«ЖЕР»туралы толық метражды көркем фильмнің концепциясы

Бұл фильм қазіргі заманның ағымына байланысты, әлемдік дағдарыс уақытындағы, ертең не болатынын білмей жатқанда, Қазақстанда жер дауы басталғанда, жерді нарық жүйесімен тиімді игерудегі жастардың жаңашыл ізденіс істеріне, тығырықтан шығатын жаңа жолға арналған.

Фильмнің негізгі өзектілігі, сонау «Ақтабан шұбырынды» заманындағы, тағдырлы ашаршылық жылдарындағы, Қазақ халқының қомақты бір бөлігі күйзелістен жер-тау асып Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Иран елдері арқылы Түркиядан бірақ шыққан. Солардың арасында бір тағдырлы жанұяның немересі Айғұнның, ата-бабасы туған жері, қазақ еліне оралуына және қазіргі таңда ең өзекті болып тұрған жерді игеру мәселесіне белсенді араласуына байланысты.

Фильмнің желісі: Жас маман қыз Израильден ауыл шаруашылығы, биотехнологиядан магистрлік жұмысын жоғары деңгейде қорғап шығып, ел ордамыз Астана қаласына ұшып келеді. Оны қарсы алған құрбысы, Астанамызды аралатып, еліміздің егемендігін алғаннан бері 25 жыл ішіндегі өзгерістерді айтып келеді. Айғұн 25 жылда Астананың қатты дамып кеткенін көріп және оны шетелмен салыстырып, Астана халқы мен көркем жастарға сүйсіне қарап, бұл не деген керемет деп таңданады.

Кенеттен күтпеген жерден «Самұрық Қазына холдингі» Айғұнға жұмыс ұсынып отырсада, ол оған қарамастан ауылға қарай бет алғаны бір жұмбақ болып қала береді. Өзінің шетелден алған тәжірибесін орталықтан шет жатқан шалғай ауылға, нағашы апасының үйіне  барып, сол ауылды көркейтуге, жерді игеруге жұмсайды.

Айғұн ауыл азматтарының қолдауының арқасында Израиль елінде тиімді қолданыста жүрген әлемге әйгілі кибуц жүйесі бойынша жерді игеру, біздіңше Кооперация сынды ұжымдастыру жобасын алып ұжымдық шаруашылық, Кооперация (Кибуц) құру арқылы жерді тиімді игеруге кіріседі. Осы салада Айғұнның Иерусалим университетінде жасаған өзінің жобасын және үш жылдық жерді игерудегі тәжірибесін ауылда пайдаланғандығы, жерді игерудегі таңқаларлық қайсарлығы, принципшілдігі және ұйымдастырушылық қабілеттілігі, білімділігі баяндалады. Әрине, бұл істе Айғұн көптеген әр түрлі қиыншылықтарға, аяқтан шалу, тағы басқа бюрократиялық кедергілерге тап болады. Айғұн, нағашы ағасы, ауыл азаматтарымен және жастармен бірге бұл қиыншылықтарды еңсереді. Айғұнның таланты жан-жақты екендігі барша әлеуметтік, спорттық, мәдениет жағын, тілді көтеруде де көрінеді. Бұл жерде ескі мен жаңаның күресі, бірігіп іс жасау, махаббат, тағы басқа қызықты оқиғалар орын алады. Фильмде ауыл көркі, жердің тұнып тұрған табиғаты,  ауыл өмірі бейнеленеді. Жыл соныңда бұл жаңа ұжым жерді игеруде улкен табысқа ие болып, әр жанұя еселеп астық алады, бәрі риза! Жерді игерудегі ұжымдық кооперация құру тәжірибесін Қазақстанның көптеген жерінде іске асыра бастайды, елдің билікке деген сенімі күшейеді, жаңа мүмкіндіктер туады. Қиын уақытта елдің тірлігі мен бірлігі артады.

Бұл фильмнің тағы бір аса ерекшелігі Қазақстанда жер дауы басталғандығында. Елдің бір жағы жерді шетелдіктерге ұзақ уақытқа жалға береміз және сатамыз деп жатса, ал екенші негізгі бөлігі жерді жалға шетелге бермейміз, ешкімгеде сатпаймыз деуде. Егер жерді шетел азаматтарына 25 жылға жалға беретін болсақ, онда жерімізді қытайлар жаулап кетеді. Тағыда бір 25 жылдан соң қаптаған қытай арасынан қазақты табудың өзі қиынға соғады, пайдаланған химикаттардан жердің күл-талқаны шығады дейді. Мұндай келеңсіз мысалдарды жерді Қытайға жалға берген Ресей мен Тәжік азаматтарының естудеміз.  Егер жерді сатсақ тағыда қара халыққа тимейді, тағыда сол Латифундистер, байлар алады деген ел арасындағы қорқыныш. Екі жақтыңда келіспейтін тартысы болып жатады. Осыған байланысты талай жерлерде, қалаларда халықтың назарылықтары көтеріліп, алаңдарға шығып, келеңсіз оқиғалар болып жатқандығы байқалады.

ҚР Президентіелдің тыныштығын сақтау үшін жерді шетелге жалға бермейміз де, сатпаймыз да деп, Жер туралы Кодекстің өзгертулеріне тез арада жыл соңына дейін маратория жариялайды. Оған қоса жер реформасы туралы 75 адамнан тұратын мемлекеттік комиссия құрады. Комиссия ел-аймақтарды аралап жұмыс істеп жатқанда Айғұн осы шешілмей жатқан түйіннің шешімін тауып, елдің ризашылығына бөленеді. Міне осы қысқа мерзімдегі бір ауылда болған жерді игерудегі нәтижелі жұмысты бүкіл Қазақстанның аймақтарына іске асыруға осы Көркем фильм арқылы ұсынылады. Айғұнның жерді игерудегі ұжымдық шаруашылық құру әдістемесін бүкіл Қазақстанға фильм арқылы таратылады. Бұл дегеніміз Қазақстанның елдің бірлігін сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. Жастар болғаннан соң махаббатсыз болмайды, Айғұнға екі бірдей жас жігіт ғашық болып қалады. Оның бірі ауыл азаматы Жолдыбай болса, ал екіншісі қаладан дипломмен ауылға келген дәрігер Жомарт.

Біраздан бері жұмбақ болған Айғұнның алшақ ауылдағы жерді игерудегі негізгі мәні, Айғұнның бала кезіндегі сонау Түркиядағы атасының батасы еді. Сол кезде атасы Айғұнға: сенің атыңды біздің тегіміз ғұннан таралғанымызды ескеріп, Айғұн болсын деп қойған едім. Бой жетіп өскеннен соң, сонау алыс шығыста жатқан, мың өліп мың тірілген Қазақ деген ел бар екенін есіңнен шығарма. Ол сенің ата жұртың, сол ата жұртыңа мүмкін болса орал. Адамға туған жерден, өскен елден артық ештеңе жоқ, еліңнің патриоты бол, біз армандаған, қолымыздан келмеген істі жалғастырып ата жұртыңды, Қазақ елін дамыт деп өсиетін айтып, бата берген болатын. Міне осы жұмбақ Айғұнның атасының арманы айтылған соң ашылды.

Айғұнның іскерлігін байқап қалған Астанадағы Ауыл шаруашылығы министірлігі кооперация құру арқылы жерді игеру тәжірибесін бүкіл Қазақстанға тарату үшін оны министрліктен орталық ашуға шақырады. Бұны естіген ауыл тұрғындары Айғұнның ауылда қалуын сұрап өтінеді. Үш жылдық мерзімге келген дәрігерде Астанаға кетіп, жұмысқа орналасып, Айғұнды жақсы көргендіктен елордамызға шақырады. Сол мезеттерде Израиль елінен Айғұнға жедел хат та келеді. Иерусалимдегі ең беделді университетке биотехнология мамандығына  Айғұнның докторантураға түскені жайлы хабар жетеді. Айғұнды алда не күтіп тұр? Ол ауылда қала ма немесе Астанаға бара ма, жоқ әлде Израильге кете ме? Видео көрінісі арқылы көрермендердің көз алдында ауылдың, Ақсу-Жабағылы қорығының керемет табиғаты арқылы көк  аспанға  сіңіп қалып қоя береді… Фильмнің жалғасы болуы мүмкін…  

Бұл фильмнен халықтың ұғатыны, елімізге әртүрлі қиындықтар туған кезде халқымыздың болашағын ойлаған таланттардың барлығы қуантады. Ол қазақ елін енді ішінен де сыртынан да жау алмайтындығын, Елбасының сындарлы саясатын ары қарай алып кететін жастарымыздың көтерілуінде. Бұл фильмде қыз баласының образы, шынайы адами қасиеттер, патриоттық сезім, жұмыссыздық мәселесі, табиғатты қорғау, тағы басқа өзекті проблемалар алға шығады. Фильмде мемлекетіміздегі біраз қомақты мәселелер қамтылады. Олар: Қазақ елінің тарихи-тағдыры; егемендігіміздің 25 жылдығы; патриотизм; жер дауы; оны тиімді игеру жолындағы елдің бірлігі; жастарды жұмыспен қамтамасыз ету; ауылға жаңаша бет-бұрыс және т.б.

 Фильмнің идеясының және сценариясының авторы белгілі ғалым-экономист, академик, қоғам қайраткері О.Сәбден көркем фильмді Егемендігіміздің ҚР-ның 25 жылдығына ұсынады. Жоспар бойынша фильм тез арада (2-3 айда) халық үшін түбегейлі, тағдырлы жерді игеру мәселесіне байланысты түсіріліп, жарық көруі керек. Бұл фильм жерді жаңаша игерудегі миссиясымен үлкен резонанс туғызатынына, халықтын мызғымас бірлігің арттыратынына автор сенеді. Шын мәнінде, қазақ халқына бұл дүниеде жерден артық ештеңе жоқ. Жер дегенде халықты ештеңемен тоқтата алмайсыз. Қазаққа Жер-Ана, жерді сатқаның анаңды сатқаның дейді кеменгер қазақ халқы.          

                22 мауысым 2016ж.,

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *