ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі)

Жер туралы бірқатар мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты Сіздің қарауыңызға алғаш рет жүзеге асырылуы елішілік, сондай-ақ халықаралық резонансқа (әсер) ие болатын мегажоба ұсынылып отыр. Сіздің ұсынылып отырған жобаға көрсететін қолдауыңыз ауылдарды, ел өңірлерін орнықты дамытуда, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде және мемлекетаралық қарым-қатынас пен ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда негізгі фактор болмақ.  

ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ЕЛІН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРУ (Қазақ өрісі)

Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы километрді құрайтын  аумақта орналасқан. 14 облыстың әрқайсысында ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлері,  жайылымдары бар, мұның бәрін орынды пайдаланса,  елдің азық-түлік проблемаларын,  ауыл халқын жұмыспен қамту,  көші-қон және шекаралық ынтымақтастық  мәселелері толығымен шешіледі.  

Тек Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мысалында аумақтың Балқаш көліне қарай аздап еңіс екенін айтуға болады. Облыстың едәуір бөлігін  көптеген көгалдар мен алаптары бар Балқаш-Алакөл және Іле ойпаты алып жатыр. Аумақ бойынша жеті өзен ағып өтеді және су қоймалары салынған. Климаты континенталды, ал тау бөктері белдеуінде жұмсақ. Нақ осындай қолайлы жағдайлар Шығыс Қазақстан облысында да бар. Аталған Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайлары осы аумақта ЕАШЭА, яғни Еркін ауыл шаруашылықтық экономикалық аймақ құру құруға  негіз болады және бұл жерде ұсынылып отырған мегажобаның негізгі идеясы жүзеге асырылады.  

Мегажобаны жүзеге асырудың қадамдық алгоритмі 

1-қадам. ЕАШЭА тұжырымдамасын қалыптастыру. ЕАШЭА құру идеясының негізінде – халықты жұмыс күші мол аймақтардан қоныстандыру (мысалы, ОҚО, онда 3 млн халықтың көбі  жұмыссыздар, әсіресе жастар), өндірістік (жолдар, энергиямен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету) және әлеуметтік (мектеп, аурухана, мәдениет және спорт мекемелері) инфрақұрылым қалыптастыру. ЕАШЭА құру ҚР Парламентінің «Ауыл шаруашылықтық экономикалық аймақ туралы» ҚР Заңын қабыладауымен рәсімделуі тиіс.

2-қадам. ЕАШЭА құру мен дамытудың ұйымдық және экономикалық тетіктерін әзірлеу:

– мегажоба іс-шараны қаржылық қамсыздандыру мәселесін шешетін «Нұрлы жол», «Институционалдық реформалардың 100 нақты қадамы» сынды бағдарламалар бағытында жүзеге асырылуы қажет;

– халықты жұмысқа тарту, олардың жұмыспен қамтылуы осы саяси жобаға негізделіп, түзетілген «Жол картасы-2020» аясында орындалуы тиіс;

– еліміздің өркендеуі мен оның ұлттық қауіпсіздігінің нығайту жолында халықты моральдық және рухани-патриоттық тұрғыда біріктіретін «Асар» көмек және қолдау көрсету ұлттық қағидасын пайдалану;

– мегажобаны қаржыландырудың негізгі көздері мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар мен «Қазақ өрісі» арнаулы қоры болуы тиіс;

– еліміздің демографиясы, жұмыспен қамтылуы және ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі жекеленген кіші бағдарламалар әзірлеу;

– жастарды рухани жаңғырту және адамгершілікке тәрбиелеу жөніндегі іс-шаралар әзірлеу.

3-қадам.  ЕАШЭА құру идеясын Қазақстан аумағын дамыту мен оның тұтастылығын сақтап қалудың инновациялық тетігі ретінде кең ауқымда насихаттау.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *