Астанадағы жер комиссиясының IV отырысындағы О. Сәбденнің сөйлеген сөзі. 09.07.2016

  1. Ауылшаруашылығы дайындаған бұл салыстырма таблицаларды біз қазір көріп отырмыз. Бізге табан астында пікір айт дейді. Ол үш құжаттарды 2-3 күн бұрын беру керек еді. А. Мырзахметов мырза осы есте болсын. Дегенмен бүгінгі күн тәртібі бойынша өз пікірімді білдірейін. Конкурс арқылы жерді жалға беру туралы, дұрыс айтылған, нормалар мен бақылауды күшейту керек, типтік келісім-шарттар керек т.б. Бұл конкурсты іске асыруда аудан әкімшіліктеріне халықтың сенімі жоқ. Себебі жеткілікті: болып жатқан тендерлерді еске алыңыз, осы 25 жылда жердің талан таражға әкімдердің өзі кінәлі, өздерінің де, ағайындарының да тағы басқа сыбайлас жақындары да жерді көптеп алып қойған. Бұл жерде қоғамдық кеңестің рөлін күшейту керек, депутаттар, ауыл ақсақалдары, керек болса халықты жинап пікірін алу керек. Не керек, өте қатаң қадағалау керек.

Кооперация заңы шыққалы 8 ай болды, неге осы жергілікті жерлерде құрылмай жатыр? Себебі тағы да аудан әкімдеріне келіп тіреледі. Мысалы: бір ауылда 500 үй бар дейік. Әр үйдің жер үлестері әртүрлі, орта есеппен 10 га. дейік. Бұл жер үлестері көп жылдан бері 3-4 шаруа қожалықтарына  берілген. Олар жылда жерде қанша өнім түскеніне қарамастан 10 % кейде одан да төмен табысын әр жанұяға береді. Оның жерді игеруден қанша пайда түсіп жатқаны туралы ешкімге есеп бермейді. Қазақшалап айтқанда білгенін жасайды. Ал егер маған табысты көбірек бер деген жеке шаруа болса, онда шаруа қожалығының басшысы оған жеріңді алып кете бер, егер қанағаттанбасаң дейді. Жеке адам не істесін, ол 10 га. жерді игере алмайды, не техникасы, не тұқымы жоқ, мүмкіндігі жоқтан көнеді. Міне жағдай осылай, бұлар әр ауданда 70-80 шаруа қожалықтары өздерінің жағдайы жақсы, елге қанша өнім алып жатқаны туралы есеп бермейді және аудан әкімшілігімен жақсы байланыста, бірге істері бар. Міне, қарапайым халық осындай қиыншылықты бастан кешіруде. Сұрақтың  жауабы жоқ.

  • Өткенде Қызылордада болдық. Жерді шетелге жалға бермейміз, өзімізге де сатпаймыз,-деп Қызылорданың талай азаматтары айтты. Қ.Көшербаевтің тікелей ұйымдастыруымен 10 сот. жерді 6600 жанұяға берілді. Бұл өте жақсы бастама. Басқа өңірлер қазірше тып-тыныш жатыр. Осы жөнінен облыс әкімдері есебін берсе. Қай жерлерде инфраструктура жасалды, қаншалықты даяр және қашан 10 сот. жерді халыққа үлестірмекші. Өкіметте, партияларда осы мәселелерді тікелей бақылауға алса. Заң қабылданғалы 13 жыл өтсе де, жер өте аз берілуде.
  • Жерді жалға бергенде инвестиция салатын өз азаматтарымызға басымдылық беру керек. Өкімет оларға жағдай жасасын: несие, лизинг, субсидия т.б. көмектерімен.
  • Наша комиссия весьма важная, но она не имеет законодательной инициативы. По Конститутции законодательной инициативой владеет правительство в целом (не  министр) и депутат! Поэтому, чтобы наши решении (т.е. решении Комиссии) чтобы были более действенными, необходимо наше решение оформить в виде законодательной инициативы через наших депутатов, которые являются членами нашей комиссии. Эти предложения оформить как проект закона от депутата или группы депутатов.
  • Берген сұрақтарыңызға жауапты тез беру керек. Мен мысалы өткенде Алматы облысы әкіміне сұрақ бердім. Облыстағы жерлер кімдердің қолында, қанша жер игерілмей жатыр, игерілмей жатқан жерлер заң бойынша 2 жылдан кейін мемлекетке қайтару керек, сотқа қаншасы берілді, қалай шешілді, банкте қаншасы тұр? КТК телеканалында бір келіншек айтты. Мына қоршалған жердің арғы жағы Алматы облысының бұрынғы әкімінің жері, ал мына айдалып тасталған біздің жайылымға баратын, малымыз өте алмайтын жер Алматы қаласының бұрынғы әкімінің күйеубаласында,- деп т.б. Қазірше жауап жоқ.
  • Жер кодексі бұл заңдардың жиынтығы. Бір жер кодексімен мәселенің барлығын шешіп тастау мүмкін емес. Шетел тәжірибесі де солай. Кейбір өзекті мәселелерге байланысты жеке шағын заңдар керек. Мысалы: жайылым туралы. Жердің құнарлығын сақтау, әр жанұяның жеке меншік шаруашылығы туралы, агробанк құру туралы т.б… Әр жанұяның жеке меншік шаруашылығы туралы қарасақ, әр үйде қанша мал ұстауға болады деген сұрақ туады. Егер ауыл тұрғындарының жері орта есеппен 15 сот. болса? Мысалы Сайрам ауданыны алсақ, Қарабұлақтан бастап көптеген ауылдарда 15 сот. жерде қора жасап 50-60 қара мал ұстап, тез бордақылап, етін қалаларға жіберуде. Ал мал етінің сапасы қалай, оны немен семіртіп жатыр. Малдан шыққан қалдықтар иісі бүкіл ауылды сасытады. Қала түгіл, ауылдың да экологиясы бұзылды. Сұрап жатқан бір жан жоқ. Тағы да аудан әкімшілігі біледі, бірақ үндемейді. Себебі белгілі ғой.

Жер мәселесін қаржылардыру, несие, инвестиция, субсидия, лизинг, т.б. реттейтін бір банк жүйесі керек. Осылай жерді кепілдікке қойып, кредит алып, оны қайтармай жүре берсек. Онда келешекте жердің көпшілігі банктің құзырына өтеді. Сонда жердің қадірін білмейтін, жер маманы емес банктің меншігінде болады. Сот арқылы бізде банктердің қолында қанша жер бар екенін қазір ешкім білмейді. Сондықтан да Агро банк құру қажет.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *