалар оқыған, өскен жер. Кейін кеңесзаманында, егемендік алғаннан соң да мемлекет, қоғам қайраткерлері, айтулытұлғалар шыққан киелі аймақ. Бұл жерді, жалпы, Қазақ елінің саяси-әлеуметтікидеологиясының негізі бастау алған, ұлттық иммунитетті қалыптастырған аймақдесем, артық айтқандық болмайды. 1903 жылы Ресей патшалығының үкімімен Семейколледжі алғаш рет құрылып, онда Ә.Сәтбаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.Сәтбаев,Ә.Марғұлан, М.Бөжеев, І.Айтықов атты алыптар  өмірге жолдама алып, Қазақстанның атын әлемгешығарды.

Бір Абайдың өзі екі ғасыр бұрынбатысты да, шығысты да зерделеп, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, Қазақелін өрге жетеледі. Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтыңидеалы. Ол әлем өркениетінің ғұламаларынан көп ілім-білім жиған, сол біліміменадамзат биігіндегі өз ойларын қорытып шығарды. Абай – адамзаттың рухани сардары. Абай ой мен сөз бостандығыныңсимволына айналды. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: «Абайды қазақ баласы тегістанып, тегіс білуі керек». Бір сөзбен айтсам,  Абайдың толық адам ілімінің жолкартасын жасап, біздің рухани конституциямыз ретінде халықты оқыту керек.

Осы орайда, биыл туғанына 175 жылатап өтілгелі отырған әлемдік деңгейдегі тұлғаға неге бір облыстың атын беругеболмайды деген сұрақ көптің көкейінде тұр. Жамбыл облысы бар. Түркістан облысыашылды. Талдықорғанға облыс мәртебесі қайта берілді. Бір кездерде құлдырап кеткеноблыс, әсіресе Талдықорған қаласы, қазір қарасақ, сәулетіне көз толады, дамыпкеледі.

Экономикалық жағынан алсақ, Семейөңірінің өндірістік әлеуеті жоғары, халық саны 1,4 миллионнан асады. Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Қатонқарағай,Үржар және т.б. аудандарда халық тығыз орналасқан. Семей қаласында 322 мың, Өскеменде340 мың адам тұрады. Тамылжыған табиғаты таңғаларлықтай, оның ішіндегі Зайсанкөлі, Бесқарағайдың үлкен ормандары, Тарбағатай таулары мен Қатонқарағайдыңкөркем табиғаты, Алматы облысымен шекаралас Алакөл болашақта үлкен туристікпотенциалы бар жерлер. Қазақстанның Швейцариясы осы жер деп айтуға болады.Ертең шетелге ақша шашатындар мен көптеген шетелдік туристер асығатын әсемдемалыс орындарына айналатындай жағдайы бар өңір. Мысалы, Алакөлдің табиғиемдік қасиеті ТМД елдерінде танымал, сол себепті онда келетін туристер де көп.Бұдан басқа, өңірде түрлі түсті металдардың, графит пен алтынның қайнар көздерібар.  Облыста Ертіс өзені мен оныңсалалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Бұл өңір Қазақстанның еңірі индустриалды-аграрлық аймағы саналады. Мұнда металл өндіру, машина жасауқұрылысынан бастап, ауыл шаруашылығына дейін жақсы дамыған. Бұл бай өңір тұныптұрған табиғатымен келешекте Қазақстанды сыртқа танытатын өлке.

Түркістан мен Семей қазақ қоғамынізгілендіретін рухани орталықтар болуы тиіс. Ескі Семейде «Көпестер қалашығын»жасау қажет. Қазақтың жақсы-жайсаңдары жиналатын «Абай зиялылары» орталығы ашылса, киелі жердің қасиеті аспандареді. Түркістан мен Семейді жаңғыртып, руханиорталық ету арқылы қазақ халқының санасы өзгеріп, тереңде жатқан рухани-мәдени,тарихи құндылықтарымыздан күш алып, батыстың да, шығыстың да ықпалынан кетіп,қазіргі аласапыран жаһанданудан ұлттық тінін сақтап қалар ма еді?! Қазақстан өздамуының жаңа жолын табар еді. Қазақ өткенге есесі көп кеткен ел. Мүмкін, бізгетағдыр өтпелі кезеңде осындай мүмкіндікті беріп тұрған шығар. Бұл жолы қапықалсақ, ешкімге өкпелей алмаймыз.

Бұл өңірдің халқы Семей полигонынанқаншама зардап шекті. 1949-91 жылдары Семей ядролық сынақ полигонында 470ядролық жарылыс жасалынды. Оның салдарынан қанша адам қайтыс болғаны белгісіз.Тек сәулелік зақым (облучение) алғандардың саны жарты миллион адамнан асқан. 2млн гектар ауылшаруашылық жері радиоактивті умен ластанған. Арал, Семейаймақтары экологиялық апатты өңірлер деп есептеліп, бір уақыттарда біз, ЖоғарғыКеңес депутаттары, заң қабылдаған болатынбыз. Оның да аяғы суға кетіп,  Жоғарғы Кеңес қайта-қайта таратылып, ақыры ескерусізқалды. Зардабы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Егер демократиялық сайлау болса, ендігісайланатын депутаттар бұл тағдырлы мәселені қайта көтеріп, екі өңірдің халқынақомақты жәрдем беруі керек.

Жалпы, бұл өңірдің қазақ халқынабергенін, зардап шеккенін таразыға салсақ, біз Семейге қарыздармыз депесептеймін. Оның үстіне қитұрқы саясатпен Семей облысын жауып тастағаны нағызәділетсіздік. Осындайда жоңғарларды жеңіп, қазақтың ұлан-ғайыр жерін жаудансақтап қалған қара орман халқымыздың дәрменсіздігіне ішің ашиды, жүрегіңсыздайды.

Ал енді Абай облысының орталығыСемейде ме, жоқ әлде Өскеменде бола ма, оны облыстың тұрғылықты халқынан сұраукерек. Керек болса, референдум жасап шешуге болады. Маған салса, әрине, киеліжер – Семей.

Кейбіреулер айтуы мүмкін, қазірдағдарыс уақытында бұл іс-шараларға көп қаржы кетеді, кейінге қалдырайық деп.Мен ойлаймын, мұндай ізгілікті қадамды дәл қазір – ақынның мерейтойы тұсындажасауымыз қажет. Жалпы, 30 жыл бойы қалыптасқан «ыңғайлы көпшіліктің» қасаңтартқан санасын өзгертетін уақыт келді. Қазір қазаққа жетпей тұрғаны – рух. АлАбайдың атын шығару қазақтың рухын көтереді. Абайдың көрегендігі мен Шәкәрімніңшындығын, Шоқанның ғылымдағы ерлігін бағдаршамдай ұстану қажет. Абай атындағыхалықаралық «Рухани даму қоры» құрылғанын қалаймыз, бұған керек болса, бүкіл елболып көмектеседі. Абай атының өзі-ақ облысты көтеріп береді.

Оразалы СӘБДЕН,

ҚР Мемлекеттіксыйлығының иегері,

Қазақстан ғалымдародағының президенті,

э.ғ.д., профессор,академик           

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *