Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевқа

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Атыраудағы 14-15 наурызда өткен ІІІ Құрылтай жоғары деңгейде өтті. Сіздің кешенді баяндамаңызда көтерілген көптеген өзекті мәселелер қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы орайда, маған сенім білдіріп, ұсыныстарымды жеткізуге мүмкіндік  бергеніңізге сізге ризашылығымды білдіремін.

 Өзіңіз ұсынған келесі құрылтайды Көкшетау өңірінде өткізу ойыңыз да  өте орынды, әрі қуанышты жағдай. Абылайханды таққа отырғызған Ордасы орналасқан өңірде келесі құрылтайды өткізу – үлкен саяси мәртебе және бұл халықаралық деңгейде маңызды.

 Сонымен қатар, сіздің басшылығыңызбен өтіп келе жатқан құрылтайлар өз мақсаттарына жетуде нақты істердің ұйытқысы болуда. Сол себепті, ендігі өтетін    IV Ұлттық Құрылтайды ауқымды тақырып пен бағыттарға негіздесек деген ұсынысым бар. Мысалы, жоба ретінде құрылтай тақырыбын «АБЫЛАЙХАН мен АБАЙДАН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІНЕ ДЕЙІН» – деп атасақ және мұнда 3 мегажобаны қарастырсақ:

 І. Абылайхан және мемлекеттің құрылымын нығайту;

ІІ. Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру;

ІІІ. Қазақстанды үдемелі дамыту.

 Кейінгі екі жобаға байланысты өз пікірімді білдірсем. Қазақстанды ізгілендіруге Хакім Абайдың  «Толық адам ілімінің» жол картасын дайындап, өркениетке жаңаша бет бұруымызға себі тиер механизмді іске қосу – уақыт күттірмейтін іс. Осы екі мегажобаның негізі – еліміздің болашағы үшін жасалатын сәтті қадам, әрі ұлттық идеологияны санаға сіңірудің ең тиімді жолы.

І. Абылайхан және мемлекеттің құрылымын нығайту.

Қысқаша ойым.

Абылайханнан бастап,  жалпы Қазақ елінде  басқарған хан-сұлтандардың көптеген істеріне шолу болса, олардың сол сәтте және бүгінде өміршеңдігін жоғалтпаған еңбектері зерделенсе. Енді бұл тарихшылар мен саясаткерлер ісі. Әрине, қазір заман басқа, бірақ сол замндағы ел басқаруда мәселен тиімді элементтерді алу мүмкіндігін қарау ұсынылады (Жеті Жарғының баптары, билер кеңесі және т.с.с.).

Өзіңіздің бастамаңызбен, бүгінде Қазақстанда саяси реформалар белсенді жүруде.

Әділетті Қазақстан құру жолында бүгінгі таңда ел басқару, жер басқару мәселесін қайта қарауға қатысты жаңа шешімдер қабылдануда. Соның бірі – ауыл, қала әкімдерін халық сайлау мүмкіндігі бар.

Алайда, ел басқару ісіне араласамын деген әлеуетті үміткерлер қолданыстағы «Сайлау туралы Заң» құжатының талаптарынан сүрініп, әділетсіздіктер орын алу ықтималдығы басым. Қашанда кадр бәрін шешеді. Абылай хан тұсында билер кеңесі, жер-жерлерде ақсақалдар кеңесіне де лайықты ықпалды, ілімді-білімді нар тұлғалар енген. Ал бүгінгі Қоғамдық кеңестер мен қоғамдық жиындар сол өңірдегі мәслихаттардың көшірмесі болып, шын тәуелсіздігі төмен, көлеңкесінде қалып отыр. Осы ретте, кадр мәселесін жергілікті өзін-өзі басқару заңнамаларынан бұрын, сайлау туралы заңының қағидаларын қайта қарау қажет.

ІІ.  Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру.

Алдымен, Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін бала-бақша, мектептегі баладан бастап, бәріміз арифметиканың көбейту кестесіндей білуіміз керек. Баланы жастан демекші «төрт-бес жастан кейін балаға үйрету кеш» болады.  Сондықтан біз Абай ілімін төменнен бастап ұлттық идеологияға сыналап енгізуіміз керек.

Қысқаша айтсам, Абайдың «Толық адам» ілімі дегеніміз – ол дүниенің көрінген сыры мен көрінбеген сырын ашып, оған толық дендей алғанда және оларды қазіргі өмірмен байланыстырғанда ғана өз тиімділігін береді.

Дүниенің көрінген сыры дегеніміз, ол материалды сала, бай-қуатты болу, қазіргі экономикалық өмір.

Ал көрінбеген сыры – ол адамның рухани, жан-дүниесі, ішкі құндылықтары, болмысы, тазалығы, жүрек сыры, санасының тереңдігі, керек болса моралі. Осы жағына келгенде ақсап жатырмыз. Абайдың «пайда ойлама, ар ойла» деген өсиетін ұстансақ, бұлай болмас еді!

Бізге, заңсыз кеткен ақшаны қайтаруға болар. Мен экономист ретінде айтсам,  ол да оңай іс емес, егер шетелмен байланысты болса. Ал халықты ізгілендіру, сананы ояту, адамды дұрыс жолға салу, Абай айтпақшы қызармайтын, ұялмайтын ізгілікті жолға салу қиынның қиыны. Бұған жылдар керек болуы да мүмкін. Соны бүгін бастамасақ, кеш қаламыз!

Қазір өзі қай мәселеге ұрынсақ та, санаға келіп тірелеміз, ары қарай жылжу жоқ. Сананы өзгерт, өзің өзгер деген уақыт талабы болып тұр.

Ендеше әділетті Қазақстан құруға, арды ойлайтын уақыт жетті! Сіз  айтпақшы АДАЛ АДАМНЫҢ, АДАЛ АЗАМАТТЫҢ ТІРЛІГІН ЖАСАУ КЕРЕК.

Біздің мемлекетімізде ғалым-жазушы, зиялылардың қатысуымен «ХАКІМ АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫН» жасау керек. Барлық оқу орындарында Абайдың толық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғам өмірін ізгілендіре аламыз, өркениетке жаңаша бет бұрамыз.

Қазақ тілінің негізін қалаушы Ахмет Байтурсынұлының «Исі қазақ Абайды білуі тиіс» – деген сөзін нақты іске асыру керек. Біздің міндетіміз – Абайдың «толық адам» іліміне терең бойлау.

ҚР Президентінің Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласын негізге алып Абайдың жол картасының аясында:

1-ші. М.Мырзахметовтың көп жыл жасаған «Абайтану әліппесін» мектептерге дәріс ретінде кіргізу керек!

2-ші.  «Абайтану» пәнін ЖОО-да оқыту міндеттелуі керек!

3-ші. Абай ілімін қызметкерлерге насихаттау, мекемелерде Абай кабинеттерін ашу қажет.

4-ші. Күнде таңертең денешынықтырудан кейін барлық жұмыс орындарында сағат 9:00 «Абайтану» хабары (пятиминуткасы) болса, радио, ТВ қызмет етсе мынау отырған орнымыздан Абайға қарай жақындар едік, жұмысқа да кешікпес едік. Абай оқулары халқымызға дендер еді.

5-ші. Абайдың жол картасы аясында оның толық адамы етіп С.Зиманов, Г.Бельгер т.б. ғұламаларды жастарға ұғындыру керек.

6-шы.  Осылардың жиынтығы ретінде  Қазақстанды ізгілендіруде«ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ»жобасын қолға алу керек. Бұл  елдің болашағы үшін  өте маңызды мәселені шешудегі орталықтандырылған іс-шаралар кешені.

Ұлттық идеологияны санаға сіңіру деген сол болар еді. Әйтпесе бүкіл халық «Абай өзіміздікі ғой, қара сөзін баяғыда оқыдық қой» деп жайбасарлықпен жүре береміз. Сана қалып барады. Тоқ етері, Абай ілімі санамызға «стандарт» болып, «қалып» ретінде бойға сіңсе, қоғам алға жылжыр еді. Абай ілімін игерген жас қазақ өзін де, елін де бақытты етеді. Бұл ана тіліне серпіліс беру деген сөз.

Ежелден келе жатқан шығыстың мораль философиясына қарсы қоятын батыс өркениетінде жаңа ПАРАДИГМА ТУҒАН ЖОҚ. Біз үшін Ұлы Абайдың  толық адам ілімін игеру – МОРАЛҒА оралу деген сөз. Ұлы Абай ілімі Қазақстанның РУХАНИ  БРЕНДІНЕ айналу керек. Осыған барсақ біз алда боламыз!

  ІІІ. Қазақстанды үдемелі дамыту.

Үшінші идея. Абайды қанша оқығанмен, егер халық аш-жалаңаш болса, толық адам бола алмайсың. Сол үшін ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРДЫ әзірлеу туралы ойымды қысқаша айтайын. 

Халық арасында, әртүрлі деңгейде, барлық салада тәжірибелі азаматтар көп, кәсіби мамандар қоғам белсенділері, ғалымдар, зиялы қауым, бизнес саласында да ой-жобалар жетерлік. Жалпы халық ұсыныстары деген орталықтандырылған ашық «ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА» құрып, Республикадағы барлық идеялар мен ұсыныстарды осы Құрылтай аясында жинайық.

Әр жобаға орта есеппен 3 млн.$ бөлінсе. Сонда 1000 жобаға барлығы 3 млрд.$ кетеді екен. Қаражатты алу жолдары жетерлік: елге қайтару қоры, коррупциямен күрестен түскен қаржылар т.б. Біз ЭКСПОҒА да 3 млрд. долларды тастадық қой.

Сізбен кездесудегі ұсынған 6 аймақты өз басымдалықтарымен мамандандыруға көшіріп (бірі, қайта өңдеу, екіншісі, азық- түлік, басқасы рухани, кәсіби, финанс, бизнес, индустрия, технология аймақтары, тб). Әр аймақта приоритеттерін анықтап, 1000 жобаны осылардың аясында, бағытты мақсаттарға икемдеп іске асырсақ. Бұл жобалар 1-2-3 жылда өз жемісін бере бастайды. Ары қарай жаңа жобалар жалғасады да, «мультипликативный» тиімділігі арта береді. Экономика тез дамыр еді.

Бұл 1000 жобаның мақсаты – халықты жұмыспен қамту, Сіздің айтқан ЖІӨ-ді 2 есеге өсіру. Бұл жоба тікелей Президенттің «патронажында» болса. Уақытысында Миттеран да Париждің бүкіл сәулетін өз патронажында ұстаған.

КСРО кезеңінде жалпы территориялық аймақтарда өндірістік күштерді орналастыру Институты жұмыс істейтін. Ірі жобаларға экспертиза жасап, басымдылығына, маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен жоспарлап шешім қабылданатын. Бүгінде мұндай институт жоқтығына байланысты, әр өңір, аймақ өз дегенін жасап келді. Кейбір өндіріс орындары лента қиылып ресми ашылады да, кейін артынша жабылып қалады. Осы ұйымдардың қызметіне жәрдем болатын, Ұлттық Қүрылтайдың эгидасы аясында 1000 жобада қамтылған мәселелерді шешу қажет. Сол себепті, Қазақстанда ДАМУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК КҮШТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУ ИНСТИТУТЫН құру керек.

Ең маңыздысы бұл жобаларды  халықтың өзі ұсынатындығында   болып отыр. Алда не болса да, нәтижесін халық пен билік бірге көреді. Бірге жауапты. Халықтың сеніміне кіру тетігі осы.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Жоғарыда ұсынылған 2 ЖОБАНЫ қолдауыңызды өтінемін!

««Абай ілімі арқылы қоғамды ізгілендіру» жобасын іске қосуға дайындықты жедел түрде бастап, келесі IV Құрылтайға дейін «Қазақстанды ізгілендірудегі «ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫН» бір жыл аясында құрып, IV құрылтайда шымылдығын ашып, тұсаукесерін жасасаңыз – үлкен саяси  халықаралық мәні бар нақты дұрыс шешім болар еді.

 Резиденцияның штаб-квартирасы Бурабайда орналасуы дұрыс болар. Жобаның  жетістігі ретінде қоғамды ізгілендірудегі Абайдың «Толық адам» ілімін игерудің толыққанды жақсы нәтижесіне, әрі экономиканы дамытуға серпін беруіне қол жеткізуге болатынына сенімдіміз. Жобаның өміршең болуы қоғамды оятуда адам санасына сапалы іс-әрекет арқылы әсер ете алуымен байланысты.

 «ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1000 ЖОБАСЫНЫҢ» тетіктері қосымшада берілді.

Құрметпен

Қазақстан Ғалымдар одағының  президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

Академик                                                                                            Оразалы Сәбден

20 наурыз 2024 жыл

ПРОЕКТ №1

«ҚАЗАҚСТАНДЫ ІЗГІЛЕНДІРУДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ ІЛІМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» ЖОБАСЫ

Мақсаты:  Қазақстан қоғамын ізгілендіруді  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің негізінде жүзеге асыратын халықаралық резиденциясын ашып, 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын бағдарламаны іске қосу
Міндеттері:
1Хакім Абайдың «Толық адам» ілімінің жол картасы негізінде қоғамдағы адам өмірін ізгілендіруге бірден –бір таптырмас құрал бола алатын ішкі дүниеге де , сыртқы дүниеге де жыл бойына үздіксіз жұмыс жасайтын  «Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының»  бағдарламасын дайындап, іске қосатын  жұмысшы тобын құру  Барлық іс-шараларды ұйымдастыру, өткізуге нақты қаржысы қарастырылады.  Резиденция қонақ үйі ретінде сатып алуға ұсыныс – Шучье 5, Бурабай, Ақмола облысы,          (1150 м2 – 40 сот) 1 жылдық резиденция коммуналдық шығындары
2Иісі қазақтың Абайды танып білуін қамтамасыз ету, «Толық адам іліміне» бойлауын нақты іске асыру міндетіне орай, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  РЕЗИДЕНЦИЯНЫҢ 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын бағдарламасындағы іс-шараларды өткізудің ережелерінің  толық нұсқаулықтарын дайындауды жобаның жұмысшы тобына тапсыру;Нақты қаржысы қарастырылады.
3«Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының» бірнеше корпустан тұратын құрылысын жүргізу –  конференц залы, оқу залы,  200 орындық лекция- кино залы, жеке студиялары, 500 орындық қонақүйі, 24 сағат ашық тұратын заманауи дизайнмен салынған кітапхана, фитнес залы, ұлттық, еуропалық, шығыс мәзірі  қамтылған кафе- рестораны, және т.б.Нақты қаржысы қарастырылады.
4« Қазақстанды ізгілендіретін Ұлы Абай ілімінің  халықаралық резиденциясының» жобасын іске қосу барысында кәсіпкерлік орта топты қалыптастыруға себін тигізуНақты қаржысы қарастырылады.
5Шығыстық морал философиясына арналған Әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Абайдың дүниетанымын  бірге таныстыруды ұштастыра отырып, «Қазақстанды ізгілендірудегі  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің  халықаралық резиденциясын ашу»  идеясына орай халықаралық конференциялар, форумдар ұйымдастыру, дөңгелек үстелдер өткізу,Нақты қаржысы қарастырылады.
6«Қазақстанды ізгілендірудегі Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің халықаралық резиденциясы» ұсынысымен жалпы халықтық сипатта  және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын, жүлделі конкурс, форум, фестиваль концепцияларын   дайындайтын жұмысшы тобын құру  Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың Нақты қаржысы қарастырылады.
72024-2029 жылдар бағдарламасы бойынша бекітілген жобаларды( жүлделі конкурс, форум, фестиваль)  әр ағымдағы жылы іске асыруға, мемлекеттік қолдаумен, меценаттар демеушілігімен (ұлттық холдингтер, шетелдік холдингтер) қаржы тартуНақты қаржысы қарастырылады.
8ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  РЕЗИДЕНЦИЯ территориясында АБАЙТАНУ МУЗЕЙ үйінің ғимаратын тұрғызу.Нақты қаржысы қарастырылады.
9ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 1000 орындық концерт залының ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
10ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 500 орындық  ұлттық театр ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
11ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында қазақ тарихынан сыр шертетін, әрі ұлттығымызды сақтап қалуға жанын қиған тарихи тұлғаларды ұлықтайтын үлкен ескерткіштердің мемориалды комплексін тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
12ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ  территориясында 50,000 орындық заманауи стадион ғимаратын тұрғызуНақты қаржысы қарастырылады.
13ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЗИДЕНЦИЯ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА және басқа да  жоғары дәрежелі халықаралық іс шараларға қатысуға  басқа мемлекеттердің президенттерін шақыру.  Нақты қаржысы қарастырылады.  
14Отандық қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға шығармашылық бағытта толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндік туғызатын бай кітапхана қоры бар  халықаралық резиденция қонақүйінде тұруға 1 айдан  12 айға дейінгі кезең аралығында айына 20  адамды қамтитын толық грант ұсыну;  Толық грант – жатын орны+ фитнес + тамағы 3 мезгіл 1 адам 1 күн(3аек) =11, 076тг 30/31 күн =332 280 тг                        343 356тг 20 адам 1 күн =221 520 тг 30/31 күн = 6, 645 600 тг                    6, 867 120 тг 365 күн = 80, 854 800тг
15Халықаралық резиденцияның қонақүйінде тұратын отандық қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға айлық стипендия тағайындау; Ел ішіндегі жолсапар  шығындары нақты қарастырылады. Аударма шығындары нақты қарастырылады. Баспа шығындары нақты қарастырылады. Насихаттау жұмысын қолға алу бойынша нақты қаржы қарастырылады.1 адам бір айға (10/20 км)–  434 070тг/868 140 тг 20 адам бір айға – 8,681 400 тг                 17, 362 800 тг 20 адам 12 ай= 104, 176 800 тг               208, 353 600 тг  
16Абайтанушы шетелдік ғалымдарға, Абай поэзиясы мен қара сөздерінің аудармашыларына  Абай әлемін жаңаша тануына 2024-2029 жылдар аралығын қамтитын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарламасымен жұмыс істеу нұсқаулықтарының ережелерімен таныстырып, бағыт беру;Нақты қаржысы қарастырылады.
17Шетелдік ғалымдарға, зерттеушілерге, философтарға, аудармашыларға халықаралық  резиденция қонақүйінде тұруға әр айда 1 адамнан, бір жылда 12 адамды қамтитын  толық грант бөлу; Жолсапар  шығындары нақты қарастырылады. Аударма шығындары нақты қарастырылады. Зерттеу еңбектері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауды қолға алуТолық грант – жатын орны+ фитнес+тамағы 3 мезгіл 1 адам 1 күн (3аек) =11, 076тг 30/31 күн =332 280 тг                       343 356тг 12 адам 1 ай/ 30/31 күн = 3, 987 360 тг                   4, 120 272 тг
18Резиденцияда тұратын  шетелдік қаламгерлерге, зерттеуші ғалымдарға, философтарға, аудармашыларға айлық стипендия тағайындау;1 адам бір айға (10/20 км)–  434 070тг/868 140 тг 12 адам 1 ай – 5, 208 840 тг                 10, 417 680 тг
19Отандық ғалымдар, зерттеушілер, қаламгерлер, философтар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, өнер қайраткерлері, қала және ауылдық елді мекендерде тұратын зиялы қауым, және білімді, дарынды жастардан тұратын делегацияны «Қазақстанды ізгілендірудегі  Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімінің халықаралық резиденциясы» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын халықаралық резиденциясын таныстыру, насихаттау мақсатына орай  жоғары дәрежелі маңызға ие  дүниежүзілік платформаларда өтетін іс-шараларға қатысуға арнайы   шетелдік іссапарлар жобасын қолға алуХалықаралық деңгейде ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
20Абай ілімі бойынша президент стипендиясы иегерлерінің, қазақ ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің арнайы қоғамдық лекцияларын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша жыл бойына барлық  мемлекеттік мекемелерде, ұлттық компанияларда ұйымдастыру; 1 айда әр мекемеге кемінде 1 лекция ұсынылады. Лекция төлемақысы бағдарламада бекітілген мекемелердің  тарапынан өтеледі.  Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
21Халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша жыл бойына балабақша тәрбиешілеріне арнайы кезең – кезеңмен 1 күндік офлайн білімін жетілдіру арнайы семинар курстарын ұйымдастыру;   Оқу ағарту министрлігі семинар әдіскеріне және таратылатын дидактикалық материалдарға арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.  Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
22Мектеп оқушыларының арнайы  жазғы 10 күндік интеллектуалды демалыс лагерін  халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша ұйымдастыру; Оқу- ағарту министрлігі лагерді ұйымдастыруға арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
23Колледж  студенттерінің жүйелі ашық ойталқы дебатын халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша ай сайын онлайн, офлайн ұйымдастыру; Оқу – ағарту министрлігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
24Университет студенттерінің арасында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша Абайтану  ғылыми- интеллектуалдық жобаларына  жылына бір рет грант бөлу; Жоғары білім және ғылым министрлігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
25Қоғам мүшелері арасында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама негізінде белгіленген кесте бойынша жалпыхалықтық  ай сайын өтетін жүлделі«Абайтану»  куиз ойынын ұйымдастыру; Жергілікті облыс, қала, аудан, елді мекен әкімдігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
26Еліміздің барлық кітапханаларында халықаралық резиденция жобасының жұмысшы тобы ұсынған бағдарлама бойынша «Абай ілімі» подкаст студиясы ашылып,  бекітілген ортақ тақырыпта оқырмандардың ой-пікірін жинақтап, тамаша ойларды әлеуметтік желілерде тарату; Жергілікті облыс, қала, аудан, елді мекен әкімдігі арнайы қаржы көзін бөлуді қарастырады.Республика бойынша ұйымдастыру Қаржысы нақты қарастырылады
27Жоғарыда айтылған ұсыныстар негізінде атқарылған іс-шараларды іске асырылуы туралы арнайы репортаждар, хабарлар дайындауға, осы жобаны насихаттауға еліміздегі ұлттық Qazaqstan телерадио кешенімен, Абай телеканалымен, шетелдік басты телерадио кешендерімен меморандум жасау; Жоғары білім және ғылым министрлігі, Оқу – ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, және жобаның ғылыми жетекшісіҚаржысы нақты қарастырылады
 Жобаның  бастапқы әкімшілік шығындары  Қаржысы нақты қарастырылады
 Жобаның жалпы құны  Қаржысы нақты қарастырылады
 БарлығыҚаржысы нақты қарастырылады

Бұл жобаның жетістігі ретінде қоғамды ізгілендірудегі Абайдың «Толық адам» ілімін игерудің толыққанды жақсы нәтижесіне, әрі экономиканы дамытуға серпін беруіне қол жеткізуге болатынына сенімдіміз. Жобаның өміршең болуы қоғамды оятуда адам санасына сапалы іс-әрекет арқылы әсер ете алуымен байланысты. Халықаралық резиденцияның алғашқы іріктелетін  жұмысшы тобы мүшелеріне арнайы талаптарды дайындап, ұсынатын боламыз.

Жобаның ғылыми жетекшісі –  академик Оразалы Сәбден

Жобаның негізгі атқарушысы – Бақтыгүл Маханбетова, және жұмысшы тобы

20 наурыз 2024 жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *