Сыр өңірінің тарихы терең, жермен, дариямен байланысты. Мысалы, Қорқыт ата университетіндегі тарихи музейді қарасаңыз, Сырдарияның ағыс саласы, арналары ғасырлар сайын ауысып отырса, тарих та өзгеріп отырған. Көне қалалар келген, шығыс өркениеті дамыған жер. Жердің, елдің қадірін білгендіктен көне тарихтан бері Сыр өңірі хандықтардың Ордасы болған. Сондықтан бүгінгі отырысымыздың тарихи маңызы өте зор.
Жер туралы менің көзқарасым белгілі. Ол жерді шетелге жалға бермей, өзі азаматтармызға да сатпай-ақ, жерді 49 жылға жалға беріп, кооперация заңын, және т.б. жерді игеру тетіктерін пайдаланып ауылшаруашылығын тиімді дамытуға болады. Өткен комиссия отырыстарда өз жобаларымды ұсынған болатынмын. Ашығын айтсақ, жерді ешкімге сатпауды бір мысалдың өзі-ақ тоқтатады. Ол шарықтап тұрған сыбайлас жемқорлық. Дүниежүзілік Давос форумының шешімі бойынша коррупция индексінен Қазақстан 123 орында. Маркс айтпақшы, “Обеспечте капиталу 10% прибыли, и капиталист согласен на всякое применение, при 50% он готов сломать себе голову, при 100% он попирает все человеческие законы, при 300% нет такого преступления, на которое он не рискнул бы пойти, хотя бы под страхом виселицы“. Сонда жерді кім сатып алатынын өздеріңіз біле берерсіздер. Осы керек пе бізге?
Жер туралы талай отырыста болдым. Мүмкін, менің ойым субъективтік болар, қатесі болса кешірім сұраймын. Сөйлеген сөздердің бәрі бір сарында сияқты. Көбіміз зомбированный сияқтымыз. Себебі біз қолдаймыз, жерді жалға шетелге берейік, ішінде сатайык та дегені жеткілікті. Сонда бізге инвестиция келеді, шетелден ақша келмей біз жерді игере алмаймыз деген қорқыныштарды айтады. Бір «рабская психология» ұстап тұрған сияқты, ар жағындағы бар шындықты көпшілігі шығарғысы жоқ. Себебі, бірі жұмыстан кетуі мүмкін, екіншісі депутаттықтан, үшіншісінің бизнесі өшеді және т.б баламыз қызметте сияқты себептері жетерлік. Бұдан мынадай ойда келуі мүмкін. Бұл бекеттен шығу үшін сонда бізге қатты дағдарыс керек пе? «Елдің күші селдің күші» деп бекер айтпаған. Ел – құдіретті күш, ол қаһарына мінсе жойқын сел сияқты, не болса да бұзып-жарып, жермен жексен етуі мүмкін. Бұл мемлкетке өте қауіпті емес пе?! Оның беті аулақ. Дұрыс жол іздеу қажет.
Өз мінін көре алмаған халық өркениетті ел бола алмайды! Қайталап айтам «Өз мінін көре алмаған халық өркениетті елдер қатарына жете алмайды».Неге бәріміз, ел мойындайтын шынайы шындықты жасырамыз! Үйге барсақ, сыбыс-сыбыс, жұмыста оқуға қорқатын газетті үйге барып оқимыз. Жеке әңгімеде басқаша сөйлейміз.
Осы бізге жерді сату, шетелге жалға беру халықты біріктіретін идея ма өзі? Жоқ, әлде халықты жік-жікке бөлетін идея ма? Төрелігін, жер иесі, киелі халық айту керек. Керек болса референдумға баруға тура келеді. Себебі Елбасы халықтың шешімін қолдаймын деді. Жер халықтыкі – оның иесі халық, ал халық жерді билікке тапсырып отыр, сат деп емес – тиімді игер деп. Билік уақытша – халық мәңгілік ел. Егер билік жерді тиімді игермесе – кетеді, басқасы келеді. Ал халық мәңгі ел болып қала береді. Сол үшін біз бүгінгі таңда уақытша екендігімізді ұмытпайық. Егер біз жер мәселесін халықтың ойындағыдай шеше алмасақ, орнымызға басқа комиссия келуі мүмкін, тіпті жағдай басқаша өзгеруі де мүмкін. Бұл бізге халықтың өзі берген – шанс, жаңа мүмкіндік.
Халықты біріктіру үшін, бірінші кезекте, заң бойынша белгіленген, 13 жыл бойы созылып келе жатқан 10 соток жерді халыққа үлестіріп беру керек, жайылымға жетерліктей жер қалдырайық, ал латуфиндистердің жеріне 100 еселеп салық салайық. Сонда өздері-ақ жерден бас тартады. Ал шетелдіктерге жерді 10 жылға да жалға бермейміз деп бүкіл халыққа жария етейік. Қалай, қолдайсыздар ма?
Егер жерге барлығымыздың жанымыз ашыса, онда ауылшаруашылығының әлемде дотациялық сала екенін ескеріп, барлық заңды тұлғалар табысының 1-2% пайызын ауылды және шаруашылықты дамытуға берсін деген парламентте жер кодексі және салық кодексіне өзгеріс енгізейік. Сонда халық сенетін нақты іс болады. Ауылына қарап азаматын таны деген сөзге жауап болады. Бәрімізде ауылдан шықтық қой.
Комиссия отырысын жыл соңына дейін соза берудің тиімділігі жоқ. Бәрі белгілі болды, бет ашылды. Ертең осы отырыстардың бәріне қанша шығын кетті деген мәселе де шығады. Ол шығындарды бюджеттің қай саласынан алынды деген сұрақ? Немесе жерге жаны ашыған миллиардерлер берсе жөні басқа болар еді.
Сөз соңында бір арызым бар. Өкінішке орай Алматы облысында менің жер туралы қазақша айтқан сөзімнің орысша мәтінін керісінше бұрмалап, BNews.kz және Қазақ үнінің электронды сайттардың корреспонденттері былай жазған, «По словам академика, скорейшего решения требует вопрос предоставления в аренду земель иностранным гражданам», а QAZAQUNI.KZ пишут «Говорят о необходимости выдачи земли в аренду иностранцам, я это поддерживаю… сказал Оразалы Сабденов». Қазақша стенограмманы қараңыздар. Бұл жерде менің сөзімді 180 градусқа бұрып, жерді шетелге жалға беру керек деп отыр. Бұл сұмдық қой! Менің электораттарым, азаматтар маған: Мынау орысша жазылған сіздің сөзіңізден кейін біз сізді түсінбедік. Бұның алдындағы комиссия отырыстарының бәрінде Сіз жерді шетелге жалға бермей және ешкімге сатпай өз жобаларыңызды ұсынғанда қатты қуанып едік. М.Шахановта сіздің ұсыныстарыңызды қолдап еді дейді. Бұл азаматтарға қалай жауап берем?
Мен осы көтерілген мәселені жұмысшы тобының басшысылары Дос Көшім мен Мұрат Әбеновке және Алматы облысындағы комиссия отырысын ұйымдастырушы министрлікке жолдаймын. Келесі отырыста маған бір жауабын беріңіздер. Әйтпесе сотқа шағымдануға тура келеді.
Қызылорда облысына келсек, мен экономист ретінде айтарым бұл өңірде әсіресе кейінгі жылдары экономикасы жақсы дамып келеді. Сырдың сол жағалауында жаңа қала бой көтеруде, әсіресе несиелі үй құрылысы 100 % шешілуде. Мысалы кіші кәсіптің 87,2 % жұмыс істейді, тек 12,8 % істемейді. Ал Республикада тіркелген кіші кәсіптің 44% істемейді. Мені қуантатыны өнеркәсіп құрылымында қайта өңдеу секторы қатты өсуде. Кейінгі 2-3 жылда 4,5 % -дан 14 %-ға өсті. Бұл 130% Республикалық көрсеткіштен әлде қайда жоғары.
Әрине бұл өңірде шешілетін проблемалар бар. Әсіресе денсаулық саласы, жас сәбилердің өлімі соңғы бір жылда 1,4 есе, әйелдер өлімі 1,3 есе артық Республикадан, туберкулез ауруы да жоғары. Бұл әрине жер жағдайына байланысты келе жатқан аурулар.
Ауылшаруашылығында ірі қара малды қашыру 4,9 %-ақ, ал Республикада 23,5%. Жерді суландыруда шешілетін мәселелер бар, әсіресе ирригациондық, дренаждық жүйелерді жөндеп, жерді суландыруды көбейту керек. Сыр өңіріне, Сырдарья Құдайдың берген инвестициясы. Бұны тиімді пайдаланған жөн.
Бүгінгі таңда Сыр өңіріндегі өндірістің табысы халықтың ең төменгі өмір сүру стандартын қамтамасыз етпейді. Мысалы, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жан басына шаққанда Қызылорда облысы соңынан Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар тұр.
Ауылдың қаржы жағдайын жақсарту үшін СПК Оңтүстіктің мүмкіндігін пайдаланып, мысалы ауылшаруашылық кластерін дамытса. Әсіресе түйе мен қой өнімін, оның ішінде қаракөлді экспортқа шығару.
Тағыда экономист ретінде бір ұсыныс, мұнай мен ураннан түскен табыстың қомақты бөлігін Қызылорда өңірін дамытуға, халқының өмір сүру деңгейін көтеруге пайдалану керек. Бұл өңірді көтерудің басқа мүмкіндігі аз.
Соңғы айтарым, «Ері өлсе, көмгенше жылайды. Жері өлсе өлгенше жылайды» дейді. Халқымыз жердің бағасын өте жоғары қойған. Соған лайықты болайық. Рахмет!