Жерді шетелдіктерге жалға бермей, Қазақстан азаматтарына сатпай, 49 жылға тек ҚР азаматтарына ғана жалға беру арқылы кооперациялау туралы заңды және басқа да тетіктерді іске қосып жерді тиімді пайдалануға болады.
Осы ойды тарқатып айтайын. «Бізге, яғни қазақ мемлекетіне Жаратушы тәңірден берген және ғасырлар бойы сақ, ғұн, түркі қағанаты, т. б. хандықтар тарихында ата-бабаларымыздың қаны төгілген жерді, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан және келер ұрпаққа қалдыру моральдық парызымыз болып табылатын жерді ешкімге сатуға болмайды. Жер – қазақта қанша хан, бай, би болса да жекенің меншігінде болған емес, сатылған да емес.
Ал егер қазаққа сенбесек жер туралы К.Маркс былай деген: «земля не имеет своей стоимости, земля не продукт труда и поэтому отношение к земле полно противоречий, что обусловлено тем, что земля является условием производства прибавочного продукта и именно с этим связано отношение собственности на землю». К.Маркс айтпақшы, егер жерді табыс көзін жасайтын, өндіруші күш ретінде пайдалансақ, неге оны сатпай-ақ тиімді пайдалануға болмайды.
Мен ауылда болып, жерді игеріп жүрген фермерлерге және де жер үлестері бар шаруаларға жерді сатуға және жалға беруге болады ма деп сұрақ қойдым. Өзімізге жалға беру туралы бәрі қолдады, ал жерді сатуға келгенде бірен-саран қолында көптеген жері бар фермерлер сатқанды дұрыс десе, ал қалған көпшілігі жер-ана, жерді сатпай-ақ, кооперация заңын пайдалану арқылы жерді тиімді игеруге болады деген тұжырымды айтады. Ал жерді шетелге жалға беруге бәрі қарсы. Бір қытайдың өзі елдің зәресің кетіруде. Олардың қорқынышы жерді кім сатып алады: олар Елбасы айтпақшы латифундистер, байлар т.б. Қара халық ала алмайды, содан соң наразылық туады. Ашығын айту керек, сыбайлас жемқорлық шарықтап тұрған заманда, осы жерді сатудан пайда көріп қалайық деп алақанын уқалап отырған әкімдерде жетеді дейді. Олар дегенін істейді, жақындарына, таныс бизнесмендерге, тіпті кім болса, соған жеке пайдасы үшін, жерді бергізеді.
Жерді сатпай-ақ жаманды-жақсылы өмір сүріп келеміз. Жерді сатудан тағы да бір үлкен дау-дамай шығатыны анық дейді. Мұндай қауіпті қадамға бару терең ойлануды керек етеді. Себебі на коне стоить Государственная безопасность страны? Допустим если в 25 лет отдадим на аренду китайцам. Вот тогда через 25 лет на этом месте не только земля, но и среди китайцев трудно будет найти казаха.
Ұсыныс, предложения:
- Халықтың және осы азаматтардың пікірін ескере отырып ғалым, азамат ретінде менің жеке ойым: жерді сату туралы ??? 2003ж. бапты «Жер кодексінен» алып тастау керек. Және жерді шетелге жалға беру туралы ??? баптарын заңнан алып тастау қажет.
- Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатыр, бұл туралы министр мен әкімдердің есебін тыңдау қажет? Бұл мәселеде жергілікті әкімшілік, мәслихатпен қатар, әсіресе қоғамдық кеңестің рөлін күшейту керек. Әкімдердің бағасын осы кооперация заңын қалай іске асыратындығымен беру керек, егер ақтамаса не орнынан алу қажет. Сонда ғана іс жүреді.
- Бұл жерде ауылды, ауылшаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек (бұл ұсыныс жер кодексінің ?? бабына кірсін). Оны үш бесжылдыққа бөлуге болады. Агроиндустрия-2030 бағдарламасын әзірлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия, жұмыс тобы құрылсын. «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы ескірді, әлемде және елімізде көптеген өзгеріс орын алды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы үшін №1 етіп «ауыл шаруашылығын үдемелі дамыту» басымдылығын қою керек! «Аргоиндустрия-2030» әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты болмауы тиіс. Өкілдері министрліктен болсын, алайда әзірлеушілерді ойдағыдай қаржыландыратын ведомствоаралық жұмыс тобы болуы қажет. Мәселен, аталған Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу үшін бірнеше ай қатарынан маман ғалымдар мен практиктерді жұмылдыру қажет. Содан кейін Мемлекеттік бағдарламаны осы комиссияда талқылаған жөн.
- Жер – ана қазір – сырқат. Жердің қазіргі жағдайын, саламаттығын анықтап алу қажет. Шәкәрім айтқан, табиғат пен жердің, адамның гармониясы болған елде ғана несібе көп, бақыт бар. Сондықтан мына мәселелерді шешу керек: Жер қалай пайдаланылып жатыр, кімнің қолында, қай заңдылықтар бұзылып жатыр, неге латифундистердің қолында жүздеген, мыңдаған гектар жер бар, оның қаншасы игерілмей жатыр? Жерді қайтару тетігі қалай іске асып жатыр. Әсіресе игерілмеген жерге салықты еселеп көбейту керек. Сонда өздері әкеліп береді.
- Бірінші отырыста ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі) атты жобаны ұсынған болатынмын.Бұл жоба Қытайға шекаралас Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан және Өзбекстанға шекаралас Оңтүстік Қазақстан аймақтарындағы құнарлы жерлерді игеру. Ол жерлерде «еркін экономикалық аймақ» жасап, еліміздегі мыңдаған азаматтарды, әсіресе жастарды тың жерді игеруге жұмылдыру. Баяғы «БАМды, Целинаны» игерудей кешенді істер болса. Мұндай мәселеде халықтың да патриоттық сезімі көтерілер еді. Жаңа ауылда жастар жаңа өмірді бастар еді. Ең маңыздысы қауіпсіздігіміз де артар еді. ҚР Парламенті «Ауылшаруашылықтық экономикалық аймақ туралы» ҚР Заңын қабыладау тиіс. Бұл ұсыныс жеке бап ретінде жер кодексіне енгізілсін.
Төменде мегажобаның іске асыру тетіктері көрсетілген. Уақыттың тығыздығына байланысты оларды айтпай ақ, жазбаша түрде беремін.
Мегажобаның іске асу тетіктері:
– мегажоба іс-шараны қаржылық қамсыздандыру мәселесін шешетін «Нұрлы жол», «Институционалдық реформалардың 100 нақты қадамы» сынды бағдарламалар бағытында жүзеге асырылуы қажет;
– халықты жұмысқа тарту, олардың жұмыспен қамтылуы осы саяси жобаға негізделіп, түзетілген «Жол картасы-2020» аясында орындалуы тиіс;
– еліміздің өркендеуі мен оның ұлттық қауіпсіздігінің нығайту жолында халықты моральдық және рухани-патриоттық тұрғыда біріктіретін «Асар» көмек және қолдау көрсету ұлттық қағидасын пайдалану;
– мегажобаны қаржыландырудың негізгі көздері мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар мен «Қазақ өрісі» арнаулы қоры болуы тиіс;
– еліміздің демографиясы, жұмыспен қамтылуы және ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жекеленген кіші бағдарламалар әзірлеу;
– жастарды рухани жаңғырту және адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар әзірлеу.
- Жерді тиімді пайдаланудың кейбір тетіктері:
- Жалға беретін жер мөлшеріне шектеу қою;
- Жер үлесін алған азаматтарға сол жер үлесін алған мөлшерін Қырғыз ағайындар сияқты тегін беру және кооперативке кіруге үгіттеу;
- Бүкіл Қазақстандықтарға 10 сот. жер үлесін бөліп беру;
- Осылардың бәрін болдырмайтын, бәріне қарсы тұратын бір үлкен күш бар. Соны жеңбей, ауыздықтамай ештеңе болмайды. Оның аты не дейсіздер ғой? Оның аты – коррупция, сыбайлас жемқорлық. Мен ауылға барып, ел азаматтарымен сөйлесіп көзімнің жеткені, ауылдағылар айтады: Президент бәрін дұрыс бағдарлап тапсырма береді, оны іске асырмайтындар әкімдер, шенеуніктер,-дейді. Бұл билік пен қара халықтың арасының алшақтығы, қазір қара халық ешкімге сенбейді дейді. Керек болса Президенттің бастауымен құрылған қоғамдық кеңестердің өзі тікелей әкімшіліктің жасақтауымен болып отыр. Бұл жерде әкімнің айтқаны айтқан, дегені деген. Қазір аудандарда әкім – аспанды тіреп тұрған сияқты. Мектеп директорынан бастап ауданның лауазымды қызметкерлерінің бәрін әкім қояды. Шаруа қожалықтары, фермерлер, т.б. шағын кәсіп иелері халық үшін бір, іс үшін бір шындықты айтса бітті, ертен оған не несие де жоқ, не тендер де жоқ.
- Құрметті әріптестер. Егер біз шешім қабылдасақ, халық сенетіндей етіп қабылдауымыз керек. Егер дауысқа салып, Абай айтпақшы: «көп айтты болды, билік айтты көндіге» салсақ, онда сол дауыс берген көбіміз халыққа шығып түсіндірсін. Жер дауы бүкіл ел дауы болып кетуіне жол бермеу керек. Президент те осыны қалап отыр, егер халық қолдамаған заңды мен қабылдамаймын, деген еді. Мағжанның «ойлан қазақ» деген күні туып отыр. Ойланайық ағайын.
Жерді игеру бәрінің қолынан келеді: қазақтың да, қытайдың да. Бәрі өзінше өнім алады. Бірақ мәселе жерге деген қатынаста, алған өнімнің алған өнімнің пайдасында жатыр. Қазіргі қытайда қазақ жері тек өнім алудың көзі ретінде танылады. Ал қазақтың жер концептісінде оның материалдық жағына тірек болатын рухани негіздер де бар. Бұл ғасырлар бойы қазақтың өз этнотерриториясын таза әрі ұлан байтақ етіп сақтап келудің басты себебі, қазақ үшін жер – қасиетті. Ол сатылмақ түгілі, оны әрбір басып жүрген қадамы үшін қазақ Аллаға шүкір айтады, тіпті жерге түкірмейді, қалдығын тастамайды. Бір сөзбен айтқанда жер тірі адамдай – құндылық. Сосын Қытайдың өзін үлгіге алсақ, онда барлық жер – мемлекет меншігінде. Диқандарға өңдеуге өмірлікке берілгенімен, ол жерді шетелдікке сатпақ түгіл жалға да бермейді.
Ұлттың ұлт болуының бір белгісі – территориясы. Жаһандану, техника, химия дамыған заманда экономикасы озық, қулық-сұмдықты білетін жерге зәру елге жерді сатпақ түгіл жалға беру – одан айырылу!