Национальный совет по науке и технологиям
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа
Әлем қазір астаң-кестең. Ертең не болары белгісіз. Кейінгі 12 жылда 2 кризис (2008,2020 жж.), оған қосымша коронавирус, Украинадағы соғыс, санкциялар. Мұның бәрі біздің экономикаға теріс әсері күшті. Экономика өспей ғылымға да қиын. Ал ғылым экономикаға, ұлттық табыстың өсуіне нақты қызмет ету керек. Сол коммерциализация науки қайда? Экономиканы дамытудағы ғылымның рөлі күшті болу керек. ЖІӨ-гі ғылымға бөлінген 1% қаражат, ұлттық табысты, экономиканы қанша пайызға көтереді деген сұраққа Үкіметте жауап болу керек. Енді ғылымға серпіліс, жаңа импульс беру керек! Ол үшін жаңа идея, жобалар қажет.
Нақты ұсыныстар:
1-ші. Ғылымда ең басты мәселе, нам нужна четко выверенная научно-техническая политика. Бізге керегі ғылым мен технологияның мемлекеттік концепциясы. 7 жылға арналған «Ғылым және ҒТ саясат концепциясын» жасасақ жақсы болар еді.
Бізге Үкіметтің көзқарасы керек. Қазақстан ғылым мен технологияның қай түрі, қай саласынан әлемде алға шыға аламыз, мүмкіндігіміз бар? Мысалы, келешекте ауыл-шаруашылығы державасы болғымыз келсе, онда осы саланың қайсысы биотехнология ма, басқасы ма немесе металлургия, физика (термоядерный синтез, гравитация), геология, математика салалары ма? Осыларды бекітіп, ғылым мектебін жасақтап бағдарлама жасап, қомақты ақшаны осыған салып, әлемдік деңгейдегі нәтиже шығару керек. Бұл әлемдік деңгейге шығатын салалар. Ал қалғандарын бірдей қолдау керек. Мүмкін басқа бір ғылым саласы сенсация жасар, оны көре жатармыз.
2-ші. Біз стратегияға қатты мән беруіміз керек. Алыстағыны қазір болжамасақ, жақындағы қиындыққа тап боламыз. Оны кешегі ковид дерті көрсетті, қанша азаматтарымыздан, жақындарымыздан айырылдық. Біз де осы жойқын ауруға дер кезінде көмектесетін, «медицина катастрофы» деген жүйе болмады. Ол үшін ғылыми-техникалық прогрестің 25 жылға арналған кешенді бағдарламасын жасау керек. Нужна разработать «Комплексную программу научно технического прогреса на 25 лет (КП НТП-на 25 лет)». Бұл Советтер одағында болған, біз жасағанбыз, кординатор Госплан болатын. Москвада ГКНТ болатын. Бұл қазіргі форсайт проект деп жүргеніміз осының бір түрі.
3-ші. Үкімет пен Парламент «Ғылым кодексін» дайындап, қабылдау керек. «Кодекс о науке и НТ политике». Кодекс это – свод законов, статус выше. Оның аясында рамалық заңдар болуы керек. Мысалы, О статусе ученого, О малом инновационном бизнесе, Об искусственном интелекте, О научных корпорациях, О космической науке, О финансирования науки как особое сфера и много других.
4-ші. 7 жылға арналған «Ғылым мен технологияны дамыту» Мемлекеттік бағдарлама керек. Мысалы, ғылымды 4 қабырғалы трапеция десек, қазір ғылымның қабырғалары сөгіліп тұр. Қазіргі жағдайды айтайын, Оның едені, бір қабырғасы – ғылымды басқару, ұйымдастыру десек. Ол бар қазір құрылды. 2-ші қабырғасы – кадры науки, (1991 ж. ғылыми қызметкерлер саны 43 мыңға жуық болса, ол 13 мыңға дейін түсіп, қазір 20 мыңнан асты, 1991 жылмен салыстырғанда әлі 2 есе аз), 3-ші қабырғасы – Материальныя Техническая База нашар, ғылымның негізгі фонды 50-60 % тозған. срочно требуются обновления научного оборудования; 4-ші қабырғасы – финансирования науки. Сол 1991 жылы ғылымға бөлінетін қаржы ЖІӨ шаққанда 0,72%, ал қазір 0,13% Бұл жерде грант, ПЦФ т.б. істер жасалуда. Бағдарлама осының бәрін реттеу керек.
5-ші. Ғылымда халықаралық тәжірибені ескеру керек. Осында шетелде істейтін ғалымдар отыр, айта жатар жаңалықтарды. Мысалы, Қытай не себептен алда, экономикасы АҚШ-тан кейін 2-ші орында. Себебі Қытайда идеология мықты. Қытайда Қоғамдық ғылымдар академиясы бар. Оның институттары 2 мәселемен айналысады. 1-сі іргелі ғылыммен, 2-сі Қытай мемлекетінің идеологиясын жасайды. Бізде оннан аса қоғамдық ғылыми зерттеу институттары бар. Олар пәнаралық ізденістер жүргізбейді, әрқайсысында өз бухгалтерия, шаруашылық, типография т.б. бір-бірін қайталайтын инфрақұрылымдары бар. Осылардың бәрінің басын қосып, Қытайдағыдай «Қоғамдық ғылымдар академиясын» немесе «Қоғамдық ғылымдар орталығын» құру қажет.
6-шы. Бізде ЕурАзиялық одақ, ШОС, ОДКБ, МПА, Түркі мемлекеттері тағы басқа одақтары бар. Ал бірақ Еуразиялық ғылыми техникалық саясат жоқ. Ғылымға аса мән берілмеуде. Жақында Қазақстан Ғалымдар одағы министр ЕвразЭС академик С.Глазьевпен шарт жасадық. «О создании Евразиского Союза ученых». Бұған қазір біраз мемлекеттердің ғалымдары (қырғыз, өзбек, түркімен, армян, т.б.) келісуде. Қытай, Индия, Иран, Пакистан, Түркия т.б. елдермен жұмыс жасалуда. Академик С.Глазьевтің келісімі бойынша мұндай Евразиялық ғалымдар одағының штаб пәтерін Алматыда орналастыруға болар еді.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің мемлекеттен қолдау болса мұны жасауға болады. Озық ғылымнан әлемдік ғылыми конгресстер жасап, ортақ ғылыми зерттеулер арқылы Қазақстанның имиджін көтерер едік.
7-ші. Ғалымдардың әлеуметтік жағы турлы қысқаша айтсам. Нағыз ғалым Қазақстанда ең жоғары жалақы алуы керек. Неге ғалымдар осы күнге дейін өткен ғасырдың соңында шыққан тарифті сеткамен айлық алуда? Ғалымға мұғалімдер сияқты жаңа статус беріп, айлығын 3-4 есе көтеретін уақыт әлдеқашан жеткен. Бізде ғалымның айлығын көтеру туралы нақты ұсыныстар бар.
8-ші. Біз білімнің «болон» конвенциясын кіргізіп әуестеніп кеттік. Қасым-Жомарт Кемелұлы Сіз жақсы білесіз. Советтер одағының ғылымы әлемде ең жоғары еді. Кандидаттық, докторлық кеңестерді бекер жаптық. PhD ғылыми дәреже емес. Ол бакалавр, магистр, PhD тұратын академиялық степень, диплом. PhD-дің қорғау деңгейі ғылым кандидатынан әлдеқайда төмен. Ресейде, ТМД елдерінде екеуі қатар жүреді. Бізде қалай айтсақ та фундаменталды ғылым – ғылыми зерттеу институттарында жасалады. Порадокс, ал оларда ғылыми дәреже алатын, қорғайтын ғылыми кеңестер жоқ, стимул жоқ. Мұны бұзған бұрынғы министрлік, ғылымнан шыққан шенеуніктер. Біз Қазақстан Ғалымдар одағы атынан академик С.Зиманов, К.Ормантаев, С.Қирабаев, Б.Ракишев т.б. 16 академиктер Астанаға келіп төраға бастаған депутаттар, министрдің қатысуымен бір ауыздан кандидаттық, докторлық кеңестерді қалдыру керек деп, оны Н.Нигматуллин қолдаса да 1-ші Президент құлақ аспады. Докторлық, кандидаттық кеңестер жабылды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы біз Қазақстан Ғалымдар одағы, көптеген ғалымдардың өтініші бойынша, осы келеңсіздіктерді орнына келтіруді, докторлық, кандидаттық қорғайтын диссертациялық Кеңестерді ғылыми зерттеу институттарда ашуға Сіздің ықпал етуіңізді сұраймыз. Ал ЖОО-дарда PhD қорғау болса өзінше қатар жүре берсін, Еуразиялық одақ елдеріндегідей.
ҚР Президенті жанындағы Ғылым және
технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбден