Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы болған алапат су тасқынынабайланысты «Жас Алаштың» сайтына экономика ғылымының докторы, профессор, академик Оразәлі Сәбден мырза хабарласты.
«Мынадай жағдайды көріп, шыдай алмай отырмын» деген Оразәлі Сәбден осыжағдайға байланысты билікке, Үкіметке өзіндік ұсыныстарын айтты:
Қазір Мақтааралдағы жағдайға бүкіл ел көз тігіп отыр. Бұлсу тасқыны емес, басқа төтенше жағдай емес, бұл – төтенше апат. Мұны солай депайту керек. Бұл арада биліктің емес, халықтың мұң-мұқтажын бірінші тыңдау қажет. Ғаламтордан, әлеуметтік желіден көріпотырмын, қазір ондағы халық қатты қиналуда. Халықта «егер бізді алдын-алаескертіп, күні бұрын құлақтандырғанда үйдегі заттарымызды, қорадағы малдарымыздыаман алып қалар ма едік» деген өкініш бар. Міне, елдің ең басты уайымы осыболып отыр. Бір түсінбейтінім, ол жақта төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында жағдайды бақылайтын штаб құрылдыемес пе?! Ол штабтың мүшелері бір жерде отырмайды. Олар су басына барып барлығынбақылап, қадалағап отыруы тиіс. Сонда қазір техниканың дамыған заманы, барлығымыздыңқолымызда ұялы телефон бар. Осы арада «сол алдын ала құрылған штаб мүшелерінеге жағдайды бақылаудан шығарып алды» деген сауал туындайды. Олар судыңкөтеріліп, дамбаның жарылатынын алдын-ала білді емес пе? Ол су Мақтааралғажеткенше біраз уақыт бар еді ғой. Демек, халықты ертерек құлақтандыруға уақытболды. Ертерек естігенде, су Мақтааралға келгенше, ел-жұрт ерте қамданып,қордаға малын, қажетті мүлкін, құжаттарын алып ертерек эвакуацияланатын еді. Субасу қаупі бар әр ауылда алдын-ала дайындық болуы керек еді. Ал қазір судың астында қалған халық «құр өзбасымызды арашалап әрең алып шықтық» деп ашынуда. Мұндай жағдайда облыстыңәкімі неге жағдайды бақылаудан шығарып алды?! Демек, бұл арада «төтеншежағдайдың алдын алуы тиіс штаб формалды түрде жұмыс істеген» деген халықтың күдігібекер емес. Егер сол жердегі атқарушыбилік нақты әрі шапшаң қимылдаған болса халық «ешкім көмектескен жоқ, өзбасымызды әрең арашалап құралақан шықтық» деп жыламас еді. Бұл арадамемлекеттік комиссия осы жайтқа байланысты: облыс және аудан әкімінің, республикалық төтеншежағдай басшысының мәселесін қарау керек. Жауапкершілікті нықтау қажет. Керекболса барлық ақпаратты жедел әрі тез жеткізетін «дронды» қойып қоюға болатынеді ғой. Сондықтан мұндай мәселеге билік тарапынан саяси баға берілуі керек.Жамбыл облысы, Қордай елді мекеніндегі оқиға тәрізді шешімдер қабылдануы қажет. Бұл арада облыс әкімі халықтың жағдайынойлауы тиіс. Түркістан қаласы салына береді, ол қала Елбасының ұсынысыменқыруар қаржы бөлініп салынып жатқанқала. Бұл арада облыс әкімі 2 млн халықты бірінші ойлауы керек. Әкім мұндайтөтенше жағдайда халықтың ішінде жүруі, керек болса екі-үш күн түнеуі қажет.
Ал енді экономикалық жағын алсақ, бұл халықаралық мәселеболғаннан кейін, заң бұзушылық бар ма, жоқ па, Өзбекстандағы су қоймасы талаптарға сай салынған ба, ол жағы бізгебеймәлім. Ғаламторда әртүрлі бейне жазбалар тарап жатыр, олардың арасындахалықты арандататын сөздер де бар. Бұл арада бізге шындықты білу маңызды.Сондықтан халықаралық сараптама тағайындалуы керек. ТМД және Еуразиялық Одақ көлемінде тағайындалғанешқайда бұрмалайтын, шындыққа көзімізді жеткізетін халықаралық сараптама болуытиіс. Өмірзақ Шөкеев «Өзбекстан арығымыздытазалап беретін болды» дейді. Егер халықаралық сараптама тағайындалып, шындыққакөз жеткізетін болсақ, Өзбекстан бізге бір ауыл салып берсін, керек болсасол ауылды біз «Өзбек ауылы» деп атайық.Міне, сонда екі ел арасындағы ынтымақтастығымызартады.
Қазір халықтың шығыны көп. Бірінші шығын — жер. Ол елде Солтүстік Қазақстаноблысындағы тәрізді бәленбай мың гектаржер жоқ, әр отбасында 2-3 гектар ғана жер бар. Соған олар мақта, қауын-қарбыз,тағы басқа дақылдар егеді. Халық сөйтіп күнін көріп, баласын оқытады, нанынтабады. Қазір ол жердің барлығын су шайып кетті. Енді ол жерлерді үш жылсызқалпына келтіру қиын. Сондықтан бұл арада балаларды оқыту мәселесі тұр.Мемлекет енді осы аймақтың балаларын оқыту үшін арнайы тегін грант бөлуі керек.Бұл мәселеге Үкімет ерекше назар аударуы тиіс. Өйткені қазір елді жайлағанпандемияға байланысты ол ауылдың балалары қашықтан оқып отырды, енді міне,мынадай апат болды. Қазір балаларға оқу-білім алу тіптен мүмкін емес. Сондықтансол ауылдың балалары бір-бір ноутбукпен қоса, арнайы мемлекеттен бөлінген грантпенқамтамасыз етілуі тиіс.
Бұдан кейін ол ауылдарда талапқа сай ХХІғасырдың ауылы салынуы керек. Халықтың еңсесін одан әрі езбеуі үшін қираған үйлердің орнына талапқа сай, ішіжиһазбен қамтылған тұрғын үй салып беру қажет. Өйткені қазірхалықтыңқолында дым да қалған жоқ. Малдың шығыны есептеліп, өтемақы төленуі қажет.Азық-түлік алуға, елдің күн көрісіне айсайын қаржы бөлінуі тиіс. Мақтаарал, Жетісай ауданын қайта тұрғызу кешендібағдарламасы жасалынуы қажет. Парламент арнайы заң қабылдап ол аудандарды Еркінэкономикалық аймақ жасауы керек.Халықты үш жылға дейін салықтан босатқанжөн. Ол аймақтарды халықты жеміс-жидек, көкөніспен қамитиын логистикалықорталық жасауға мүмкіндік туып тұр. Делдалдарсыз тікелей шаруаға пайда әкелетінлогистикалық орталық жұмысын қолға алуымыз керек. Міне, сол кезде ол жердегішаруалардың еңбегі еш болмайды.
Жалпы, Оңтүстік өңір бүкіл Қазақстанды көкөніспенқамтамасыз ете алады. Бұдан шығатын қорытынды – Оңтүстік өңір арқылы Қазақстанхалқын сапалы әрі арзан отандық өніммен қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндіктуады. Сондықтан осыған қатысты арнайы мемлекеттік, кластерлік бағдарламақабылдаған жөн. Міне, осындай жұмыстарды істеген жағдайда қазіргі қиындықтан шығуғаболады. Қазір елімізде өте қиын жағдай орын алып отыр. Әлемдік дағдарыс, қараалтын мұңы, коронавирус індеті, Ресейдің экономикасының санкциялар қыспағынашыдамауы бізге тікелей әсерін тигізіп отыр. Экономика құлдырауда. Сондықтан Дағдарысштабын құрып, бағыт-бағыт бойынша жолкартасын жасап, қаржымен қамтамасыз етіп тікелей Президенттің бақылауымен осы жайттарға мән беру қажет. Сонда сенделіптұрған халықтың сенімі күшейеді.
«Жас Алаш»