Жер комиссиясының Талдықорғандағы отырысындағы Оразалы Сабденнің сөзі

А) Өткенде Көкшеде Абылайханның рухымен рухтандыңыздар. Ал енді, Хан-Тенгри бауырында ар жағы Қытай, сонау Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты бастау алған, Шығыс Түркістан, киелі Жетісудің жеріндеміз. Егер тарихты алсақ, жерге деген күрес осы аймақтардан басталғаны белгілі. Себебі бұл Семей, Өскеменмен қоса шекаралық облыстар. Ел тағдыры жер тағдыры шешілген кезеңдер болған. Бүгін біз жер мәселесін қарағанда мұны еске алмасқа болмайды. Жердің болашақ тағдырын шешпекшіміз, бүгінгі талқылау, жаңа пікірлер де есте қалар.

Жер комиссиясының 75 мүшесі, біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Бір жағынан осындай сенімге ие болғанымыз, себебі, бұл тарихта қалатын мәселе. Екінші жағынан халықтың ойынан шыға аламыз ба? Бұл партиялардың жиналысы емес, одан да жоғары. Себебі, партия съезде қате жіберсе екінші съезде жөндей береді. Ал жер туралы қателесуге болмайды. Міне сондай тағдырлы кезең.

Жалпы жер комиссиясы арқылы еліміз жариялыққа, ашық пікірге бет бұрды. Комиссияның миссиясы халықты ашық пікірге тартуы. Ертең жер мен қатар кім біліпті өзекті не шығарын: білім реформасы, жұмыссыздық сияқты өзекті мәселелерді де осылай талқылауға мүмкіндік ашылғандай. Бұл дұрыс үрдіс.

25 жылдан кейін есімізді жинауға көшкен сияқтымыз. Тек мұнай-газ, қазба байлығымызға басымдық жол беріліп, байымыз бай, кедейіміз кедей болдық. Енді әлемдік кризиске тірелгенде, қай жерде отырғанымызды еске алуға тура келеді. Қайта оянуға себеп – жер проблемасы болып тұр! Әруағынан айналайын, ата-бабаларымыз осы жерді, шексіз байлықты бізге тастап, аманат етіп кеткен.

Менің ғалым ретінде айтарым, қанша сенің ойың озық болса да, егер істен алшақ болса ештеңе шықпайды. Тағы да 25 жыл жүруге болады. Егемендік ел болғалы Елбасына 30-ға жуық ұсыныстар беріппін. Ол мына 21-томда көрсетілген. Бірақ, мен автормын деп мақтанбаймын. Себебі, еліме қызмет ету менің парызым, ұсыныстар тек іске асып жатса болғаны. Ұсынысыңды кімге бересің? Конституция гаранты Президент мырза да елді басқаруда, менде талмай ұсыныстарымды беріп келем.

Енді бір жаңа ой! Қазір жаһандық заманда, ХХІ ғ. әлем күрт өзгеруде, әртүрлі қақтығыс, соғыс, Еуропада миграция проблемасы, әлемде 1,3 млрд халық аштықта, климаттың жылуы, т.б. Спрашивается куда мы идем? Куда нас ведут? Мы сами не знаем куда идем, и ведущие тоже не знают куда нас ведут.  Сонда біз қайда бара жатырмыз, бізді қайда алып бара жатыр деген сұрақ туады? Біз де білмейміз қайда бара жатқанымызды, алып бара жатқандар да білмейді бізді қайда алып бара жатқанын…(пауза…) жағдай осы. Сіздер нені, кімді ойлап отырсыздар.

Мен дамыған Q8 мемлекеттерінің Обамадан бастап, басшыларын айтам. Солардың өздері кризистен шығу жолын таба алмай отыр. Ұлы Абай айтпақшы «Көк тұман алдыңдағы келер заман. Сипатта жоқ, суретте жоқ, көзім талған» демекші. Қайда барарымызды білмей тұрғанда жерді сатпай, тек тиімді пайдалануды ойлайық. Тып-тыныш отыр едік қой өзі, егер депутат мырзалар заңға ақылсыз өзгерістер қабылдамаса.

Басымызға сын сағаты түсті. Сондықтан, Қазақстан, «Егер өзіміз өскіміз келсе, онда өзіміз өндіруіміз қажет» деген қағиданы ұстауымыз керек! Оның дәлелі Байсеркеде алынып жатқан өнімдер. Қазақстанның жаңа басымдылығы (приоритеті) не болу керек деген сұраққа, мен айтар едім – ол ауыл шаруашылығы дер едім. Бүкіл әлемге, өзімізге Қазақстан ауыл шаруашылыққа,  жерді игеруге  1-ші басымдылық берді деген пікір керек. Ауылды қайта өрлету қажет. Ауылдың дамуына жаңа парадигма керек.

На весь мир должна прозвучать главная идея, что Казахстан уходит от экстенсивного использования нефти, газа и полезных ископаемых. А напротив отдает главный приоритет ускоренному развитию аграрного сектора экономики и на начнет реализовывать ряд мегапроектов по развитию АПК.

Б) Жерге пікірді анықтап алғаннан соң, ол менің ойымша «Жерді ешкімге сатпай, шет елге жалға бермей, тек өзімізге ұзақ жылдарға жалға беру» принципін шешкеннен соң, шешініп кірісетін мәселе, қалай жерді тиімді пайдалану жолдарын жасау. Жақсы сараптама қажет. Мысалы, 1990 ж ауыл шаруашылығымыздың ЖІӨдегі үлесі 27,29% болса қазір 5% жетпейді. Ауыл шаруашылығымыз осы 25 жылда әлі сол 1990 ж. көрсеткішке жете алмай келеді: жиналған дәннен де, мақтадан да, ет, сүт, егіс көлемі, мал саны, құс саны, т.б.  Мына таблицада көрсетілген. Сонда осы саладағы Үкіметтің саясатына қандай баға беруге болады?

Қазақстанның ауыл шаруашылығының 1990 және 2015 ж.ж. көрсеткіштері

ЖылдарЖинал дәнМақтаЕт, сою тамақСүтЖұмыртқаЕгістік көлеміҚарамал саныҚой, ешкі саныҚұстың саны
 млн тмың тмың тмың тмлн данамың гамлн басмлн басмлн бас
199028,5324154856424585351829,835,759,9
201518,727493151824736210236,018,035,6

Ұсыныс!Комиссия мүшелері, Асқар Мырзахметұлы! Өкімет осы отырысынан кейін, қордаланған ұсыныстардың бәрін қарап, бір шешімге келсе. Менің ойымша бұл екі кезеңнен тұру керек.

        Бірінші кезекте. Тез шешілетін мәселе, ол Елбасының жер мәселесіне байланысты жасаған мораториясын ескеріп,  халықты тыныштандыру үшін, ел ішіндегі бірлікті сақтау үшін тез арада төмендегідей шешім қабылдау керек:

  1. Жерді шетел азаматтарына және заңды тұлғаларға жалға береміз деген (24 бап, 1 тармақ) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет.
  2. Жерді Қазақстан азаматтарына сату туралы (24 бап, 1 тармақ және 37 бап, 5 тармақ, 2 тармақша) бапты «Жер Кодексінен» алып тастау жайында Парламентте заң қабылдау қажет. Құны жоқ жерді сатудан 1-ақ рет түсетін ақша ешқандай жыртығымызды жаппайды! Қазақты мәңгі ел етер оның жері. Парадокс былай. Талай мемлекет Англиядан Израильден бастап, Австралия, КНР жерді сатпай-ақ өте дамып жатыр. АҚШ-тан бастап талай ел жерді жеке меншік иесі ретінде беріп те дамып отыр. Сонда әңгіме мектептегі сияқты математикалық есепті қалай шығаруда. Түбірі бір, жолы әр түрлі болуы мүмкін. Әңгіме жер кімнің қолында екендігі емес,  әңгіме тиімді істе. Өкінішке орай жердің жанашыры нашар болып тұр. Жер түгіл адамға да жанашырлық азайған заман. Бізге асығудың қажеті жоқ жер сатамыз деп. Бір ақ көрсеткіштің өзі бізді жер сатпауға тоқтата алады. Ол сыбайлас жемқорлықтан Казахстан 123 орында. Осы жетпей ме? Халықтың да жерді кім алады деген қорқынышының бірі осы сыбайлас жемқорлықта.
  3. Үкімет 13 жылдан бері заң бойынша уәде беріп келе жатқан 10 соттық, 25 соттық жер учаскелерін және ауыл тұрғындарына  уақытысында берілген 10 га дейін жер телімдерін (үлестерін)  тез арада осылардың бәрін халыққа тегін берілсін. Бұл мәселе осы Комиссияның және жергілікті қоғамдық кеңестердің тікелей қадағалауында болсын. Ал жергілікті әкімшілік өкілдері тікелей іске асырсын! Осы іс-шаралардың іске асыруын БАҚ жариялы түрде үнемі халыққа ашық хабарлап отырсын.

       Екінші кезекте шешілетін мәселелер:

  1. Жер кодексінің 13 жылдағы іске асырылған нәтижелері туралы облыс әкімдерінің, Үкімет пен  Парламенттің халыққа есеп беруін тыңдау;
  2. Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 29 қазанда қабылданған «Кооперация туралы заңын» 7 айда іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатқандығы туралы және тиімділігін арттыру жолдары туралы әкімдер мен Министрдің есебін тыңдау;
  3. Ауыл шаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекеттік бағдарламасын жасау; Бұл бағдарламада ең маңыздысы стратегиялық мақсат қою керек. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімнің үлесін ЖІӨ – 15-20 % жеткізу керек деген. Мысалы Президент кіші және орта кәсіптің ЖІӨгі үлесін 50 %-ға жеткізу керек деген мақсат қойған болатын.
  4. ҚР Жер кодексі туралы жаңа заң жасау қажет
  5. ҚР Президентіне тікелей бағынатын, еліміздегі жер ресурстарының барлық түрлерін тиімді пайданалу тұрғысынан ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Ведомствааралық Агенттікті құру және оның басшысына Премьер министрдің орынбасары лауазымын беру.
  6. Ауылшаруашылық және жер мәселесін тез арада дамыту үшін бюджеттерді, ішкі, сыртқы инвестицияларды, субсидия, несие, лизинг тағы басқа қаражат жүйесін бір қолдан шығару үшін, жерді игеретін әр түрлі шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға қаржы тікелей жету үшін Қазақстанда АГРОБАНК құру керек. Мысалы, белгілі ауыл шаруашылығының маманы Ғалым Тұрғанбаевтың айтуынша «Жоғарыда бөлінген қаржы ауылға жетпейді. Оның 85-90% тек үлкен, ірі-ірі компанияларда қалады да, бір азғантай бөлігі мыңдаған шаруа қожалықтарға тиеді» деп

Ортаға салатын бір жоба бар. Жалпы қоғамда көп жылдан бері қордаланып қалған келеңсіздіктер, әлеуметтік әділетсіздіктер жетеді: Олар жер асты вулканы сияқты кез-келген жерден бұрқ ете қалуы мүмкін. Сонда пайда болған әр күрделі проблемаға байланысты қайта-қайта комиссия құра береміз ба?

Мен осыны ойлап, жақында Елбасына «Қоғамдық Палата» құру керек деген жоба жібердім. Қоғамдық палатаның негізгі идеясы – осындай келеңсіздіктердің алдын алу, халықтың басым көпшілігін қанағаттандыру және халықпен диалогқа бару. Ол үшін Палата мүшелерін әр облыстан сайлау, қоғамдық ұйымдардан профессионал, істі білетін, елге қадірлі азаматтар болу керек.

Бұрынғылар айтатын, «Ері өлсе, көмгенше жылайды, ал жері өлсе, өлгенше жылайды» деп. Халқымыз жердің бағасын өте жоғары қойған. Осыны ұмытпайық ағайын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *