Автобиография

Автобиография

 

О.САБДЕНнің өмірбаяны

Оразалы Сәбден 1947 жылы 20 мамырда Тастұмсық ауылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

1964 ж. орта мектепті бітірді. 1970 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химиялық-технологиялық институтын автоматтандырудың инженер-технологы мамандығы бойынша тамамдады.

1971–1973 жж. Шымкент қорғасын зауытында инженер-электрик,
«Қазмонтажавтоматика» трестінде инженер.

1973–1990 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының инженері, аға экономисі, кіші ғылыми, аға ғылыми және бас ғылыми қызметкері.

1978 ж. экономика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

1986-1987 жж. Мәскеуде, КСРО ғылым Академиясының экономика
институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ал 1989 жылы докторлық диссертация қорғады, 1999 жылы профессор атағын алды.

1990 ж. Жоғарғы Кеңестің депутаты және төрт рет ҚР Парламенті депутат болып сайланды. ҚР Жоғары Кеңесінің ғылым және білім комитетінің төрағасы (1990 ж.); экономикалық реформа комитетінің төрағасы (1994 ж.); 

 

ТМД мемлекеттерінің парламентаралық Ассамблеясының мәдениет, ғылым, білім және ақпарат комитетінің тең төрағасы (1995 – 2001 жж.);

Қазақстан инженерлер одағы қоғамдық-саяси қозғалысының ұйымдастырушысы және төраға орынбасары болды.

2001–2003 жж. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университетінің президенті болып жұмыс істеді. 

 

2004 ж. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының профессоры, «Қазақстан – АҚШ» анализ жасау және болжау институтының құрылтайшысы және президенті.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ғалымдар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің негізгі ұйымдастырушысы және президенті.

2006–2012 жж. ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры.

2012 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Экономика институтындағы
«Экономикалық саясат және жаһандану» орталығының жетекшісі, бас ғылыми қызметкер.

2024 жылдан бастап ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты Бас директорының кеңесшісі.

1992 ж. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының және Халықаралық
инженерлік академиясының академигі (Мәскеу қ.), 1996 ж. Жоғарғы мектеп Халықаралық ғылым академиясының және ҚР Жоғарғы мектебі ғылым академиясының академигі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, «ҚР Білім беру үздігі» (1998 ж.), 2010 ж. ҚР жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық академиясының академигі, 2014 ж. Халықаралық инноватика академиясының академигі, 2015 ж. Халықаралық жаһандық зерттеу академиясының академигі (Мәскеу қ.), 2017 ж. Ресей жаратылыстану академиясының академигі.

 

Жалпы көлемі 1000 жуық ғылыми еңбегі бар, соның ішінде 100 монографиясы мен кітаптары жарық көрді. Жас ғалым ретінде ғылыми еңбектеріне 1980 жылы ғылым және техника жөнінде Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 

 

2003 жылы «Қазақстанда нарық экономикасының дамуының концептуалды негіздері» атты 11 монографиялық ғылыми еңбектеріне ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

 

О.Сәбденнің негізгі ғылыми ізденістері оның таяуда жарық көрген 30 томдық «Экономика: таңдамалы еңбектерінде» баяндалған. Олар мына мәселелерге арналған: ұлттық экономиканы басқару; бәсекелестік экономика; инновациялық және интеллектуалды экономика; өнеркәсіптің тиімділігін арттыру; нарық экономикасының теориясы мен әдістемесі; логистика; шағын және орта бизнесті дамыту; ғылым, білім және инфрақұрылымдық мәселелер;
XXI ғасыр және одан кейінгі ғасырдағы адамзаттың өмір сүру жолы; жер шарындағы өмірді жүйеге салу; қоғамның рухани даму және жаһандану мәселесі;
мемлекетті «бестік спираль» негізінде басқарудың жаңа парадигмасы;
Қазақстанда парламентаризмді дамыту және оны жаңа заңдармен қамтамасыз ету және т.б..

Автордың 50 жыл бойы іргелі және қолданбалы ғылыми ізденістері
Үкіметтің 1973-2024 жылдардағы ғылыми гранттық бағдарламаларда көрсетілген.

Автор ғылыми ізденістерінің нәтижесі бойынша ҚР Президенті және Үкімет атына бағытталған 47-ден астам концептуалды ғылыми ұсыныстар берді. Олардың көпшілігі іске асты, қалған бөлігі өз уақытын күтуде. Солардың ішінде жүзеге асқандары: Жаңа экономикалық саясат концепциясы-1995ж ; Шет елдерге жас маман, кадр дайындау-1991ж; Президент жанынан ғылым мен техника саласында Жоғарғы консультативті Кеңес құру-1992, 2022ж.; Кіші кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы-1996ж; Экономикалық реформаны жеделдету-1997ж; 
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігі-2007 ж. Түркістанды рухани жаңғырту 2012 ж., Абай облысын, Абай академиясын ашу 2018 ж., Ұлттық Кеңес 2019 ж., Ұлттық Құрылтай 2022 ж., Ұлттық ғылым академиясына Мемлекеттік статус беру, Президент жанынан ғылым кеңесін ашу 2022 ж. т. б.

ТМД мемлекеттері бойынша Парламентаралық Ассамблеяда комиссияның тең төрағасы ретінде көптеген моделді заңдарды қабылдауға ат салысты (1997-2001 жж). Қазір Ресей Ғылым академиясының жанынан құрылған Еуразиялық экономикалық интеграция, модернизация, бәсекеге қабілеттілік пен тұрақты даму ғылыми кеңесінің мүшесі, ЕурАзЭС-тың жаңа технология комиссиясының мүшесі, МПА-ның ғылым, білім комиссиясына ұсыныстар беруде. 

 

ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының құрмет грамотасы (1997 ж.), ҚР Президентінің алғысы (1997 ж.)., 

Ресей мен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтудағы ерен еңбегі үшін М.Ломоносов орденімен (Мәскеу қ. 2007 ж.) марапатталған.

Ғылым мен әлемдік экономиканың дамуына қосқан ерен еңбегі үшін келесідей медаль, ордендермен марапатталды:
Нобель сыйлығының лауреаты Сайман Кузнец атындағы алтын
медальмен;
– В.И.Вернадский атындағы орденмен;
– Нобель сыйлығының лауреаты В.Леонтьев атындағы күміс
медальмен;
– Kultegin алтын медалімен №003.
– Құрмет ордені.
Академик О.Сәбден – өз Отанының патриоты ретінде, Қазақстан халқының дамуы үшін, түрлі қиындықтарға қарамастан, өз ұстанымынан таймаған Халықаралық деңгейдегі белгілі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері. Мысалы, О.Сәбденнің тікелей басшылығымен Мемлекеттік тіл «қазақ тілі» туралы жаңа заң жобасы жасалып, Елбасына жіберілген болатын. Жер тағдыры мәселесі көтерілуіне, әсіресе, жерді шетелге жалға бермей, өз азаматтарымызға сатпай, тек ұзақ жылдарға жалға беру арқылы игеруге тікелей септігін тигізген. Жер реформасы туралы мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде заңдарға өзгерістер енгізу, тың жерді игеру, кооперация құру жобаларын Үкіметке ұсынды.

 

«Түрік халықтары тарихының келбеті» альбом идеясының (2003 ж.), сондай-ақ өз қаражатына тұрғызылған «Түркібасы Әулиесі» (2004 ж.) тарихи монументінің авторы. «Жаралы сезім» (2008 ж.), «Әйгерім» (2015 ж.), «Жақсы адам» (2014 ж.),
«Жер» (2017 ж.) көркем фильмдер идеясының авторы, соңғы екі фильмнің сценариінің авторы.

Еркін күрес бойынша СССР спорт мастері, Қазақстан чемпионы.

 

 

Краткая биография академика О.САБДЕНа

 

Оразалы Сабден родился 20 мая 1947 года в селе Тастумсык Тюлькубасского района Южно-Казахстанской области Казахской ССР.

Окончил Казахский химико-технологический институт (1970 г.). Доктор экономических наук (1989г.). Профессор (1999 г.), академик МИА и НИА РК (1992 г.), академик АН ВШ РК и МАН ВШ (1996 г.),

академик МЭА «Евразия» (1998 г.), академик Казахстанской национальной академии естественных наук (2009 г.), президент республиканского общественного объединения «Союз ученых» (2006г.). 

1970-1973 гг. – работал на Чимкентском свинцовом заводе, в тресте «Казмонтажавтоматика».

1973-1990 гг. – старший экономист, младший, старший, главный научный сотрудник Института экономики АН Казахстана.

 

1990-2001 гг. – четырежды избирался депутатом Мажилиса Парламента Республики Казахстан. Председатель комитетов по экономической реформе , по вопросам развития науки и народного образования.

2001-2003 гг. – президент международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А. Ясауи. 

2004-2006 гг. – профессор КазАТК им. М. Тынышпаева, президент Института анализа и прогнозирования «Казахстан – США».

2006-2012 гг. – директор Института экономики МОН РК.

С 2012 г. – руководитель научного центра, главный научный сотрудник Института экономики МОН РК.

Автор около 1000 научных публикаций, в том числе 100 монографий и учебников.

 

В условиях международной интеграции науки и образования он большое значение придает международному сотрудничеству с ведущими зарубежными научными и образовательными центрами США, КНР, Турции, ЕС, СНГ, достойно представляя экономическую науку Казахстана за рубежом. Являясь одним из руководителей постоянной комиссии по науке и образованию, культуре и средствам массовой информации Международной ассамблеи стран СНГ, внес значительный вклад в законодательное обеспечение

реформирования экономической системы в странах СНГ. 

Член Научного совета РАН по комплексным проблемам евразийской экономической интеграции, модернизации, конкурентоспособности и устойчивого развития, созданного по приказу президента Российской академии наук (№ 296 от 18.09.2012 г.), член комиссии по новым технологиям ЕврАзЭС (с 2010 г.),

действительный член Международной инженерной академии, Международной академии высшей школы, Международной академии инноватики и Международной академии глобальных исследований (2015г.), РАЕН (2018)

 

В настоящее время разработал ряд крупных международных проектов:

– Создание нового духовно-технологического кластера «Тур кес танс кая долина».

– Метод определения единого универсального измерения валюты для всего мира в виде «мощности», т.е. отношение кВт/валюта.

– Новая глобальная мировоззренческая модель мирового порядка.

– Гуманизация общества и безопасность – основы нового мирового порядка.

– Конструкция стратегии выживания человечества в XXI последующих веках.

– Новая парадигма управления общественным строем на основе 5-ной спирали.

 

Является автором идеи альбома «Панорамы истории тюркских народов» (2003 г.), а также исторического монумен та «Түркібасы Әулиесі» (2004 г.), построенного на его средства. Автор идеи и сценариев художественных фильмов «Разбитое чувство» (2007г.), «Хороший человек» (2014 г.), «Жер» (2016 г.).

 

Лауреат премии Ленинского комсомола в области науки и техники (1980 г.), лауреат Государственной премии Республики Казахстан в области науки, техники и образования (2003 г.). 

 

За выдающиеся заслуги в области укрепления научного сотрудничества между Россией и Казахстаном в 2007 г. Советом безопасности России награжден орденом М.В. Ломоносова. Имеет медаль имени выдающегося ученого В.И. Вернадского.

– Золотая медаль лауреата Нобелевской премии Саймона Кузнеца;

– Орден имени В. И. Вернадского;

– Серебряная медаль лауреата Нобелевской премии В. Леонтьева;

– Золотая медаль Kultegin № 003.

– Орден “Құрмет”

Мастер спорта СССР по вольной борьбе, чемпион Казахстана

 

Личные фотографии

Личные фотографии

Дипломы

Дипломы

Награды

Оразалы Сәбденге арналған өлең. Өлеңнін аты “ЖАҚСЫ АДАМ”