Оразәлі Сәбден: «Өзбекстан бізге бір ауыл салып берсін»

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы болған алапат су тасқынынабайланысты  «Жас Алаштың» сайтына экономика ғылымының докторы, профессор, академик Оразәлі Сәбден мырза хабарласты.

«Мынадай жағдайды көріп, шыдай алмай отырмын» деген Оразәлі Сәбден осыжағдайға байланысты билікке, Үкіметке өзіндік ұсыныстарын айтты:

Қазір Мақтааралдағы жағдайға бүкіл ел көз тігіп отыр. Бұлсу тасқыны емес, басқа төтенше жағдай емес, бұл – төтенше апат. Мұны солай депайту керек. Бұл арада биліктің емес, халықтың мұң-мұқтажын бірінші тыңдау  қажет. Ғаламтордан, әлеуметтік желіден көріпотырмын, қазір ондағы халық қатты қиналуда. Халықта «егер бізді алдын-алаескертіп, күні бұрын құлақтандырғанда үйдегі заттарымызды, қорадағы малдарымыздыаман алып қалар ма едік» деген өкініш бар. Міне, елдің ең басты уайымы осыболып отыр. Бір түсінбейтінім, ол жақта төтенше жағдайдың алдын-алу  мақсатында жағдайды бақылайтын штаб құрылдыемес пе?! Ол штабтың мүшелері бір жерде отырмайды. Олар су басына барып барлығынбақылап, қадалағап отыруы тиіс. Сонда қазір техниканың дамыған заманы, барлығымыздыңқолымызда ұялы телефон бар. Осы арада «сол алдын ала құрылған штаб мүшелерінеге жағдайды бақылаудан шығарып алды» деген сауал туындайды. Олар судыңкөтеріліп, дамбаның жарылатынын алдын-ала білді емес пе? Ол су Мақтааралғажеткенше біраз уақыт бар еді ғой. Демек, халықты ертерек құлақтандыруға уақытболды. Ертерек естігенде, су Мақтааралға келгенше, ел-жұрт ерте қамданып,қордаға малын, қажетті мүлкін, құжаттарын алып ертерек эвакуацияланатын еді. Субасу қаупі бар әр ауылда алдын-ала дайындық болуы керек еді.  Ал қазір судың астында қалған халық «құр өзбасымызды арашалап әрең алып шықтық» деп ашынуда. Мұндай жағдайда облыстыңәкімі неге жағдайды бақылаудан шығарып алды?! Демек, бұл арада «төтеншежағдайдың алдын алуы тиіс штаб формалды түрде жұмыс істеген» деген халықтың күдігібекер емес.  Егер сол жердегі атқарушыбилік нақты әрі шапшаң қимылдаған болса халық «ешкім көмектескен жоқ, өзбасымызды әрең арашалап құралақан шықтық» деп жыламас еді. Бұл арадамемлекеттік комиссия осы жайтқа байланысты: облыс және аудан әкімінің, республикалық төтеншежағдай басшысының мәселесін қарау керек. Жауапкершілікті нықтау қажет. Керекболса барлық ақпаратты жедел әрі тез жеткізетін «дронды» қойып қоюға болатынеді ғой. Сондықтан мұндай мәселеге билік тарапынан саяси баға берілуі керек.Жамбыл облысы, Қордай елді мекеніндегі оқиға тәрізді шешімдер қабылдануы қажет. Бұл арада облыс әкімі халықтың жағдайынойлауы тиіс. Түркістан қаласы салына береді, ол қала Елбасының ұсынысыменқыруар қаржы бөлініп  салынып жатқанқала. Бұл арада облыс әкімі 2 млн халықты бірінші ойлауы керек. Әкім мұндайтөтенше жағдайда халықтың ішінде жүруі, керек болса екі-үш күн түнеуі қажет.

Ал енді экономикалық жағын алсақ, бұл халықаралық мәселеболғаннан кейін, заң бұзушылық бар ма, жоқ па, Өзбекстандағы су қоймасы талаптарға сай салынған ба, ол жағы бізгебеймәлім. Ғаламторда әртүрлі бейне жазбалар тарап жатыр, олардың арасындахалықты арандататын сөздер де бар. Бұл арада бізге шындықты білу маңызды.Сондықтан халықаралық сараптама тағайындалуы керек. ТМД және  Еуразиялық Одақ көлемінде тағайындалғанешқайда бұрмалайтын, шындыққа көзімізді жеткізетін халықаралық сараптама болуытиіс. Өмірзақ Шөкеев  «Өзбекстан арығымыздытазалап беретін болды» дейді. Егер халықаралық сараптама тағайындалып, шындыққакөз жеткізетін болсақ, Өзбекстан бізге бір ауыл салып берсін, керек болсасол ауылды біз «Өзбек ауылы» деп атайық.Міне, сонда екі ел арасындағы ынтымақтастығымызартады.

Қазір халықтың шығыны көп. Бірінші  шығын — жер. Ол елде Солтүстік Қазақстаноблысындағы тәрізді  бәленбай мың гектаржер жоқ, әр отбасында 2-3 гектар ғана жер бар. Соған олар мақта, қауын-қарбыз,тағы басқа дақылдар егеді. Халық сөйтіп күнін көріп, баласын оқытады, нанынтабады. Қазір ол жердің барлығын су шайып кетті. Енді ол жерлерді үш жылсызқалпына келтіру қиын. Сондықтан бұл арада балаларды оқыту мәселесі тұр.Мемлекет енді осы аймақтың балаларын оқыту үшін арнайы тегін грант бөлуі керек.Бұл мәселеге Үкімет ерекше назар аударуы тиіс. Өйткені қазір елді жайлағанпандемияға байланысты ол ауылдың балалары қашықтан оқып отырды, енді міне,мынадай апат болды. Қазір балаларға оқу-білім алу тіптен мүмкін емес. Сондықтансол ауылдың балалары бір-бір ноутбукпен қоса, арнайы мемлекеттен бөлінген грантпенқамтамасыз етілуі тиіс.

Бұдан кейін ол ауылдарда талапқа сай ХХІғасырдың ауылы салынуы керек. Халықтың еңсесін одан әрі езбеуі үшін қираған үйлердің орнына талапқа сай, ішіжиһазбен қамтылған тұрғын үй салып беру қажет. Өйткені қазірхалықтыңқолында дым да қалған жоқ. Малдың шығыны есептеліп, өтемақы төленуі қажет.Азық-түлік алуға, елдің  күн көрісіне айсайын қаржы бөлінуі тиіс. Мақтаарал, Жетісай ауданын қайта тұрғызу кешендібағдарламасы жасалынуы қажет. Парламент арнайы заң қабылдап ол аудандарды Еркінэкономикалық аймақ жасауы керек.Халықты үш жылға дейін салықтан босатқанжөн. Ол аймақтарды халықты жеміс-жидек, көкөніспен қамитиын логистикалықорталық жасауға мүмкіндік туып тұр.  Делдалдарсыз тікелей шаруаға пайда әкелетінлогистикалық орталық жұмысын қолға алуымыз керек. Міне, сол кезде ол жердегішаруалардың еңбегі еш болмайды.

Жалпы, Оңтүстік өңір бүкіл Қазақстанды көкөніспенқамтамасыз ете алады. Бұдан шығатын қорытынды – Оңтүстік өңір арқылы Қазақстанхалқын сапалы әрі арзан отандық өніммен қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндіктуады. Сондықтан осыған қатысты арнайы мемлекеттік, кластерлік бағдарламақабылдаған жөн. Міне, осындай жұмыстарды істеген жағдайда қазіргі қиындықтан шығуғаболады. Қазір елімізде өте қиын жағдай орын алып отыр. Әлемдік дағдарыс, қараалтын мұңы, коронавирус індеті, Ресейдің экономикасының санкциялар қыспағынашыдамауы бізге тікелей әсерін тигізіп отыр. Экономика құлдырауда. Сондықтан Дағдарысштабын құрып,  бағыт-бағыт бойынша жолкартасын жасап, қаржымен қамтамасыз етіп тікелей Президенттің бақылауымен  осы жайттарға мән беру қажет. Сонда сенделіптұрған халықтың сенімі күшейеді. 

«Жас Алаш» 

Ауылыңа бәрібір оралатыныңды ұмытпа

Космосты игерсек те, қаншалықты

дамысақ та, түбі біз ауылға ораламыз

Алдағыөмірді көзге елестетсек, 30-40 жылда әлемдік өркениеттің дамығаны соншалықты –жасанды интеллект, үйіңде қызмет ететін роботтар, машинаның орнына магниттіжастықпен кез келген жеріңізге бара аласыз, осы сияқты басқа да технологияныңжетістіктері сізді рақат өмірге алып келеді.

Тіпті жасыңыз 150 жылға дейінұзаруы да мүмкін. Бірақ мұндай тынымсыз, информациялық мегақалада тұру адамды шаршататыныанық. Сондықтан технология жетістіктерінің арқасында біз қаншалықты алға кетсекте,  бәрібір бір кездерде ауылғаораламыз. Себебі ауыл –  шыққан тегіміз,ал, екінші жағынан, адамға ең керегі көркем табиғаттың таза ауасы, суы, Жер-ананыңкиелі топырағы, экологиялық таза тағамдар, ауылдың жанға жайлы тыныштығы.Әсіресе творчество адамдары үшін ауыл – таптырмас кеңістік, шабыт қайнары.Қазірден бастап-ақ «творчестволық ауылдарын» ашу керек. Әр адамға «баратынауылыңды ертерек дайында, түлеп шыққан ауылыңа, табиғатыңа көмектес»демекшімін. Ауылда тұратын зиялылардың тізімінен шығып қалсаң, кешігіп барғануақытыңда сені қабылдамай қойса, бақытсыздық деген осы болмай ма?! Ауылынақарап азаматын таниық! Біз осы орайда Қазақстан Ғалымдар одағының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығыныңиегері, академик  Оразалы СӘБДЕН мырзаныңой-ұсынысқа толы  мақаласын жариялапотырмыз.

  Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда бара жатырмыз,не істеу керек?

Осы сұрақтың шешімін табу үшінбіз ең алдымен тарихымызға жүгінеміз.Өйткені тарихты білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Бұл киелі жерде дүниежүзі дамуының тарихи логикасын, көпғасырлық эволюциясын еске алсақ та болар. Мысалы, ежелгі Еуразия,Қазақстан жерінде тас ғасыры, қола,темір дәуірі, скиф, сақ, ғұн, қаңлы, үйсін мемлекеттері, түркі қағанаттары т.б. ортағасырлық мемлекеттер менхандықтар болғаны белгілі. Каспий теңізінен Қытайға дейінгі аралықтағы алып кеңістікте біздің өркениет тарихымыз болғанын білеміз. Арғысынайтпағанда, біздің тегіміздің «түркі» деп аталуының өзі V-VI ғғ. жаңа дәуіргедейін Қытай, Араб, Иран, Сирия жазбаларында бар. Нақтырақ айтар болсақ,біздің тарихымыз сонау ШайбаниӘбілқайыр ханнан әлдеқашан бұрын басталып, сонансоң Керей мен Жәнібек хандар, Қасым хан т.б.көптеген хандардың есімдерімен жалғасын тауып, Қазақ мемлекеттілігідеген атаумен қоса жүрген еді. Міне,сол кездегі ел тағдыры хандар мен батыр бабаларымыздың қолында болып,ұлан-ғайыр жерімізді бөгде елгебермеу үшін барын салған болатын.Өйткені олар қазақ жерін нығайтуда, қазақтардың үстемдігін орнатуда  орасан  зор әрекеттерге барды. Қазақ халқышамасы 3000 жылдық тарихы бар түркі этносы ретінде танылған арғы замандыайтпағанның өзінде, 550 жылдық хандық тарихындааса ауыр саяси, рухани, әлеуметтік-экономикалықпроцестерді басынан кешірді.

Ататегімізге көз жіберсек,тарихта біз сияқты империялық ой мен іс жасаған халық аз. Олардың қатарында римлян,грек, парсылармен қатар, түркі халықтары бар екенін әсіресе жастарымыз ұмытпауы керек. Бұл тектілік генофондымыз  XXI ғасырда Қазақ елінің, жалпы, түркіәлемінің қайта түлеуіне негіз болады депсенемін.

Біз дүниежүзіндегі елдерді тарихтаразысына салар болсақ, әр елдің дамутарихы әрқилы. Айталық, ең алдымен бізҚытайдың 5000 жылдық тарихын, өзіміздің 3000 жылдық тарихымызды, Азия менЕуропаныңдамуын зерделесек, сонымен қатар қазіргі жаһанданупроцесіндегі жаңалықтарды електен өткізер болсақ, бір ой туады. Біздің шығыс халықтарының тарихына келерболсақ, тағдыр бізге екі тарихимүмкіндік берді. Біріншісінбіз пайдалана алмадық, ол кетті.Ал екіншімүмкіндікті енді тиімді пайдаланаалмасақ не алпауыт мемлекеттерге жұтылып кетеміз, не өмір бойы мәңгі шикізателі болып соларға қызмет етеміз. Тағдыр бізге осындайсұрақты көлденең қойып отыр.

Бірінші мүмкіндік дегеніміз – бұдан 1000-1500 жыл бұрын біз, шығыс елдері,дамыған ел едік. Соның дәлелі ретінде ғұлама ғалымдарымыз әл-Фараби, Ибн-Сина, Ұлықбект.б. сынды ғұламалар математика, медицина, философия салалары бойынша әлемдікдеңгейдегі озық ойлы жаңалықтарды ашқанын айта аламыз. Еуропа сол  уақытта артта  қалған  еді. Түркі тегіШыңғыс ханнан бастап, Құбылай, Әмір Темір т.б. жарты әлемді басып алды, биледі.Мысалы, бір Құбылайдың өзі ұрпақтарымен толық Қытайды, Сун империясы менВьетнамды қоса, жүз жыл бойы биледі. Пекинде отырып олар Қытайдың өркениетіндамытуға қызмет етті, орталыққа күріш әкелетін канал салғызды т.б.

Кейінгі 500 жылда Еуропамемлекеттері  шығыстан, соның ішіндетүркілерден қаншама жаңалықтарды алып, жылумашинасынжасап, теңіз көлігін,зауыт-фабрикалар салып, өндірістіқарқынды дамытып, өндіріс революциясын жасады. 2012 жылы Лондон олимпиадасыашылғанда олардың тарихи дамуынкөрдік. Дүниежүзіндегі екі ұлы империя – Қытай мен мұсылман елдері қалып қойды.Кейіннен  Еуропада  Эйнштейн, Ньютон, Эдисон, Фарадей шықты, Гегель, Рикардо,  Маркс т.б.қоғамның дамуына үлес қосты. Қазірсол Еуропа бізге үйретуде.

Әлемдік топ-университеттер дебатыс елдерінде, Америка Құрама Штаттарында шоғырланған. Ал сол шетелдерге білім қуып барып жүрген  жастар ілім  берудің қайнар көзі біздің шығыс болғанын біліп жүрулері керек. Эмпирикалық ілімдер, өмір мен дүниежаратылысы туралы мәселелер, даналық, терең философия т.б. барлығы да Үндістан, Қытай, осы бүгінгі Азия жерінен бастау алады. Ислам өркениетінің өзі ғылым мен мәдениеткекөп нәрсе берді. Алайда оның бәріне «капиталистік», «рационалды  рух» бергенбатыс болды. Осылайша ХІІ ғасырдан бері Қараханид династиясы құлаған соң, түркіөркениеті терең күйзеліске ұшырап, тағы басқа себептермен біз өзіміздің бай,терең негізімізді өзіміз жалғап алып кете алмадық. Бірақ Қытай кейінгі 20-30 жылдың ішіндеэкономикасына серпіліс жасап, қазір дүниежүзін мойындатып, АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.

Ал   енді  екінші   мүмкіндік   дегеніміз   –   ол  біздің   ата-бабаларымыздың  найзаның ұшымен,  білектің   күшімен бізге қалдырған мұрасы. Ол – табиғиқазба байлықтары мен адам  капиталы. Қазақ   халқының   бойындағы  тектілік, қан тазалығы, ғалымдардың зерттеуі бойыншаинтеллектуалдық әлеуеті жоғары ұрпақтың қалыптасуына әсер етеді екен. Демек,ұлттық генофондымыз да табиғи байлықтарымыз сияқты біздің үлкен басымдықтарымыздыңбірі. Дегенмен дүниежүзінде ең бай елдердің біріміз, бірақ әлі де кедейтұрамыз. Неліктен? Ең бастысы, жаһандануға жұтылып кетпей, осы қыруар байлықтыхалықтың игілігі үшін тиімді пайдалану. Алдымыздағы негізгі мақсат – өркениеттіелдердің қатарына қосылу. Ескіше айтқанда, нардың жүгі қазіргі ұрпақтың мойнынатүсіп отыр. Бұл тұста сапалы, бәсекегеқабілетті, рухы жоғары адами капиталымыз негізгі рөл ойнайды.

Ежелгі Түркістан байырғы руханиорталық ретінде Ұлы Жібек жолында ерекше орын иеленгені тарихтан мәлім. Дүниежүзілік атластыалып қарасаңыз, Орта Азия аумағындаежелден келе жатқан Түркістан, Самарқанд, Бұхара, Тараз сияқты ірі қалалар бар.Бүкіл тарихты таразылар болсақ, өте ерте кезеңдерді алмағанның өзінде, VI-VIIIғасырларда осы өңірде Түрік қағанаты, былайша айтқанда, түркітілдес халықтар өмір сүрген. Сол Түрікқағанатында ежелгі Түркістан қаласы рухани орталық ретінде тарихи орын алды. Кейін тарихтың ағымына байланысты түркітілдес  халықтар әртарапқа шашырап кетті. Мысалы, біраз түріктер Анадолыға кетті, сол жақтадамуының арқасында Осман империясын құрды, кейін Кемал Ататүріктің революцияжасауының нәтижесінде жаңа өркениетті мемлекет болып қалыптасты. Бүгінде 85 млн халқы бар Түркия 20 дамыған мемлекеттіңқатарына қосылуда, басқа туыс халықтар да өз мемлекеттерін құрып, даму үстінде.

Қытай мемлекеті ХХІ ғасырда Ұлы Жібек жолын жандандырып,экономикасына серпіліс беретін жобаларды Еуразиядан Африкаға дейін іскеасыруда. Осы тұрғыдан қарағанда Түркістан әлеуетін пайдаланып, Ұлы Жібекжолында Түркістанды рухани астанаға айналдыру үшін «Түркістан өңірі» рухани және технологиялық кластерін құру жобасын2012 жылы елбасына ұсынған болатынмын. Жоба алты кластерден тұрады: рухани,технологиялық, жаңа ауыл, туризм, логистика, инфрақұрылым кластері. Жобаныңқаржы-экономикалық есебінің жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларынан асады. Түркістануәлаяты облысын құру керек деген болатынмын. 2018 жылы облыс құрылып, іске асабастады. Менің ойым сол жобадакөрсетілгеналты кластердің бәрі толыққанды іске асса екен. Мысалы, сақ, ғұн, түркіқағанатынан қазіргі кезге дейінгі өмірімізді қамтыған бір әлемдік деңгейде мәдени-тарихи, географиялық музейдің өзіашылса, бүкіл әлемді қызықтырар еді, тағы басқа жобалар бар. Бұл Түркістанжобасы батыс пен шығысты біріктіретін халықаралық деңгейде рухани мегаполисболар еді.

Бұл жоба мынау тұрақсыз жаһандану заманында ел мен елді, халық пен халықтыбіріктіретін интеграциялық идея болуы абзал. Осы іс-шаралардан кейін тарихиқұндылықтар арқылы біздің алдымызда адамның рухани жаңғыруына күртөзгерістер ашылуы мүмкін. Қоғамның ар-ожданына кір келтірмей, деградацияғаұшырамауына,  қауіпсіздікті  сақтауда бір үлкен қадам жасау қажет. Адамның ой-өрісі ХХІ ғасырдың талабына, жаңа цивилизациялық қоғамға сай өзгеруі тиіс. Бұл – дүниежүзілікөркениеттің талабы. Ал өзімізге келсек, тұтас ұлтты оятатынойлар, іске асыратын жаңа жобалар керек.Оларды тарихи ұлытұлғаларымыздың мұраларынан тауып, дамытуға болады.Қазір бізге мәдени-рухани, тарихи тегімізді терең білу концепциясы керек жәнеұзақ мерзімді (2021-30 жж.) ғылыми бағдарламаға мемлекеттік тапсырыс қажет.

Бүгінде біз түркітілдес елдердің басын қосып,олардың дамуына серпіліс беру арқылы ең дамыған капиталистік елдермен бәсекегетүсуіміз керек. Шамамен 2030-40 жж. дүниежүзінде түркі әлемі өз орнын ойып алуытиіс. Егер біз мұны жасай алмасақ, онда дамыған капиталистік елдер біздібөліп-бөліп, цивилизациялық жолдан сыртқа шығарады. Тек осылай амбициялықмақсатты қойып шеше білсек, түркі әлемі дүниежүзінде ең биік дәрежеге, бағағаие болуы мүмкін. Бұл мәселеде мемлекет басшылары мен ғалымдардың орны өзгеше.

Қазіргі түркі  әлемінің экономикалық  потенциалын  алсақ, жылда өтетін дүниежүзілік Давосэкономикалық форумының 2019 жылғы ғаламдық бәсекелестік көрсеткіштері бойыншабіздің жағдайымыздың мүшкіл екенін көруге болады. Глобалды бәсекелестік индексі бойынша алдағы 50 елдің ішіндежоқпыз, Әзірбайжан 58-ші болып кіріп тұр. Қазақстан – 55, Түркия –61,Қырғызстан 96-орында болса,Өзбекстан мен Түрікменстанның көрсеткіштері Давос экономикалықфорумына енбеген. Ал тереңірек қарасақ, түркітілдес елдер денсаулық, білім,ғылым мен технология, қаржы жүйесі, әсіресе бизнес, инновациялық дамуданкөп артта келеміз (80-100 орындамыз). Бізге осы көрсеткіштерге, әсіресе жаңабілім, ғылым мен технологияға аса мән беру қажет.

     Түркіәлемі елдеріне XXI ғасырдың цивилизациялық пойызының соңғы вагонына міну үшінбізге үдемелі дамудан басқа жол жоқ.Ол үшін түркі елдерінің басын қосатын біринтеграциялық идея керек. Біз жаһандану процесінде әлімдік цивилизацияныалып қарасақ, оның ішінде G7 мемлекеттерінің дамыған жолын саралай келе, бізолармен экономика, жаңа технология, экология, қауіпсіздік, космосты игерусалалары бойынша бәсекелестікке түсе алмаймыз және біз көп арттамыз. Мысалы, бізғылыми-техникалық прогрестен, технологиялық укладтарды игеруден, оның ішінде 6-ТУ игеруден кем дегенде 40-50 жылғаартта қалып қойдық.

     Меніңойымша, түркі әлемінің бір ғана жолыбар, ол – рухани, тарихи-мәдени құндылықтарымызды жаңғырту.

Біздің түркітілдес мемлекеттерәлі де болса көптеген тарихи, рухани, әдеби, тіл, археология, этнографияжәдігерлерін сақтап келеді. Оған қосымша археологиялық ізденістерден жаңакөптеген тарихи ескерткіштер, қазба байлықтар табылуда. Түптеп келгенде, бұл – біздіңгенетикалық тегіміз. Уақтысында ататегіміз бүкіл Азия мен Еуропа құрлығындүр сілкіндіріп, үлкен империялық жойқын күшке айналдырған болса, біз,яғни түркі әлемі, XXI ғасырда тарихымызды жандандыру арқылы әлемдік тарихтыңтөрінде екінші рет толыққанды отыруымызға әбден болады.

Ол үшін жоғарыда айтылғандардыескеріп, барлық күшті бір түркі әлемінің кіндігіне жинау керек. Бұған әсіресеғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері білек сыбанып тұрып атсалысу керек.Әр мемлекет өзінше рухани тарихын ізденуде. Ал біртұтас түркі әлемінің тегінтүгелдеген жоқпыз. Сол үшін «Түркіәлемінің рухани-тарихи тегі» деген концепция және ұзақ жылдарға арналғанғылыми іздену бағдарламасы қажет. Нәтиже ретінде мәдени-тарихи мұра атласын жасау керек. Осы идеяны іске асыру үшінхалықаралық деңгейде, 200 миллионнан астам адам потенциалы бар, бүкіл түркіелдерінің ғалымдарына және бизнес өкілдеріне жүктейтінхалықаралық мегажоба қажет. Оныңаты: «Түркі әлеміне рухани серпілісберу» жобасы. Түркі әлемінің Генетикалықорталығын ашу керек.

Бұл жобаның іске асырылуының қысқашатетігін айтсам,бірінші кезекте түркі елдерінің үкімет басшылары бұл мәселеніконцептуалды талқылап, ғалымдар мен бизнес өкілдері біріккенжұмысшы тобын құрып, оларға мемлекеттік тапсырыс беру керек. Тиістіхалықаралық гранттық қаржыландыруарқылы тез арада осы жобаны дайындауүшін ғылыми зерттеулер жүргізу қажет.Бұл жобаға халықаралық резонанс беру үшінтүркі елдерінің президенттері «Түркіәлеміне рухани серпіліс беру»меморандумын қабылдау керек. Мұндай XXI ғасырдағытың идеяға түркі әлемінің халықтарынан қолдау алғанжөн.

Ауылдың хал-жағдайы қай деңгейде, оны қалай көтереміз?

Ашығын айту керек, КеңесОдағында ауыл жақсы дамыды. Кезіндееңбекпен қамтылған небір колхоз-совхоздар,ауыл орталықтары т.б. жұмыс істеп тұрды. Жол, байланыс, мәдениет ошақтары:кітапхана, мәдениет үйі, спорт кешендері,моншасына дейін бар болатын. Жалпы, ауыл жақсыдамып, оның әл-ауқаты, тыныс-тіршілігі, тұрмысы айтарлықтай деңгейде болғанынөз көзімізбен көрдік,ауылда өсіп, тәлім-тәрбие алдық. Ауыл қазақ халқының өзегі болды.

1991 жылы егемендігіміздіалғанда бөркімізді аспанға лақтырдық. Жоғарғы Кеңесте бірінші «Тәуелсіздікдекларациясы» қабылданғанда біздің депутаттардың көбісінің жанарына жасүйіріліп, ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған еркіндігімізге қол жеткіздікдеп қуанды. Алайда сол кезде қиын кезең етек алды, дағдарыс, инфляция,зауыт-фабрикаларымыз тоқтап қалды. Дегенмен егемендігіміз туралы көптегензаңдар қабылдап, өз ақшамызды енгіздік. Осы өтпелі кезең халыққа ауыр тиді. Мұндай жағдай егемендік алғанбасқа ТМД мемлекеттерінде де болды. Ауылда да тіршілік қиындай түсіп, өндірісорындары тоқтап, дағдарысқа түсті, нәтижесінде халық қалаға ағыла бастады. Ата-аналары балаларының артынанқалаға кетіп, ауылдың зиялы орталары да сиреуде.

Жалпы, реформаның салмағы ауылғаөте ауыр тиіп, ауыл тоқырап қалды. «Оптимизация»деген әдемі сөзбен ауылда сол уақыттабалабақшалар, кіші кешенді мектептер, аурухана,емхана, фельдшерлік пункттер, спорт кешендері жабылып, талан-таражғатүсті. 10-15 мыңдық малбасылық комплекстер болатын,бүгін  олардың  орны  опырылып, соғыстан қирапқалғандай дуалдары әлі тұр.Кейінгі жылдары ауылдыңжағдайы жөнделе бастады, қаржы бөлініп, инфрақұрылымдар салынды. Бірақәлі де ауыл бұрынғы, 90-жылдардыңбасындағы деңгейге жете қойған жоқ.

«Қазақтың жаманшылыққа үйірбола беретұғынының бір себебі –  жұмысының жоқтығы», – дейді Абай. Егер егінсалса, саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Қазіргі ауылдың жағдайын қысқашаайтсақ, жұмыссыздық орташа есеппеналғанда 60-70 пайызды, кей жерлерде 80 пайызды құрайды. Статистика жүргізу үшінмен аудандарды, оңтүстік облыстардыаралап, бұған көз жеткіздім. Егер ауылда жұмыспен қамтылған мұғалімдер мендәрігерлер, әкімшілік және шаруа қожалықтары қызметкерлерін алып тастасақ, жұмыссыздықсаны шыға келеді. Көбінесе ауыл жастарыжұмыссыз. Жазда 2-3 ай қалаға барып әр жерде істейді, күзде қайтып келіпжұмыссыз отырады. Олардың бұдан соң жаман жолға түспейтініне кім кепіл?Қыздардың тағдыры одан да қиын,айтуға да ұяласың, жүрегің ауырады. Кейінгі кезде қазақ жастарының арасындабаратын жері, басатын тауы болмағандықтан,наркомания, ұрлық, мал ұрлау өршіп, бұзақылық, суицид көбейіпбарады.  Жұмыссыздықтың  салдарынан кейбір жастарымыз шетелде діниэкстремизм, терроризм, камикадзе, жиһадқа бару жолына түсуде. Осының барлығы жұмыссыздықтың салдары емес пе?

Өкінішке қарай,қазір ауылда ең тиімді жұмыс мал бағу емес, керісінше, мал ұрлау. Ұрлықшынытаба қалған жағдайда қарапайым қазаққа көмектесудің орнына жергілікті құқыққорғау органдары өздері ұрлықшылармен бірге екені халыққа мәлім. Бұл масқараемес пе?

Бізде үкімет 5 пайыз жұмыссыздықдегенді  айтады,  бұл статистикалық жағынан дұрыс есептелмеген. Мұндай рекордпен дүниежүзілік Гиннесскітабына кірер едік. Өтіріктің де шегі болуы керек қой. Еуропаныңкейбір елдерінде жұмыссыздық15-25 пайыз, орта есеппен 10 пайыздан асады.  Бізде  2,7 млн адамөзін-өзі қамтамасыз етеді дейді, негізінде, олар жұмыссыз. Олар зейнетақы,дәрігерлік сақтандыру жүйесінен тыс қалып, бірнеше жылдар бойы құқықтары тапталыпотыр. Яғни халқымыздың 20 пайызына жағдай жасалмай, жұмыссыз отыр. Олардың басым көпшілігі ауылда.Мұнымен ешкімнің ісі жоқ, ал жергілікті билік органдары жылда «халықтың жағдайыжақсы» деп жалған мәлімет беріп отырады.

Қазір адамның бәрі бір сортқаайналып бара жатқандай, оның аты –  «ыңғайлы адам», немқұрайдылық, бәріжақсы, ешқандай проблема жоқ сияқты болып көрінеді. Ең жаманы – бізде өтірік ақпарат беру, істен гөрі қағаз жүзінде есеп беруәдетке айналған. Өтірік айту қанға сіңді. Себебі тапсырма сондай – адамды емес,қалтаны ойлайтын заман болды. Ал жұмыс таппай,жәрдемақы сұрай қалғанжағдайда оны алу үшін «мен саған барлық құжаттарыңды жасаймын,бірақ жәрдемақының 50 пайызын маған бересің» дейтін шенеуніктер де табылып жатады. Біз осылайша  ауыл  адамдарын  «кедейлік қақпанына» түсіріп қойғанбыз: олардың өз істерін ашып, табыс табуынқолдамаймыз, пара беріп, бюджеттен алатын жәрдемақыларға күн көруге байлап қойғанбыз.

Ауыл шаруашылығының белгілі маманы, ел жанашыры, 13 жыл бойы үш ауданды,12 жыл шаруа қожалығын басқарған Ғалым Тұрғамбаев: «Ауыл шаруашылығының басында отырғандардыңкөбісі тәжірибесіз жастар. Мемлекет тарапынан бөлінген субсидияның 86 пайызыірі холдингтер мен компанияларға бөлінсе, ал ұсақ, орта шаруашылықтарға 14 пайыз ғана беріледі екен. Бұл ақылға сыя ма? Ауылға бөлінген ақша шаруақожалықтарына жетпей жатыр. Билік ол қалай жұмсалып жатыр, одан бейхабар. Сондақарапайым ауылдағы қазаққа жаны ашитын жан болмағаны ма?» – дейді. «Ауыл – алтынтамырымыз» дегеніміз қайда?

Техника мәселесіне келер болсақ,біз үлкен дағдарыс алдындамыз. Мысалы, еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық парктердің 60-70 пайызытозған. Техникалардың жұмыс істеу мерзімі әлдеқашан өтіп ескірген. Оларды  қайта жаңғырту  (амортизациялық)   бағдарламасы жоқ т.б. Бағдарлама болған жағдайда да, оны іске асыратын инженермамандар жетіспейді.

Ауылды қалай дамытамыз?

Ауылда 45 пайыз, яғни 8 млн-нанастам халқымыз тұрады, олардың ішінде жартысына жуығы жастар. «Ауылына қарап азаматын таны» дейді қазақ. Ауылға барақалсақ  ұяламыз.  Ұсақ  шаруа қожалықтарына қолдағы көптеген жеке жертелімдерін игеруге жаңа техника,технология жетіспейді. Олар ірі шаруашылықтармен бәсекеге түсе алмайды,өнімдері өтпейді, өтсе де, арзан бағаға сұрайды. Сондықтан ұсақ шаруақожалықтарын біріктіріп, ауыл шаруашылығын кооперациялау қажет және ол үшін «Кооперациятуралы» заңды тезірек іске асыру керек. Әр аудандабір немесе екі техникалық сервис орталықтарын құру және ауыл шаруашылығын жаңаша ұжымдастыру қажеттілігі туындауда. Ал оның негізі – кооперация. Бұл жерде тікелеймемлекеттік қолдау қажет. Сол құрғанкооперацияда, орталықтарда үкіметтің үлесі 20-30 пайызға дейін болуы мүмкін. Еңбастысы, ауыл шаруашылығы өндірісіне субсидиялар мен арзан несиелердің көптеп бөлінуін,олардың жергілікті жерге жетуін қадағалау керек. Сонда ғана инвестиция тиістіжерге салынады, жұмыс орны көбейіп, ауыл серпілісалатын болады.

Ауылда тұтыну кооперацияларын құра отырып, қосымша инвестиция тарту, тауар өндіру, өңдеу жұмыстарын жандандыру қажет. Бұған АҚШ, Канада, Еуроодақ елдерінің тәжірибелері дәлелбола алады. Озық шетел мемлекеттеріндегідей,  бізге де білімді технологиялық  ауылдар  керек.  Оны  «Жаңа ауыл» деп те атауға болады. Оларды біз Шортандыда, Алматы маңындағы КИЗ бенКНИИТЖ агроқалашықтарында т.б. жерлердеқұруымызға болады. Мысалы, Сингапур елініңауылшаруашылық өнімдер өндірісіндегізаманауи технологияларға негізделген 10 ғылыми-өндірістік паркін құрубағдарламасын пайдалануға болады. Онда әртүрлі бағыттағы шамамен 500 фермасыйыстыруды көздеген 1,7 мың га жер бөлінген.

Жаңа холдингтер құру. Егер осылай есепсізпайдалана берсек, 40-50 жылданкейін мұнай-газ, қазба байлықтары бітеді.Біз ұрпаққа не қалдырамыз? АҚШ-тың мұнай, газ т.б. қазба байлықтарын зерттей отырып, болашағын ойлағандықтан,оларды шетелден сатып алуда. Ал біздің үкіметнеге осы жағын ойламайды? Сонда біздіңнемерелеріміз «сіздер өркениетке не жасадыңыздар» деп сұрақ қоймай ма? Жалпы,біздің негізгі брендіміз мұнай-газемес (мүмкін, олар шенеуніктердікі шығар), ол – ғасырлардан бері келе жатқанатакәсіп – мал мен егін өнімдері. Қалайайтсаңыз да, біздішетел аграрлы мемлекет деп түсінеді. Өткен ғасырдың90-жылдарының басында ауыл шаруашылығытабысының көлемі жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) шаққанда 27-29 пайызға дейін баратын,ал қазір бар болғаны 5 пайыз. 20 пайызға дейін өсірген жағдайда әлдеқайдатиімді болар еді. Ол үшін ұзақмерзімді ауылға серпіліс беру мемлекеттік бағдарламасын жасау керек.

Әлі де болса біз дүниежүзінде ауылшаруашылық  өнімдеріарқылы бәсекеге түсе аламыз. Себебіәлемде алдағы 30 жылда ауылшаруашылық өніміне екі еседен көп сұраныс туады, алсу тапшылығы 50-60 пайызға дейін өседі. Осы мүмкіндікті пайдаланған дұрыс.

Жерді игеру – елді игеру

Бастапқыкезден-ақ табиғи қазба байлықтары мен адам капиталын, қазақтың қанға сіңгенкәсібі мен ұлттық болмысына тән ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, жердіигеруге басымдықтың берілмеуі бүгінде халқымызды ұлт ретінде рухани азып-тозуға,атакәсібінен мәжбүрлі тамыр ажыратуына әкеліп соғып отыр.

Атакәсібіміздіңмекені – ауылдың халін айта келіп, өскелең ұрпақтың трагедиялық тағдырыносылайша ашып көрсеткен жөн. Ықылым заманнан ауылды жерге тамырын жайғанқазақтарға урбанизациялық реформаның әлі де ауыр тиіп отырғанын,әлеуметтік-рухани азып-тозғанын тілге тиек етпеске болмас. Мұның салдарыбүгінде жерді шетелдіктерге жалға беру өзімізге жер сату дауына әкелгенінбілесіздер. Биліктен мегаполис жасаймыз, қала халқын көбейтейік деп, мысалы,АҚШ-та азғантай-ақ пайыз ауылда тұратындар бүкіл мемлекетті асырап отыр дегенурбанизация сөздерін айтады. Бұл жаңсақ пікір. Стратегияны ойласақ, керісінше, технологияныда, адамды да ауылға тарту керек.

Осындайкелеңсіздіктерді өз қолымыздан жасағанымызды қалай кешіруге болады?! Тегін жерүлестерін өз қолымен игере алмағандары ұжымдасып, кооперация құру арқылы еңбекетуге болады. Бұл іске жергілікті жердегі қоғамдық кеңес пен мәжілісдепутаттары септігін тигізуі керек, әкімшілік көмектесуі тиіс. «Жерді игерудегіең түбегейлі мәселе ретінде «Кооперация туралы» заңның қалай іске асырылыпжатқанын жер туралы комиссия қарау керегін және парламенттік тыңдау өтуі керек.Қазақстанда жерді игерудің ең тиімді жолы 2015 жылы 29 қазанда қабылданған«Кооперация туралы» заңын іске асыру тетіктері неге нашар жүріп жатыр?

«Жер туралы» заңқабылданғаннан бері қарай жер қалай пайдаланылып жатыр? Кімнің қолында? Қандайзаңдылықтар бұзылып жатыр? Жүздеген, мыңдаған гектар жер латифундистер менбайлардың қолына қалай өтті? Оның игерілмей жатқаны қаншама?

Бұл мәселеде парламенттің,жергілікті әкімшілікпен қатар, мәслихаттың, сол сияқты қоғамдық кеңестің рөлінкүшейту керек. Әкімдердің жұмысын осы «Кооперация туралы» заңын қалай іскеасыратындығымен бағалау керек, егер ақтамаса орнынан алу қажет. Сонда ғана ісжүреді. «Ауыл шаруашылығын үдемелі дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттікбағдарламасын» (бұл ұсыныс Жер кодексінің 4,6-бабына кірсін) жасау керек.

Игерілмейжатқан жерді қайтару тетігін іске асыру үшін игерілмеген жерлерге салықты 10-20еселеп көбейту өз нәтижесін береді деп талай айтып,  жаздым да. Жер-ана қазір сырқат. Жердіңқазіргі жағдайын, саламаттылығын анықтап алу үшін аудит жүргізу қажет. «Табиғатпен жердің, адамның гармониясы болған елде ғана несібе көп, бақыт бар», – депШәкәрім бабамыз айтып кеткен.

Егер елімізгетүбегейлі өзгеріс жасағымыз келсе, Жер кодексі туралы жаңа заң жасалып, ол парламенттеқабылдануы тиіс. Жерді анамыздай қастерлеп, тиімді пайдалану арқылы өзіміз деөсеміз, елімізді де көркейтеміз. Жердің құны жоқ. Ал құны жоқ жерді қалайсатуға болады?! Қазақтың коды жер десе де болады. Ұлы Абайдың әкесіҚұнанбай айтқандай: «Ел өседі, мал өседі, жер өспейді». Жердің құны жоқ. МұныК.Маркс те айтқан. Құны жоқ жерді қалай сатамыз? Жерді анамыздай қастерлеп,тиімді пайдалану арқылы өзіміз де өсеміз, елімізді де көркейтеміз.

Жер дауы көтерілгенде қазақтыңұлтжанды азаматтары, зиялылары бас көтеріп, «жерді сатпаймыз, шетелге жалғабермейміз» деп, халыққа үндеу тастадық. Олар ҚР президенті жазған тізімбойынша: Ж.Әкім, О.Сәбден, М.Шаханов, М.Әуезов, Д.Исабеков, С.Сматаев, С.Ғаббасов,М.Елеусізов, Ж.Тұяқбай, М.Өтелбаев, М.Мырзахметов, Б.Рақышев, Р.Елешев,К.Елемесов, Ғ.Қабышұлы, К.Жұмаділов, Д.Көшім, М.Тайжан, А.Сарым, М.Құлкенов,Ж.Ерман, Ә.Әлібаев, З.Баталова, Ә.Қосанов, Ғ.Хайролла, М.Тоқашбаев, Р.Жұмалы,Ж.Қалыбай, Ұ.Есдәулет, Б.Қойшыбаев, Е.Бапи т.б. ұзын саны 500-ден асатынұлтжанды азаматтар және қоғамдық ұйымдар.

Халықтың бас көтеруініңарқасында елбасы жерге мораторий жасап, жер реформасы туралымемлекеттік комиссия құрды.Мен де сол жер реформасы комиссиясының бір мүшесі ретінде біраз ауқымды жобалар мен ұсыныстаржасадым.

      Негізгі ұсынысым – жерді шетелдіктерге жалға бермей,Қазақстан азаматтарына сатпай, 49 жылға текҚР азаматтарына ғана жалғаберу арқылы кооперациялау туралы заңды және басқа да тетіктерді іске қосып, жерді тиімді пайдалануға болады. Бізге, яғни Қазақ мемлекетіне Жаратушытәңірден берген және ғасырлар бойы сақ, ғұн, түркі қағанаты т.б. хандықтар тарихында ата-бабаларымыздың қаны төгілген жерді, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан және келер ұрпаққа қалдыруморальдық   парызымыз болып  табылатын жерді ешкімге сатуға болмайды. Жер  қазақта қанша хан, бай, би болса да,жекенің меншігінде болған емес, сатылған да емес.

Қайсарлықкөрсетіп, халық қолдауына ие болған комиссия құрамындағы ұлт жанашырларының азғанатобының маңдай терінің және де аймақтарға барғандағы халықтың жерді сатуғақарсылығының арқасында ғана президент жерге бес жылға мораторий жариялады.

Жетістік болды,алайда жер мәселесі түбегейлі шешілмеді. Қазіргі жаңа қабылданған жер туралызаңда да мәселе түбегейлі шешілмей қалғанын өкінішпен айтып, наразылығымдыбілдірудемін. Мұның да дау-дамасы алда күтіп тұр. Сөз жоқ, қазақ халқының елге,жерге, ауылға деген мейірімі ерекше. Жер қазақтыкі болып қалуы тиіс. «Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніпеңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды», – дейді Абай.

Өз жерімізді тиімді игеру  мақсатында «Тың  жерді игеру арқылы Қазақ елін жаңабелеске көтеру (Қазақ өрісі)» атты жобаныұсынамын және оны іске асыру үшін ҚР парламенті «Ауылшаруашылықтық еркін экономикалық аймақ туралы» заңын қабылдауытиіс.

Әлемде болып жатқан жаңақұбылыстарды, күрт өзгерістерді, ХХІ  ғасырдың  цивилизациялық   дамуын ескере отырып Қазақстан тек өзін ғанаемес, сонымен қатар дүниежүзінде 1,3 млрд ашаршылықта жүрген халықтың белгілі бір мөлшерінде азық-түлікпен, малөнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар және соған үлес қосу үшін осы жобаны іске асыруға бел байлауға болар еді.

Қытайменшекаралас жатқан Алматы облысы, Жетісу алқабында, Іле ойпаты, Балқаш көлі,Алакөл, Зайсан көлі аумақтарын қоса, Шығыс Қазақстан облысында және тағы басқаөңірлерде өте құнарлы жер аймақтары бар, суармалы, шөпті таулы жайылымдары,үлкен-үлкен жүздеген шақырым белдер, «оазис» жерлерді азық-түлік өсіруге, малөнімдерін жасауға т.б. дақылдарменайналысуға әбден болады. Осы аумақтарда еркінауылшаруашылықтық экономикалық аймақ құрып, еліміздегі мыңдаған жастардытың игеруге жұмылдырып, «Қазақөрісі» атты жобаның негізінде мынадай іс-шаралар жасалса:

Біріншіден,  бұл  жерлерді мемлекеттік қолдау арқылы«Еркін экономикалық аймақ» жасау керек, инфрақұрылымды құру қажет, тұратын үйлер, материалдық-техникалықбазалар салу, тағы басқа іс-шараларкерек. Бұл туралы парламентте арнайы заң қабылдау қажет. Инвестиция салуға, несие, салық жүйесіне жеңілдіктер беру керек.Үкіметпен бірге облыстарда жердіигеру бағдарламасын жасау керек.

Екіншіден, сонымен қатар ол жерлерді игеруге оңтүстік өңірден(мысалы, Түркістан облысында 3 млн-ға жуық халық тұрады,жұмыссыздық көп) т.б. республикамыздың халқытығыз жерлерден 500 мыңға жуық халықты, әсіресе жастарды (Советтер ОдағындағыБАМ, Целинаны игергендей)  осы  жаңа мегажобаны игеруге жұмылдыру қажет. Израильдың дүниежүзіне белгілітәжірибесін пайдаланып, Кибуцтержасалсын.Баяғы БАМ-ды, Целинаныигерудей кешенді істер болса. Мұндаймәселеде халықтың да патриоттық сезімі көтерілер еді. Жаңа ауылда жастар жаңаөмірді бастар еді. Жастар кооперациясы құрылсын.Ең маңыздысы, басқа елдермен шекараласжерлерді игеру  арқылы  қауіпсіздігіміз де артар еді. Оларғакөтеріңкі жолақы, жөнді жалақы беріп, барғанжерде барлық жағдайжасалса. Жастар еліміздікөтеруге, Отан алдындағы патриоттық борышын жете түсініп, жастар дақанаттанып жаңа өмірді «Қазақ өрісінен» бастар еді.

Үшіншіден, бұл жобаға «Ауылға асар» ретінде Қазақстанның қалталы азаматтары, меценаттары,облыс, аймақ болып, жалпы халық болып септігін тигізсе игі іс болар еді. Бұлмегажобаның қаражаты әртүрлі саладан құралуы мүмкін. Олар: мемлекеттік, республикалық,жергілікті бюджеттер, бай-қуатты бизнесмендердің өздері іс жасау, жоба игеру инвестициясы, шетелинвестициясы, асар ретінде, заңды және жеке тұлғалар, жалпы, Қазақстан халқыныңкөмегі ретінде арнайы «Қазақ өрісі» аттықор құру қажет.

Төртіншіден, бұл жобаның геосаяси мәні бар екенін де естен шығармау қажет. Қазақстанның қауіпсіздік мәселесі әр уақытта бірінші кезекте тұруытиіс. Келешекте демографиялық өсуге де жақсы мүмкіндікболар еді. Егер ата-бабаларымыз сонау ақтабаншұбырындыдан бастап, ашаршылықтан, тағы басқакері саясаттың салдарынан шетелге тау асыпкетсе, енді сол құнарлы жерлерімізді олардың немере-шөберелерінің игеруге беталуы үлкен құбылыс болар еді.

Бесіншіден, осындай еркін экономикалық аймақтардыРесеймен шекаралас облыстарда құрса. Мысалы, Өзбекстанмен шекаралас жатқан оңтүстікөңірлерде құру керек. Мұнда негізгі басымдықты жеміс-жидек, көкөніс, мақтаөндірісімен бірге, мал өнімдеріне де берген жөн болар еді. Шағын және ортакәсіпкерліктің жұмыссыздықты жоюдағы рөлі өте жоғары. Ол үшін ауылды мекендердежұмыс орындарын құруға арналған «Шағын және орта бизнесті үдемелі дамыту»жөніндегі арнайы бағдарлама қабылдаған жөн.

Алтыншыдан, енді қазақтың, қазақстандықтардың ұлттық  проблемасын басқа  біреулердің  мойнына артпай  (25 жылға жерді жалғаберейік, мысалмен айтқанда, солар асырасын демей), «екі қолға бір күрек»демекші, өзіміз шешуіміз керек. Егемендік алғалы 30 жылда қабырғамыз қатты,дүниежүзіне белгілі ел болдық, мүмкіндігіміз де бар. Енді жалтақтаудың жөніжоқ. Барлығы тек халықтың бірлігінде, рухани-патриоттық күш-жігерінде. Міне,бұл – халықты оятатын жоба, лайым солай болғай.

Жетінші, бұл жобада тағы басқа тетіктеркөрсетілген. Жерді игеру жобасы арқылы Қазақ елін жаңа белеске көтеруқажет. Бұл Қазақстан халқының жаңа амбициясын көрсетер еді. Мәселе саяси шешімде,халықаралық имидж үшін бұл жобатікелей ҚР президенті Қ.Тоқаевтың патронажында болғаны абзал.

Үкімет 13 жылдан бері заң бойыншауәде беріп келе жатқан 10 сотық, 25 сотық жер учаскелерінжәне ауыл тұрғындарына уақтысындаберілген 1-10 га дейін жер телімдері(үлестері), тез арада осылардың бәрі халыққатегін берілсін. Алжергілікті әкімшілік өкілдері тікелей іске асырсын. Осы іс-шаралардыңіске асырылуын БАҚ жариялы түрде үнемі халыққа ашық хабарлап отырсын.

ҚР президентінетікелей бағынатын, еліміздегі жер ресурстарының барлық түрлерін рационалды жәнетиімді пайдалану тұрғысынан ҚР жерресурстарын басқару жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік агенттікті қайтаданқұружәне оның басшысынапремьер-министрдің орынбасары лауазымын беру.

Қазір бізде ауылға барып жұмысістейтін кәсіби мамандар дайындаукезек күттірмейтін міндет болып отыр. Осы тұста жастарға айтарым, ауылшаруашылық мамандықтарын таңдау, азық-түлік,мал кәсіпкерлігімен айналысу –бұл ескі дәстүр емес, қайта артықшылық. Текатына қызығып, жаппай экономист, заңгерболғанша, атакәсіп – мал, егін шаруашылықтарын игеріп, бай-бақуатты күн кешугеәбден болады. Жастар барынша рационалды болғаны дұрыс. Сонда ауылдың да еңсесі көтеріледі, еліміздің деазық-түлік қауіпсіздігі күшейеді. Ауылға көмек тек ауылдағылардыңеншісі болмауы керек. Оны үкімет, парламент, зиялы қауым, бүкіл ел ойлауы қажет.

Қазақша айтқанда, ауылға асар қажет.Өткенді еске алсақ, бәріміз ауылдан шықтық.  Оқып  жүргенде ақша  да,  ет те, сүт те, құрт та ауылдан келетін. Ендіқаладан ауылға таситын жағдай туындады. Қайтарымы болуы керек емес пе?Инвестицияны да ауылға қарай бұру қажет. Солауылда туып-өскен, қазір қалада білімді, өнерде жүрген, спорт саласындағы, бизнесі бар т.б. азаматтар бірігіп, демеуші ретінде өзауылына көмек берсін. Ауылға қаражат тарту үшін әр аудандабиліктің пәрменімен ақыл-кеңесберетін орталықтар құру керек. Олар несиені қалай алу, бизнес-жоспарды қалай жасау,кіші кәсіпорынды қалай ашу, кәсіптінеден бастау т.б. ауылды дамытатын іс-шаралар ұйымдастырып, ауыл тұрғындарын жұмыспен толық қамту үшінқызмет етуі керек.

Әр аудан әкімшілігі сол жерденшыққан, бірақ шет жақта жүрген азаматтардың басын қосып, бағдарламалар жасап, ауылды қалай дамытамыз дегенұсыныстармен шықса, игі іс болар еді. Қазақта елге, ауылға деген рухани мейірімжеткілікті. Сондықтан осы бастаманы қолға алып, жаңа мүмкіндікті іске қосқанжөн. Сонда ғана туған ауылына келген әр азаматтың еңсесі түспейтін болады.

Сөз соңындаайтарым, біздің келешегіміз бір аламан бәйге, алда келе жатқан екі тұлпардыңжарысы сияқты. Бір жағынан, көз ілеспей дамып келе жатқан жаңа технология,екінші жағынан, біздің ақыл-ойымыз, парасатымыз, рухани құндылығымызбен қатар,ауылды көркейту, киелі жерді игеру. Ең дұрысы, осы екі тұлпарды жеке-жекежібермей, бір арбаға жегіп жарыссақ озар едік.

Қазақтыңсөзімен айтсақ, ауылға асар керек. Бәріміз ауылдан шықтық, тегіміз ауылболғандықтан, мұндайда ешкім шетте қалмауы керек. Мысалы, біздегі «Форбс»журналындағы 50 ең бай миллиардерлеріміз бен миллионерлеріміз, оның ішінде атапайтсақ: Б.Өтемұратов, В.Ким, Т.Құлыбаев, Д.Құлыбаева, А.Ибрагимов, Р.Сарсенов,К.Ракишев, Н.Смағұлов, Қ.Боранбаев, Д.Абулғазин, С.Сейтжанов, А.Нуриева, РБалаов, З.Кәкімжанов, тағы басқалар ауылға аса көңіл бөліп, бір-бір ХХІғасырдың жаңа ауылдарын салып, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, зауыт-фабрикаларсалып, әсіресе мал өнімдері мен азық-түлік тауарларын өндіріп, тек өзіміздіғана емес және әлемдік нарық жүйесіне шығаруға атсалысса.  Ең басты мәселенің бірі – тез арада осы уақытқадейін қабылданбай жүрген «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңын қабылдауқажет. Үкімет ауылды аймақтарымен дамыту стратегиялық бағдарлама қабылдауыкерек.

Ауылға көмектек ауылдағылардың еншісі болмауы керек. Оны үкімет, парламент, зиялы қауым,бүкіл қоғам, ел болып ойлауымыз қажет. Ауылдан шыққанымыз рас болса, ауылғақазір бет бұрсақ, дамытсақ, ертең әлемдегі ауыл шаруашылығы озық ел болуғамүмкіндігіміз бар. Мұны ататегіміздің тереңде жатқан, ертеде мықты империя, түркіелі болғанымыздың, бүгінгі сол елдің ұрпағының ХХІ ғасырдағы жаңа амбициясы депәлемге түсіндіру біздің парызымыз деп білейік.  

ОразалыСӘБДЕН,

Қазақстан Ғалымдародағының президенті,

ҚРМемлекеттік сыйлығының иегері, академик